МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ
Қызметтің атауы
Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау
Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган
Мемлекеттік қызметті арнайы білім беру ұйымдары, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Қызметтің тұтынушылары Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мекеме
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Заңды тұлғалар
Тегін
Қызмет көрсету мерзімі
1) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап: арнайы білім беру ұйымына, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау үшін — 30 тамыздан кешіктірмей, бірінші сыныпқа — 1 шілдеден бастап 30 тамыз аралығында. 2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 15 минуттан аспайды; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минуттан аспайды.
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін нысаны
Қағаз түрінде
Жұмыс кестесі
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. Өтініш қабылдау және нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін атқарылады. Алдын ала жазылу және жеделдетіп қызмет көрсету қарастырылмаған.
Қажетті құжаттар
1) көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (заңды өкілінің) арнайы білім беру ұйымына, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау туралы (еркін нысанда) өтініші; 2) көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (заңды өкілінің) жеке басын куәландыратын құжаты; 3) көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігінің көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы); 4) көрсетілетін қызметті алушының дамуындағы психофизикалық бұзылысының бар екендігін дәлелдейтін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы
Мемлекеттік қызметтің нәтижесі
арнайы білім беру ұйымына немесе бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылданғаны туралы бұйрық.