АУДАН ӘКІМІ БАСТАҒАН МОБИЛЬДІК ТОП КӨПТОҒАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ...

4 қазан күні аудан әкімі Б.Күзембаева, аудан прокуроры Ә.Балғазин және де құқық қорғау органдары басшылары мен жергілікті өзін-өзі басқару құрылымдары жетекшілері Көптоғай ауылдық округі тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында жергілікті полиция қызметінің басшысы А.Таласқалиев өз саласы бойынша Көптоғай ауылдық округі бойынша 9 айдың қорытындысына тоқталса, ауылдық округ әкімдері мен мен учаскелік полиция инспекторының жергілікті жердегі құқық бұзушылықтың алдын алу, тұрғындардың өтініштерімен жұмыс, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөнінде баяндамалары тыңдалды.