МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ
Қызметтің атауы
«Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне кредиттер бойынша кепілдіктер беру
Қызметті көрсететін мемлекеттік орган
Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мекеме
Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі;
2) «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының кеңсесі (бұдан әрі – қаржы агенттігі);
3) 180 миллион (бұдан әрі – млн.) теңгеден артық емес кредиттер бойынша www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Қызметті алушылар
жеке және заңды тұлғаларға
Қызметтің құны
ақылы негізде
Көрсетілетін қызметті алушы Кепілдік беру шартына қол қойғанға дейін қаржы агенттігіне кепілдікті беру үшін кепілдік беру мерзіміне байланысты: 2 (екі) жылға дейін қоса алғанда - кепілдік беру сомасыннан 0,05 %; 2 (екі) жылдан астам - кепілдік беру сомасынан 0,1 % төлейді.
Қызмет көрсету мерзімі
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырғаннан кейін:
1) 180 млн. теңгеден жоғары кредиттер бойынша – қаржы агенттігі екінші деңгейдегі банктен/Даму банкінен (бұдан әрі – Банк) құжаттарды алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде.
Ұсынылған құжаттарға қатысты ескертулер және/немесе қосымша ақпарат беру қажет болған жағдайда, анықталған ескертулер және/немесе ақпаратты беру туралы сұратуды көрсетілетін қызмет беруші оларды жою үшін 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.
2) 180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша - қаржы агенттігі Банктен құжаттарды алған күннен бастап – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
Егер көрсетілетін қызметті алушы мен қаржы агенттігінің кепілдігімен алынған кредиттер бойынша онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың жиынтық берешегі 180 млн. теңгеден асатын болса, онда бұдан кейінгі жобаларды қарау 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
– веб-портал қаржы агенттігі Банктен құжаттарды алғаннан кейін – 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде.
Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған және/немесе қосымша ақпарат беру қажет болған жағдайда, анықталған ескертулерді және/немесе ақпарат беру туралы сұратуды қаржы агенттігі жою және/немесе ақпарат ұсыну үшін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Банкке жолдайды. Бұл ретте, қаржы агенттігінің құжаттарды қарау мерзімі жаңартылады.
Банк қаржы агенттігіне көрсетілетін қызметті алушыдан «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық өтінім алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, қаржы агенттігі көрсетілетін қызметті алушыға кепілдік беру туралы мәселені қараудан бас тартады.
3) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 30 (отыз) минут;
4) рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 1 (бір) сағат.
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін нысаны
электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Жұмыс кестесі
қаржы агенттігі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00.-ден 15.00-ге дейін.
жергілікті атқарушы органдар – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 8.30, 9.00-ден 18.00, 18.30, 19.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру кестесі:
қаржы агенттігі сағат 13.00-ден 15.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырады;
жергілікті атқарушы органдар сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүргізіледі.
Веб-портал – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс күні аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Қажетті құжаттар
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге қажетті құжаттар тізбесі:
180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес қатысуға арналған өтініш;
2) кәсіпкердің кепілдік сомасы есептелген кредит алу мүмкіндігі туралы Банктің оң шешімі бар хаты;
3) көрсетілетін қызметті алушының кредит бюросына ақпарат беруге және кредит есебін алуға келісімі (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3, 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша);
4) көрсетілетін қызметті алушының қаржы агенттігімен жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісімі (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша);
5) кепілдікті тарту туралы шешім қабылдаған көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органының шешімі.
180 млн. теңгеден астам кредиттер бойынша:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес, қатысуға арналған өтініш;
2) кәсіпкер-заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгендігі/қайта тіркелгендігі туралы куәлік немесе анықтама/жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенін растайтын құжат (кәсіпкердің (кәсіпкердің-заңды тұлғаның уәкілетті тұлғасының) мөрімен (бар болса) және қолтаңбасымен расталған көшірмесі);
3) кәсіпкер қаржы агенттігіне жүгінген күнге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын берілген, бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешектің бар/жоғы туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы;
4) салық декларациясының көшірмесін және/немесе интернет-ресурстарда орналастырылған қаржылық жағдай туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін ақпаратты, бірінші басшысы (заңды тұлғалар үшін) куәландырған дебиторлық және кредиторлық берешектердің таратылып жазылуларымен қоса бере отырып, кәсіпкердің – орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектісінің соңғы үш қаржы жылындағы қаржылық есептерінің көшірмелері (оның ішінде, берешектің пайда болған сомалары, күндері, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің атауы) (кәсіпкер кәсіпкерлік қызметті үш жылдан аз жүзеге асырған жағдайда, ақпарат кәсіпкерлік қызмет нақты жүзеге асырылған кезеңге ұсынылады);
5) кәсіпкердің кепілдік сомасы есептелген кредит алу мүмкіндігі туралы банктің оң шешімі бар хаты;
6) қаржы агенттігінің кәсіпкерді кепілдендіру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатының көшірмесі (банктің мөрімен куәландырылған);
7) 180 млн. теңгеден астам кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жеке қаражат жобасын (ақша қаражаты, жылжымалы/жылжымайтын мүлік), оның ішінде жобаны іске асырудың жалпы құнының 10 %-нан төмен деңгейде қамтамасыз етуге ұсынылатын үшінші тұлғалардың мүлкімен іске асыруға, сондай-ақ Бағдарламаның екінші бағытының шеңберінде кәсіпкерлердің – шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша кәсіпкердің жобасын іске асыруға қатысуды қамтамасыз ету мерзімдерін қамтитын кәсіпкердің жобасын іске асыру бизнес-жоспары – кірісті өсіруге қол жеткізу, жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту және ӨҮК шешімі қабылданған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін бюджетке төленетін салықтардың көлемін 10%-ға өсіру кезеңдері;
8) кірістің өсімі және бюджетке төленетін салықтар көлемінің 20%-ға өсуі туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін салық декларациясының көшірмесін қоса бере отырып, кәсіпкердің – орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектісінің қаржылық есептерінің көшірмесі (Бағдарламаның екінші бағытының шеңберінде қатысуға өтінім берген жағдайда);
Веб-порталға:
180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша
1) кәсіпкердің ЭСҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы өтініш;
2) кредит бюросына ақпарат беруге және кредит есебін алуға электрондық нысандағы келісімі;
3) оның жеке деректерін жинауға және өңдеуге электрондық нысандағы келісімі;
4) кепілдік сомасы есептелген кредит алу мүмкіндігі туралы Банктің оң шешімі бар хатының электрондық көшірмесі (сканерленген көшірмесі).
Жеке кәсіпкерлік субъектісі бойынша, оның ішінде заңды тұлғаны/жеке кәсіпкерді, қызмет түріне лицензияны (егер қызмет түрі лицензияланатын болса) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік жөніндегі мәліметтерді және бюджетке төленетін міндетті төлемдерге берешегінің бар/жоғы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады.
Деректерді «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу техникалық тұрғыдан мүмкін емес болған немесе деректер дұрыс болмаған жағдайда, қаржы агенттігі құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыдан сұратады.
Құжаттардың қабылдануын растау құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіндегі тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.
Егер көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға болып табылған жағдайда, кепілдік тарту туралы шешім қабылдаған көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органының шешімі қатысушыға немесе басшыға берілген заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен келісу форматында расталады. Келісу нысаны барлық қатысушыларға және басшыға порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі. Келісуді растау үшін келісу нысанына қатысушыға немесе басшыға берілген заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қою талап етіледі.
9-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін келісім туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы негіздері бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Мемлекеттік қызметтің нәтижесі
180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша – қаржы агенттігінің алдын ала кепілдік хаты не қаржы агенттігінің уәкілетті органының теріс шешімінің себептері көрсетіле отырып, бас тарту туралы хабарламасы;
180 млн. теңгеден астам кредиттер бойынша – Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді көшірме.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қағаз тасығышта жүгінгенде, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен куәландырылады.
Веб-портал арқылы жүгінгенде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» уәкілетті органның электрондық цифрлы қол таңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) расталған электрондық құжат нысанында жіберіледі.