АҚЫЛ КЕНІН АРАЛАҒАН АСЫЛДАР...

Қыркүйек айының 30 жұлдызында Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінде ұстаздар күнімен тоғыса келген "Ақыл кенін аралаған асылдар" атты қарттар күні аталып өтті. Мерекеге мектеп зейнеткерлері шақырылып, дастарxан басында көңілді отырыс болды. Мектеп директоры М.С. Жонисова асыл қазыналарымызды мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Кеш барысында қонақтарымыз мектеп қабырғасын еске алып, ардагерлеріміз жастық дәуренге саяxат жасап ломбада , лезгинка билерімен әдемі отырыстың сәнін кіргізді. Мерекенің көңілді өтуіне мектеп жастарының "Достық " қоғамдық бірлестігі үлесін қосты.