Жақсыдық Тілеуші

Сіздің атыңыз: Жақсыдық Тілеуші
Сіздің e-mail: den.wany@mail.ru
Сұрақтың тақырыбы: Мәдениет
Өтініш білдіру мәтіні:Ойыл селосында подземный ход бар деп естідім, егерде сол рас болса неге оны
зерттемеске, Республика көлемінде тиісті маммандарды шақырып, ауданымыздың көркейуіне үлкен үлес болар деп есептеймін, Сонымен бірге кішкене ұсыныс ретінде мектеп аулаларындағы өсіп жатқан талдарды қимаса екен деймін ешқандай тоққа зияны жоқ жылмыйтып қиып тастайды ұсқынсыз қылып әсіресе Көкжар көшесіінің бойында. Соңғы өтінішім орталықта ашық мұз айдыны алаңы жасалса жақсы болар еді ұлкен қылып, қыста коток жазда футбол
алаңы қылып пайдалануға болатын стандартқа сай. Алдын ала рахмет Келе
жатқан мерекеңізбен

Құрметті Жақсыдық Тілеуші !
1.Ойыл селосында Б.Жолмырзаев және Көкжар көшелері бойында орналасқан көне қызыл кірпіштен салынған ғимараттарды жалғастыратын жерасты жолдары бар. Бүгінде ғимараттар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жабылған. Алдағы уақытта арнайы мамандар арқылы зерттеу мүмкіндігі қаралатын болады.
2.Аудан көшелерінде, мектеп аулаларында өсіп тұрған қарағаш ағаштардың бұтақтарын қию жұмыстары, ағаш бұтақтарының қурауын болдырмай, қалыңдап өсіруге мүмкіндік береді. Қосымша ағаш отырғызу, когалдандыру жұмыстары жоспарлануда.
3.Қысқы спорт түрлерін дамыту мақсатында аудан орталығында ашық мұз айдыны мен хоккей корды құрылысы үшін жер учаскесі белгіленіп, ауданның аумақтық даму бағдарламасына енгізілді. Алдағы уақытта қаржы іздестіріліп, мұз айдыны құрылысы үшін жобалау-сметалық құжаттарын жасақтау шаралары қабылданатын болады.
Жазғы спорт түрлерімен шұғылдануы үшін бүгінгі таңда аудан орталығында 4 жасанды жамылғылы ашық спорт (футбол, волейбол) алаңдары салынып пайдалануға берілді.
Сіздің ауылымыздың дамуына алаңдаушылық білдіріп, ұсыныс білдіргеніңізге алғысымды білдіремін.
Категория: 
Культура