МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ
Қызметтің атауы
Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру
Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган
Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандар мен қалалардың білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Қызметтің тұтынушылары Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мекеме
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Заңды тұлғалар
Тегін
Қызмет көрсету мерзімі
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап: жолдама беру бойынша – он бес жұмыс күні;
2) көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минут;
3) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минут.
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін нысаны
Қағаз түрінде
Жұмыс кестесі
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушыны алдын ала жазу және жеделдетіп қызмет көрсету қарастырылмаған.
Қажетті құжаттар
1) өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
3) баланың тууы туралы куәлігінің көшірмелері (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан мемлекеттік қызметті алушылар санаты үшін көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар тарапынан ұсынылатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;
5) табысы туралы мәлімет (ата-аналардың немесе оларды алмастырушы адамдардың еңбекақылары, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түскен табыстары, балаларға төленетін алимент түріндегі және қарауындағы басқа да адамдардың табыстары, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі өмір сүру деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылар табыстары)
6) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыда тәрбиеленетін балалар үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы уәкілетті органның шешімі.
7) отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеріп-қарау негізінде, сондай-ақ қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін басқа да қажетті құжаттар негізінде қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуға тегін жодама беру туралы білім беру ұйымдары алқалы басқару органдарының шешімінің көшірмесі;
Мемлекеттік қызметтің нәтижесі
қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама.