Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта,жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгібілім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарыныңпедагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларғабіліктілік сан

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ
Қызметтің атауы
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта,жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгібілім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарыныңпедагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларғабіліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттауданөткізуге құжаттар қабылдау
Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдары, мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары
Қызметтің тұтынушылары Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мекеме
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Заңды тұлғалар
Тегін
Қызмет көрсету мерзімі
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 20 минут. 1) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут; 2) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін нысаны
Қағаз түрінде
Жұмыс кестесі
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.00, 18.30-ға дейін.
Қажетті құжаттар
1) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес аттестаттауға өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі; 3) білімі туралы диплом көшірмесі; 4) біліктілікті арттыру туралы құжат көшірмесі; 5) қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжатының көшірмесі; 6) бұрын берген біліктілік санаты туралы куәлік көшірмесі (жоғары білім беру ұйымдарынан ауысқан және біліктілік санаттары жоқ педагог қызметкерлерден басқа); 7) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 7 тамыздағы № 323 бұйрығымен бекітілген Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шартын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шартына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 28 тамызда № 8678 болып тіркелген) кәсіптік жетістіктері туралы мәліметтер (болған жағдайда).
Мемлекеттік қызметтің нәтижесі
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.