ҚАРТТАРЫМ - АСЫЛ ҚАЗЫНАМ!!!

29 қыркүйек күні аудандық орталық кітапханада кітапхана және демалыс орталығының ұйымдастыруымен 1 қазан қарттар күні мерекесіне орай оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата-бабасын ұмытпай сақтау үшін салт дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу және карттарға құрмет көрсету мақсатында "Ардагерлер", "Замандас" және "Сұңқар" клубтарының қатысуымен "Қарттарым - асыл қазынам" атты кездесу кеші өтті. Кеш барысында ардагерлерге арнап балалар өлеңдер оқып, бейнеролик көрсетілді. Сұрақтарға жауап беріліп, әзіл қалжың, ән салынды. Музыка мектебінен келген С.Есенов күй орындаса, Т.Омаров терме орындады. Мәдениет үйінің әншісі Б.Ешпанов К.Әзірбаевтың 1 жастан 100 жасқа дейін деген әнін орындап ата-әжелеріміздің көңілін бір серпілтті.