МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ
Қызметтің атауы
Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беруұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау
Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган
Мемлекеттік қызметті балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Қызметтің тұтынушылары Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мекеме
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Заңды тұлғалар
Тегін
Қызмет көрсету мерзімі
1) құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 30 (отыз) минут; 2) құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күту уақытының барынша ұзақтығы – 15 (он бес) минут;3) қызмет көрсету уақытының барынша ұзақтығы – 15 (он бес) минуттан аспайды.
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін нысаны
Қағаз түрінде
Жұмыс кестесі
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесі бойынша демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
Қажетті құжаттар
1) еркін нысандағы өтініш; 2) баланың жеке басын куәландыратын құжат; 3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 035-2/У нысаны бойынша медициналық анықтама.
Мемлекеттік қызметтің нәтижесі
білім алушыны ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің өтініші негізінде балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымына қабылдау.