«Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлікобъектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру»мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Қызметтің атауы
Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлікобъектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру
Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган
Мемлекеттік қызметті республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың сәулет және қала құрылысы бөлімдері (басқармалары) көрсетеді
Қызметтің тұтынушылары
Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы
Электронды(жартылай автоматтандырылған) және(немесе) қағаз түрінде.
Қызметтің көрсетілетін тәртібі
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №257 "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру", "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" және "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы » бұйрығымен бекітілген стандарты негізінде көрсетіледі.
Қажетті құжаттар
1) порталға: жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау үшін: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) Мемлекеттік корпорацияға: жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау, мекенжай беру және мекенжайын жою бойынша анықтама алу үшін: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін); жылжымайтын мүлікке құқықтары (ауыртпашылықтары) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамасы (анықтаманы ақпараттық жүйеден алу мүмкіндігі болса – қажет емес); жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай (алдын-ала) беру бойынша анықтама алу үшін: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін); жер учаскесін құрылыс мақсаттарына ұсыну туралы жергілікті ақтарушы органның шешімі немесе төменде көрсетілген құжаттардың бірі: сәйкестендіру құжаты; шарт (алдын-ала, инвестициялау, сатып-алу); мұрагерлік құқық туралы куәлік. Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыдан талап етуге жол берілмейді.
Қызмет көрсетілуінің нәтижесі
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау, беру, жою туралы анықтама болып табылады