Ұлы Жібек жолында Жаңғырған Көкжар жәрменкесіне 150 жыл

Көкжар жәрмеңкесі көптеген қызықтарымен есте қалды. Сай астында ағаш үйлерден ауыл тізіліп, қазақы дәстүрмен өтті. Онда спорттық ойындар аударыспақ, теңге ілу, қазақша күрес бойынша сынға түсті . Мерекенің қызықты сәті аламан бәйге болды. Бәйгенің жүлдесі атан түйе. Маңғыстаулық ағайындарынан әкеліп қосқан Сүйіндік Өскінбаевтың аты бірінші келіп, бас бәйгенің иесі атанды. Бейнеуліктердің бабы келіскен тұлпары соңғы айналымдарда топтың алдын бермей қойды.