ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯ ЖӘНЕ ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕРМЕН БАЙЛАНЫС ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС МӘЖІЛІСІ...

2 қазан күні аудан әкімі Б.Күзембаеваның төрағалығымен өткен кеңес мәжілісінде: 1) Мәдениет саласы бойынша діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша өткізілген шаралар туралы; 2) Оқугылар мен жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында оларды спорт секцияларына тарту және спорттық шараларды ұйымдастыру туралы; 3) Дәстүрлі емес діни бағыттағылармен жүргізілген жеке жұмыстар және әлеуметтік желі арқылы жастарға дұрыс тәрбие беру мақсатында жұмыстарды ұйымдастыру туралы; 4) Діни аxуалды тұрақтандыру мақсатында Қайыңды, Саралжын ауылдық округтерінде атқарылған шаралар туралы; мәселелер жөнінде баяндамалар тыңдалып, талқыланып, тиісті мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне тапсырмалар берілді.