Тұрғын үй көмегін тағайындау

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ
Қызметтің атауы
Тұрғын үй көмегін тағайындау
Қызметті көрсететін мемлекеттік орган
Мемлекеттік қызметті аудандық, қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдермен (бұданәрі –қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мекеме
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұданәрі – Мемлекеттік корпорация); 2) «электрондық үкіметтіңwww.egov.kz веб-порталы (бұданәрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметтің құны
тегін
Қызмет көрсету мерзімі
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын тіркеген сәттен бастап: Порталға өтініш берген кезде мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – күнтізбелік 10 (он) күн;
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін нысаны
электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Жұмыс кестесі
1) Мемлекеттік корпорацияның – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскi үзiлiссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз электрондық кезек тәртібі мен мемлекеттік қызметті алушының тіркелген орны бойынша көрсетіледі, көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады; 2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде, өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беруді келесі жұмыс күнінде жүзеге асырады).
Қажетті құжаттар
Өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) Мемлекеттік корпорацияға: нысан бойынша өтініш; өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жекебасын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы ұсынылады); отбасының кірісін растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерді қоспағанда); тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар; коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар; телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі; жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот; 2) порталда: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу; отбасының табысын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі; тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттардың электрондық көшірмесі; коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттардың электрондық көшірмесі; телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шоттың немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың электрондық көшірмесі; жеке тұрғын үйқорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын; тұрғын үйге тіркелген құқықтары туралы құжаттар туралы мәліметтер; мекенжай анықтамасы, әлеуметтiк төлемдер түрінде алынатын табыстар; кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн табыстар; балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер түрiндегi табыстар; азаматтың жұмыссыз мәртебесін растайтын құжат қызмет берушіге тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» арқылы беріледі. Құжаттарды қабылдаған кезде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін тұпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады. Мемлекеттік қызмет көрсетілген кезде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға Мемлекеттік корпорация ұсынған нысан бойынша келісімін береді. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі. Мемлекеттік корпорация да дайын құжаттарды беру азаматтың (не нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілінің) жеке басын растайтын құжат ұсынылған кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік корпорация бір ай бойы нәтиженің сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды нысан бойынша талап етілмеген құжаттарды уәкілетті органға жіберу тізілімімен көрсетілетін қызметті алушыға одан әрісақтау үшін береді. Бір ай өткен соңк өрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде Мемлекеттік корпорацияның сұратуы бойынша көрсетілетін қызметт іберуші бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жібереді. Портал арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге арналған сұратудың қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.
Мемлекеттік қызметтің нәтижесі
Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама).