Тарих

Тарихсыз халық тұл дегендей, халқымыздың қуанышы мен қасіреті қатар өрбіген сан ғасырлық тарихы біздің баға жетпес асыл мұрамыз. Осыған дақ түсірмей болашақ ұрпаққа жеткізу біздің борышымыз. Өйткені, өткенді білмей болашақты болжау мүмкін емес. Ұлан-Байтақ қазақ даласының бір тілігіндей ғана Ойыл өңірінің ежелгі тарихына көз салдың-ақ,тереңіне тартып тарихы ашыла бастайды. ХІVғасырдағы Алтын Орда картасында Ойыл өзенінің бойында «Мәулемберді» қаласы көрсетілген. Деректерге сүйенер болсақ, Москвадан 1985жылы шыққан В.Л.Егоровтың «Тарихи география» Алтын орда ХІІІғ-ХІVғасыр атты кітабының «Солтүстік Қазақстан» атты мақалада қаланың болғандығы туралы жарияланған. Ойыл ауданының Мәулімберді деп аталған жерінде алтын ордалық қала болды деген мәлімет болғанымен, ол кейін зерттелмей қалды. Мәлімет берген И.А.Кастанье сияқты ғалымдар қала орнынан 30-40 үйлерден қалған кірпіш қабырғаларын,су шығару жүйелерін көргендігін баяндайды.
Орынбор губерниясының әкімшілік территориялық комитетінің 1864жылғы мәліметтері бойынша қазіргі Ойыл ауданынің аумағы: «Орынбор губерниясы, Орал облысына қарасты Калмыков уезінің № 2 ауылы» /2/ болған. Ауыл тұрғындардың негізгі көшпелі Ысық, Кете, Есентемір, Ожырай, Адай рулары құраған.
Ойыл болысының құрамына: Кердері руының Ожырай бөлімі Мырза, Бәйімбет, Төлен, Күрең Құрманғожа бөлімшелері, Әлім руының Қаракете бөлімі.
«Ойыл» өзені
Мұғаджар тауынан бастау алып,Тайсойған құмдарына барып сіңіп жоғалатын өзен. «Ойыл» атауының шығу тарихына тоқталар болсақ – Түрік тілінде В.В.Радловтың сөздігі бойынша « ОЙУЛ»сөзі -өзен суы шайып кеткен жер мағынасында қолданылса, монғол тілінде «УЙЛ» тұлғасы біздің тіліміздегі «ИІРІМ» ұғымын береді. Екеуіде мағына жағынан әрі дыбыстық құрамы тұрғысынан өзен сипатына сай келіп тұр. Сондықтанда «УЙЛ» сөзі бертін келе қазақ тілінде «ОЙЫЛ» түріне дейін өзгеріп, алғашқы мағынасы –«ЙІРІМ» болған деген тұжырым жасауға болады.
Асан Қайғы
Жеті жұрт көшкен өлкенің жыршысы Асан Қайғы бабамыз атанып кеткен Хасан Сәбитұлы 1361-1370жылдар аралығында Еділ бойында туылса, аңыздың айтуынша, ақын Сарарқада- Ұлытауда дүние салыпты.
1867 жылдың алдыңғы, тіпті ХVғасырдағы өлең-жыр текстерінде кездеседі. Мысалы; 1967жылы Қазақстан баспасынан шыққан профессор Х.Сүйіншалиевтің «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері» атты ғылыми еңбегінде мынадай тарихи дерек кездеседі; - қазақтың сол кездегі мекеніне, жеріне, жайылым қонысына ой бөлмей, Ойыл ,Жем бойын қоныстанған елді басқа жерге көшірген Жәнібекке қарсы болып Асанқайғы баба былай дейді;
...Ойыл деген ойынды,
Отын тапсан тойынды
Ойыл көздің жасы еді.
Ойылда кеңес қылмадың
Ойылдан елді көшірдің –деп Асан Қайғы жыр жолына Ойыл сөзін бірнеше рет қосады.
Дала данышпандары Алтай батыр,Әжібай би –қонысы Жемнің сол жақ бетіндегі Көктөбе деген жерде болған. Әбілқайыр ханның тұсында өмір сүрген, тарихи деректерде аты жиі кездеседі. Өзімен рулас Арал, Алтай деген батырлармен бірге Әжібай 1747жылы барымташы қазақтарды теріс жолдан тиюға қызмет етеді. Әжібай көзінің тірісінде ақ әулие аталған кісі.
Әжібай би,Арал ,Алтай батырлар орыс елшілігінің қойған талаптарының орындамауға болмайтынын, өйтпеген жағдайда жанжал туып,оны соғысқа ұласатынын әбден түсінеді. Әсіресе, барымташы қазақтардың сауда керуендеріне,орыс саяхатшыларына шабуыл жасауы тиылмай тұрған кез еді.
Осы бассыздықты ауыздықтауға батырлар бар күш-жігерін салады делінген
(Қазақстан тарихы ССР,том ІІ,ч.2, Алма-ата,1948г.стр.213,280) кітабында.
Алтай батыр жорығын Жем өзенінің бас жағына бекініп, Ойыл, Қиыл, Темір, Сағыз, Бабатай, Қайыңды өңірлерін жайлаған қазақ еліне тыныштық бермей, қанды шабуыл жасап, мал-мүлкін алып кетіп тұрған қалмақтарды шауып, Жайықтың арғы бетіне қарай ығыстырып,қирата соққы беруден бастайды.
Археология саласы
Ф.Д.Нефедовтың ескетуі бойынша өте-құнды олжа –Қиыл-Ойыл болысының №17 ауылында мал үшін шұңқыр қазып жатқанда табылған адам мен жылқының қаңқалары, олардың қасына қойылған күміспен, алтынмен апталған ертұрман және өліктің ауызына салынған алтын ырым зат. Ол жер Қиыл өзені сағасының оң жағындағы 9-19 верст қашықтықтағы Батпақты деген жер деп көрсетілген.
Ақсауыт киген арулар.
Елімізді жаудан найзаның ұшымен қорғаған батырлардың ішінде Тама Есеттің қызы, Әжібай бидің келіні Ботагөз батыр. (1719-1744)жылдары өмір сүрген. Ғалым С.Толыбеков ) Қазақ шежіресі атты кітабында: Үстірт жотасындағы «Сам» құмын бірге қыстап шыққан Жетірудың Тама руына қараған қырық шақты ауыл ішінде Есет батырдың ауылы бар. Жем өзеніне жақындап қонып, қой қоздатып, қозы аяқтандырып отырған кезенде Есет батырдың Ботагөзі әлі үйінде, бойжеткен қыз»- деп жазады.
Есет батыр Әбілқайыр ханның шақыруымен Орынборға жүріп кетеді. Ондағы хан кеңесінде қазақ елін жоңғарлар шабуылынан қалай қорғау керек екендігі жөнінде мәселе қаралмақшы еді. Бұл кез өзара айтыс пен хан тағына таластан - ел қорғауға көңіл аударылған кезең-тін.Батырдың елу атқамінерімен елде жоқ екенін білген жау бейбіт жатқан елдің жылқысын түн жамылып келіп, шетінен қуып айдай бастайды.Есет батырдың Қарабас деген қарт ағасы отыз шамалы жылқышы жігіттерді жинап, ішінде өзінің ұлы Кенжалы, Есеттің жалғыз ұлы Ақшал бар, жау айдаған көп жылқының артынан қуып кетеді.Осы кезде Ботагөз де жігітше киініп,150-дей қаруланған адамның басын қосып, жаумен шайқасуға шығады. Қарабас бастап кеткен қуғыншыларды қалмақтар қырып тастайды. Осы жерде Есет батырдың қызы Ботагөз бастаған топ жауды екі жақтан қуып, айламен қоршап,қалмақтың Қонды деген батырын қолға түсіреді.Қондыны қазақтар жеке қоршап,кеудесіне найза тіреп тұрған уақытта күрен атты бір жігіт Қондының күжірейген мойнына қыл арқан бұғалық тастап жіберіп, шалқалай тартқанда қалмақ жерге ат үстінен гүріс етіп құлайды. Сол кезде жігіттер шапқылап өлтіреді.Жаудың біреуіде тірі қалмайды. Қондыны бұғалықтаған жігіт- ботагөз екен. Тарихи дерек бойынша Ақкете Әжібай би жиені Есет батырдың қызына құда түсіп, Әжібай бидің баласы Барсай мен Ботагөздің некесі қиылып,отаулары тігіледі.
Жолшыбай кіші орта Құлшығайдан өтіп,әбден болдырған көш түйелерін шөгеріп, жүктерін түсіріп, дамылдаса керек. Ботагөз қасына Садықты, бірнеше қыз-келіншектерді ертіп,су іздейді.Жан-жағын барлап, сайдың тақырлау жеріне шығып тұрған бір түп қамысты көреді. Қамыс, ши шыққан жерде жер асты суы жақын болатынын жадында сақтаған қыз қамысты тартып қалғанда су білінеді.Кетпенмен екі-үш ойғанда-ақ мөп-мөлдір бұлақтын көзін ашады. Келе жатқан көш сол бұлақтан су ішеді, осы бұлақ Ботагөз бұлағы деп тарихта қалды. Иманұлы Жарылғасынның дерегінде келтірілген.
Шернияз Жарылғасұлы
Алты алаштан сөз оздырған Шернияз Жарылғасұлы 1807-1867жылы Ақтөбе Облысы Ойыл ауданында кедей отбасында дүниеге келген,Баймағамбеттің қудалауында болды деп келтіреді тарих беттерінде. Шернияз Жарылғасұлы Ойыл ауданының Жарыпшыққан өзенінің бойын мекендеген ақ кетенің малай көбек руынан.Арғы атасы Байтілеу ауқатты болса да, өз әкесі Жарылғас би орташа ғана дәулеті бар, еті тірі, айналасына сыйлы адам болған. Шернияздың аяқ астынан шығарған уытты шумақтары ауылдастарының назарына ілігіп,он жасынан бастап ділмар шері атанған.
1823жылы Ойылға адайдың атақты ақыны,Абыл келеді.Осы сапарда Абыл ел ауызына іліге бастаған Шерниязды қасына ертіп жүреді, ақындық өнерге баулиды. Сапары аяқталғаннан кейін еліне қайтарда Шерниязға ақ батасын беріп қоштасады.Абыл кеткеннен кейін Шернияз рухани жалғыздықтың шерін тартқандай жайсыз күй кешеді.
Бөкей ордасындағы патшаның отарлау саясатына қарсы бағытталған 1836-1838жылдардағы көтерілістің басшысы Исатай Тайманов қайтыс болғанда Шернияз: «Өлтірген Исатайды оңарма екен,
Дәуренім баяғыдай боларма екен?
Ұшып кетті қолымнан дәурен құсым
Енді айналып қолыма қонарма екен»
Сағынамын ауызыма алсам Исатайды!
Ер тумас ел жағынан ондай жайлы.
Қарадан халқы сүйіп «Ханым»деген.
Жігіт ед төрт тұрманы түгел сайлы.
Кешегі Исатайдың арқасында
Ие едім ен дәулетке басыбайлы
Ер тумас ел бағына Исатайдай
Мінезі толқушы еді толған айдай
Тарлан боз,тарғыл ала жылқы біткен
Бай еді,құтым еді,уа дариғай,деп Исатайды дәріптейді.
Шернияздың кездескендері: Баймағамбет сұлтан,Сараң бай,Әли ханның соқыр түйесі т.б.деректерде айтылады. Шерниязды зерттеген Берқайыр Аманшин 1977жылы Атырау облысынан алғаш рет құлпытасын тапты.
2006жылы 200- жылдығына орай Атырау облысының әкімі Аслан Мусин қолдауымен Шернияз Жарылғасұлына кесене тұрғызылды.
Ойыл бекінісі
Ойыл бекінісінің салынуы жөніндегі мәліметтерді Орынбор қаласында орналасқан Орынбор облыстық мемлекеттік мұрағатында өңірімізге қатысты мол мәліметтер беретін №370,6,94,10 қорларын және ХІХғасырдың ІІ жарты жылдығынан бастап Орынбор қаласынан басылып шыққан «Уральский обзор», «Вестник», «Военный сборник» сынды басылымдарда жарық көрген деректерден 1865 жылдан бастау алады. Зерттелген дерек көздері негізінен сол кездегі жетекші қызметте болған басшылардың хат алмасуларынан, генерал-губернатордың Ресей патшасына жіберген жедел хаттарынан (телеграмма), өлкемізді толыққанды орыстандыру мақсатында жүзеге асырылған шаралардан, басшылардың жеке қорлары мен күнделіктерінен, губернатордың жарғылары, бұйрықтары және губерниялық кеңестердің, мәжілістердің хаттамаларынан тұрады.
Ресми сипаттағы бұл деректер қазақ елін отарлау бағытында,яғни самодержавиелік тұрғыда жазылғандықтан да әрдайым обьективті түсінік бере бермейді. Сын көзбен қарауды қажет етеді. Сөйте тұрса да аталған құжаттардан патша үкіметінің Ойыл өңіріне, жалпы қазақтарға қандай саясат жүргізгендігі, қандай көзқараста болғандығын айқындау барысында үлесінің зор екендігі анық көрнеді.
Ресей Империалық Жағрафиялық Қоғамның мүшесі, Орынбор губерниясына қарасты дала қазақтарын зерттеуші Граф Нессельдоре өзінің патша Александр ІІ-ге жіберген мәлімдемесінде: «Орынбор өлкесіндегі әскери шептер мен бекіністерді ілгері жылжытып, олардың санын көбейтудегі басты мақсатымыз дейді: Ең алдымен дала тыныштығын орнату негңзінде мейлінше көбірек атты казактарды орналастыру. Екіншіден,өңірдегі көшіп-қонып жүрген жабайы қырғыздан (қазақтар) арылу,оның ең оңтайлы бағытты тезарада орналастыру шараларын қолға алу. Ал ең басты көздегеніміз жоғарғыдағы іс-шараларымыз жүзеге асып жатырса қауіпсіздігін қамтамасыз ету» /1/ деп, мәлімдеме жасайды. ХІХғасырдың ІІжартысынан бастап, Ресейдегі капитализм дүмпуінің нәтежесінде күн өтісімен шикізатқа деген зәруі арта түсті. Ресейдің қаржы министрі Канкрин Орынбор өлкесіндегі қазақтармен арадағы байланысты төмендегідей суреттейді: «Өлке қырғыздарын (қазақтар) тез арада бағындыруымыз үшін олармен арадағы сауда-экономикалық байланысты дұрыс жолға қоюмыз абзал болар, және ең алдымен керуен жолдарын дамыту,біздің бүкіл Азиялық саясатымыздың негізін құрайды.» /3/ деуінің астарында қаншама жымысқы іс әрекеттер жатыр. Осылайша қазақ даласына бекіністер салып, нық бекінудің басты себебі Ресейдің экономикалық мүдесінен туындаса, екіншіден біздің өлкеміз арзан шикізат әрі үстеме пайда табу көзіне айналды. Бұдан шығатын басты қортынды Ойыл бекінісінің тарихы тікелей керуен жолдарының іске қосылуымен байланыстылығында. Сөзіміз дәлелірек болуы үшін,Орынбор генерал-губернаторы Н. Крыжановский өзінің Соғыс министріне жіберген №812 қатынас қағазында: «Ойыл өзенінің жағасынан өзімізге басты тірек пунктін салу тілегімізді қолдауыңызды өтінемін.
Бекіністі тұрғызудағы басты мақсат. Ол – қай уақытта қандайда болмасын қырғыз(қазақ) даласындағы бүліктер мен толқуларды басуға, оларға қарсы батыл жүргізетін сенімді тірегіміз болмақ.»делінген.
Ойыл бекінісін салудың сауда –экономикалық маңызына қоса саяси-географиялық әрі стратегиялық орналасуына зор мән берілгені көрініп ақ тұр. Себебі, бұл аймақ Орынбор губерниясының қақ ортасында орналасқанмен шектелмей, Азиялық шепке шыға алатын керуен жолдарының жақындығымен ерекшеленеді.
Қазақ даласына мықтап бекіну арқылы патша үкіметі кез-келген және қалаған уақытында өлкедегі тыныштықты орната алатын еді.
Тағы бір айта кететін жәйт, Ойыл бекінісін салыну тарихы сауда-керуен жолдарының қауіпсіздігімен тікелей байланысты.
Ойыл бекінісінің негізі қаланбай тұрып-ақ қазіргі Ойыл селосының
Беркін Құрманбековтің архивтік нақты деректерін қарағанда 1869жылы Қарғалы және Елек өзендерінің құйлысқан жерінде Ақтөбе бекінісін, сонымен қатар Кіші жүз қазақтарының реформаға қарсы көтерілісінің негізгі орталығына айналған Ойыл өзенінің жағасындағы Қазыбек шатқалында Ойыл бекінісін салуды жедел қолға алды.1869жылы 6-шілдеде қаланды. Ойыл бекінісінің құрлысын барон фон Штемпель басқарды.Осы жылы қазан айының аяғында бекіністегі казармаларға әскери гарнизон орналастырылды,ал 1870жылы көктемде Ойыл әскери бекіністің солтүстік – шығысында Оралдың наказной атаманы Н. Н.Шиповтың құрметіне аталған Шиповский поселкесі салынды да онда жаңадан қоныс аударушылар- малоростар тұрған. Ресейдің орталық губернияларынан 137 отбасы Ойыл бекінісіне қоныстандырылды.
Сөйтіп ақын Мұрат Мөңкеұлы:
«Еділді тартып алғаны-
Етекке қолды салғаны.
Жайықты тартып алғаны-
Жағаға қолды салғаны
Ойылды тартып алғаны
Ойындағысы болғаны»-деп айтқандай Ойыл өңірі Ресейдің отар аймағына айналды.
Ойыл өлкесі де ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Ресейдің отарлық жүйесінің құрсауына ілігіп, жергілікті халықтың малы мен жаны есепке алынып, бодандықтың қыл арқанын біржолата мойнына ілген кезі болатын. 1937 жылдың қырғыны Ойылға өте ауыр тиді. Ойыл Алаш Орданың орталықтарының бірі болды. Ойылда Алашорданың әскери құрамдары жасақталды. Сол жылдары «Направо, налево, Халелдің салған әлегі» /1/ деген өлең де шығарылған. Атағы шартарапқа жайылған Көкжар жәрмеңкесі де ірі жәрмеңкелердің бірі болған.
М.Құл - Мұхамбеттің /2/ еңбегінде ХХ ғасырдың басындағы жалпы Қазақстанды шарпыған Алашордашылар үкіметінің іс – қимыл бағдарламалары мен Батыс Алашордашылар жетекшілерінің өлкеде жүргізген саяси – құқықтық көзқарастарына егжей – тегжейлі тоқтала отырып, Ойыл қаласының Алашорда үкіметі тұсындағы саяси әрі қоғамдық оқиғалардың орталық аренасына айналғандығы жөніндегі тың мәліметтерді алуға болады.
Өз жұмысымызда қоғамдағы жариялылыққа орай ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси көзқарастарын зерттеп, объективті баға беріп, патшалы Үкіметтің өлкеде жүргізген қоғамдық – саяси, әлеуметтік – экономикалық саясатының шынайы бет – пердесін ашып қарастыруды, ХХ ғасырдың басында Ойыл қаласының Алашорда Үкіметі, Батыс Алашордашыларының тірек бекетіне айналғанын дәлелдеуді мақсат етіп отырмыз.
Ойыл өңірінің тарихы жөнінде нақты әрі дәлірек деректер беретін нақты зерттеулердің жоқтың қасы. Жұмыстың ғылыми жаңалығы Алашорда Үкіметінің, Батыс бөлігінің Ойыл өңірі аумағындағы қызметттері мен іс әрекеттері көрініс табады.
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанда жүргізілген отарлық саясат, түптеп келгенде жергілікті қазақтардың Ресейге деген ашу-ызасын тудыра бастады. Өлкеде жүргізілген үстемдік пен озбырлық саясат көзі ашық қазақ қауымының тікелей наразылығына ұшырады.
Ә.Бөкейханов бұл турасында былай деп жазған болатын: «Өлкеде жүргізілген орыстандыру саясатының бүкіл тауқыметін бастан кешірген қазақ қауымы үкіметке қарсы оппозицияда болу ниетінде, орыстың оппозициялық партиялары іш тартады. Жуық арада далада, бәлкім қазақ арасында белең алып келе жатырған екі саяси бағытқа сәйкес екі саяси партия ұйымдастырылатын сыңайлы. Олардың бірі ұлттық – діни партия деп аталуы мүмкін, және де қазақтарды басқа мұсылман халықтармен біріктіру оның мұраты болып табылады. Басқа бір батыстың бағыты қазақ даласының болашағы осы сөздің кең мағынасында батыс мәдениетін саналы түрде іс жүзіне асыруда» /3/, деп баға береді.
1919 жылдың қараша айында тарихта «Ойыл оқиғасы» деген атпен Алашордалықтар үшін маңызды саяси оқиға болады. Алайда Кеңес әскерлерінің күші мен саяси ұйымшылдығының арқасында Ойыл бекінісі басып алынады. Ал 1919 жылдың 19 желтоқсанындағы Революциялық Әскери Кеңестің 3 дивизия басшысына, Ойыл бекінісінің Алашордалықтардан толық тазартылғандығы жөнінде ақпарат /16/ береді.
Көкжар жәрмеңкесі
Кіші жүздің байбақты, алшын, ысық, беріш,табын мен адай, Қаспий теңізі жағасына қыстайтын таздар, шеркештер,кете мен қаракесектер және Оралдық казактар әскерлері өкілдері мен басқа қалалардың көпестері сауда жүргізу үшін Ойыл көктемгі жәрмеңкесі 9 мамыр мен 9 маусым аралығында қызмет істеген. 25 маусым мен 1 тамыз аралығында Ойылға құятын Қиыл өзенінің жоғарғы сағасында Қиыл жазғы жәрмеңкесі өткізілген.Бұл жәрменке Ойыл Жәрмеңкесінің жалғасы бола тұра тіпті Орынбор линиясындағы казак әскерлері және Ресей жағындағы шекара межесіндегі тұрғындармен дәнекерлік рөл атқарған.
Көкжар жәрмеңкесінен сатылған мал және мал өнімдері жөнетілген бағыттары: Тайсойған- Мақат-Гурьев, Астрахан- Солт. Кавказ, Сарытау, Самара Азербайжан, Иран.
Батыс Қазақстан өңіріндегі ең ірі сауда орталығының бірі-Ойыл бекінісіндегі Көкжар жәрмеңкесі. Көкжар жәрмеңкесі туралы негізгі ережелерді 1866-жылы 7-қыркүйекте Ресей ішкі істер Министрі бекіткен.
Көкжар жәрмеңкесі ресми түрде 1867жылы Орал облысының Қазбек болысында көктемде ашылды. Ойыл өзенінің жағасында екі жәрмеңке; Николь және Покров жәрмеңкелері тағайындалады; біріншісі 15 мамыр-15маусым, екіншісі қыркүйек-15қазан аралығында өткізіледі.
1867-жылғы көктемде жәрмеңке мейлінше қанағаттанарлық нәтижелер берді. Оған шамамен 250мың сом тұратын тауарлар әкелінген, олардың 100мың сомнан астам тұратыны сатылды және айырбасталды, жәрмеңкеде 20 мыңға дейін әр түрлі мал сатып алынды. 1867жылы жәрмеңкеге137саудагер қатысты.
Саудагерлер арасында 60 татар, 33 орыс және 22 орал казактары болды. 1869жылы жәрмеңкенің алғашқы өткізілген орыны сауда ісінің талаптарына онша сай емес болғандығына байланысты жәрмеңке Орал облыстық басқармасының әскери губернаторы, генерал-майор Веревкиннің Орынбор генерал губернаторына берген мәліметіне қарағанда 1869жылы Ойыл бекінісінің жанына Барқын шатқалына көшірілген. Осы жылы товар айналымы 46.061 рубльге жетті.
1870жылы Ойыл жәрмеңкесі комитетінің төрағалық қызметіне Меңдібай Күмісбайұлы сайланып 40жылдай абыроймен атқарған. Жәрмеңкеге солтүстіктен Орынбор,Сарытау,Самара қалаларын орыс, татар саудагерлері келіп сауда жасаған. Оңтүстіктен Өзбекстан, Түркменстан жерлерінен керуен ағылып келген.1905жылы көктемде 1610663 рубльдің мал және мал өнімдері сатылса,1906жылы 1209823 рубль мал және мал өнімдері сатылды. Ресей статистикалық комитетінің 1911жылғы деректері бойынша Көкжар жәрмеңкесінің товар айналымы 2млн 140мың сомға жетіп, ең ірі 13 жәрмеңкенің ішінде товар айналымының көлемі бойынша 9-шы орын алған.
1922жылдың күзінде ашылып, сауда айналымы 166мың сомды құрады. Көкжар жәрмеңкесі 1937жылға дейін болған.
Батыс алаш Ойыл Уәлаяты.
Алаш қозғалысы ұлттық сана –сезімнің қоғамдық түсінік –түйсіктің қайнар бастауында тұрған, осы қасиеттердің жетіліп дамуына тікелей ықпалы болған құбылыстардың бірі. Ол қалың бұқара санасына бостандық, Теңдік, Туысқандық деген мәңгілік ұғымдардың ұрығын шашты, оларды естіген халық еңсесін көтерді,қараңғылық пен тәуелділіктің түнегінен азаттықтың таңына қол созды.
1905 жылғы революциядан кейін патшалықты дүр сілкіндірген Алаш партиясы қалыптаса бастады. Ол ресейдегі дүмпулерден соң күн өтісімен қазақ даласына қанат жайып, өз жақтастарын көбейте түсті.
Алаш партиясының ұйымдық жағынан толық құрылуы мен өз бағдарламасының бекітуі 1917 жылға /4/ жатады.
Осылайша ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ даласын одан әрі отарлау саясаты қазақ халқының самодержавиеге, жергілікті шенеуніктердің өзбырлығына қарсы ашу ызасы бұрынғыдан да өрши түсті. Аталған кезеңдегі қабылданған жергілікті тұрғындардың құқығын аяққа таптаған заңдық актілер бұл наразылықты ұйымдасқан саяси күреске ұластырды. Оған тапшылықтың қазақ жерін «қазына» меншігі деп жарияланып, оның бос жатқан жерлерін озбырлықпен тартып алуы және ол жерлерге орыс мұжықтарын тоғытуы бұл үрдісті одан әрі ушықтырып, оның саяси сипатын күшейте түсті.
Мұның бәрі өз кезегінде өлкеде оқыған қазақ зиялыларынан тұратын жаңа саяси күш Алаш қозғалысын ұлт – азаттық күрес сахнасына шығарып, оны қазақ даласындағы ең беделді саяси партияға айналдырды.
Көзі ашық қазақ өкілдері тәуелсіз қазақ мемлекетін құру қамына кірісіп те кетті.
Бұл қозғалыс өз жұмысын саяси талап қоюдан емес, дін тазалығы, тіл тазалығын қорғаудан, оқу – ағарту, ұлттық салт – дәстүрді қолдаудан бастады.
Біз өзіміздің зерттеу объектіміздің шеңберінде ғана, яғни Орал облысының аумағындағы алаш қозғалысының қызметі мен алаш көсемдері Халел және Жаһанша Досмұхамбетовтар турасында сөз етпекпіз.
1917 жылы Ақпан революциясынан кейін Қазақ даласында съезд шақыру туралы мәселе қайтадан көтеріледі. Ең әуелгі облыстық съезд Орал қаласында өтеді. Сонымен Бүкілқазақтық жалпы съезд 1917 жылдың 21-26 шілдесіне Орынбор қаласында өтеді. Съезд барысында 15-ке жуық мәселе қаралады. Аталған съезге әрбір облыстан лайықты деген кандидаттар тізімі қазақ газетіне жарияланды. Съезге Орал облысынан 1) Халел Досмұхамедов; 2) Жаһанша Досмұхамедов; 3) Нұрғали Бимағамбетов; 4) Сәлімгерей Қаратілеуов; 5) Ғабидолла Әлімбеков; 6) Ғабидолла Бердібаев; 7) Ғұмар Есенғұловтар /5/ қатынасып, бүткіл Орал облысына қарасты қазақтардың аманатын арқалап барады.
1917 жылдың 5-13 желтоқсанында ІІ Бүкілқазақтық съезд шақырылады /6/. Бұл съезге Ресей империясының әрбір бөлігінде жүрген қазақ халқының таңдаулы өкілдері қатынаса алатын үлкен әрі тұңғыш форумы еді. Съезд делегаттары Ә.Бөкейхановтың қазақ облыстарында тұратын орыс халқының ой – пікірін білгенше автономия мәселесін кейінге қалдыру жөніндегі пікірін алға тартты. Ал оңтүстіктен келген делегаттар бұл ұсынысты қолдамай тастайды. Осылайша алауыздық нәтижесінде Алашорда үшке бөлінеді: Шығыста Алашорда (орталығы Алаш қаласы), Ойыл уәлаяты (Орал облысы) ал соңғысы Жетісу бөлігі /7/.
Сол бір қиыншылығы мол ел басына күн туған заманда Ойыл өңірі де Алаш қайраткерлерінің саяси аренасына айналып үлгерді. Ойыл аумағында Алашорда үкіметінің белсенді әрі ықпалды өкілдері Халел мен Жаһанша Досмұхамбетовтар Алаш қозғалысының алғашқы күнінен бастап белсенділік танытады. Мысалы олар Москвада жүріп, елге мынадай хабарлама жібереді: -«Ал, Алаш! Қабағың қатып, көңілің жабығып тұр едің, ілгері басқан аяғың кейін кетуге таяп тұр еді. Бостандық көліне түсіп, жоғала жаздап едің... Құдай берді, жарылқады. Ақ түйенің қарны жарылды! Өмірі қазақ, қазақ болғалы көрмеген қуанышың басыңа келді. Көтер басыңды! Тойың тойға ұлассын! Тіріл Алаш! Сілкін Алаш! Жаса Алаш!» дей келе, 21 наурызда Бөкейханов мен Ермековтың атына телеграмма салады. Біз халық комиссарлары мен сөйлесіп жатырмыз. Алаштың автономиясына қарсылығы жоқ. Бүгін, ертең Алашордамен Сталин өзі сөйлеседі /8/деп, хабарлайды.
Ендігі кезекте Ойыл уәлаяты турасында сөз қозғайық. Орал облысының қазақтары ІV облыстық съезде өздерінің ерекше тәуелсіз облысын құрғандығын хабар етеді. Бұл құрылым Ойыл уәлаяты деп аталады. Ойыл уәлаяты 1918 жылдың 6 мамыры күні өмірге келеді. Уәлаят өзінше үкімет құрып, оған уақытша тәуелсіз билік беріледі /9/.
1918жылы Жымпиты қаласында өткен Орал өңірі қазақтарының 4-сьезінде Қазақстанның бүкіл батыс өңіріне ықпал етерлік ұлттық- территориялық құрылым –«Ойыл уәлаяты уақытша үкімет» жариялауға қатысты. Сол жылы қыркүйек айының ортасында Кеңес өкіметіне қарсы күштердің Уфа директориясын жариялау мәжілісіне жинаған Алашорда қайраткерлері бұл құрылымды қолдап, оған «Алашорданың батыс бөлімшесі» деген ат береді. Осы кезеңде ХалелАлашорданың атты әскерін ұйымдастырып,Самарадағы Комуч үкіметінен қару-жарақ алуға банк ашуға, баспахана, «Еркін қазақ» газетін шығаруға көп еңбек сіңірді.Алаш басшыларының 1917жылдың қарашасынан бастап ұлттық мемлекет құруға бағытталған арман- мұраты
Осы жылдың 22 маусымы күні Ойыл уәлаяты құрылтай жиынының мүшесі жалпы Қазақтық құрылтай жиналысы комитетіне жіберген мәлімдемесінде. Орал облысының қазақтарының 6 мамырдағы облыстық облыстық съезден соң, өзінің территориясын айқындап алды. Орталығы Жымпиты қаласы. 7 адамнан тұратын өздерінің уақытша үкіметі сайланды. Үкімет төрағасы болып, құрылтай кеңесінің төрағасы Жаһанша Досмұхамбетов сайланды. Съезд шешімі бойынша үкіметке ұлттық әскер құру мен милиция жасақтау тапсырылды.
Облыс аймағындағы Большевиктермен күрес табанды түрде жүргізілуде. Ал Үкімет болса комитеттің іс-әрекеттерімен танысуда. Ойыл уәләятының басты резиденциясы Жымпиты қаласы, ал қосымша оңтүстіктегі бекеті Ойыл мекені саналды. Ойыл мен Жымпитының арасын байланыстыру мақсатымен телеграф байланысы іске қосылды. Қажет болған жағдайда аталған екі пунктіге телеграмма жіберуіңізге болады /10/ деп мәлімдейді.
1918 жылдың 30 шілдесі күнгі «Қазақ» газетінде «Ойыл уәлаятының Үкіметі» атты мақала жарияланады, мақала аты сірә белгісіз грифпен жазылған. Келесі кезекте сол мақаланы ұсынбақпыз. Мақала авторы сол кездегі Ойыл бекінісіндегі саяси жағдайға барынша шолу жасап өтеді. Мысалы ол, Жаһанша Досмұхамедов Мәскеуге барып Совет үкіметімен сөйлесіп қайтты. Бүгінгі күні Ойылдықтар Большевиктерге қарсы іс-қимылдарын күшейте түсті. Үкімет негізінен Ойыл бекінісінде. Бекіністе толық мүшелері мен әскерилер орналасуда. Тіпті Ойылда инструкторлар дайындайтын школа қазақ жігіттерін үйретіп, офицерлер даярлауда. Земство бұрынғы қалпында, оның ісіне үкімет қол сұқпайды. Ойылдықтар атынан Орынбордағы жиынға Орал облыстық земствосының мүшесі Сейдолла Ишан Несіпбаев 17 шілде күні келді. Несіпбаев Орынбор атты казактарымен саяси байланыс жасай отырып, Ойылдықтар үшін қару жарақ жағын іздестірмек.
Қазақ баспасөз тарихында ерекше орны бар басылымдардың бірі- Батыс Алашорда көсемдерінің басшылығымен жарыққа шыққан «Еркін қазақ» газеті.
1918-1919жылдары шығарылған. Редактор болып қызмет атқарған: М. Мәметованың әкесі Мәмет.
Орынбордағы Алашордалықтар Сейдолла Ишанға «Алашорда қимылдарынан хабарларың бар ма?» деп сұрады, сонда Сейдолла «Құдайға шүкір радио, телеграфымыз бар сол арқылы» хабардармыз деп жауап береді /11/.
1918 жылдың 19 тамызында Жаһанша Досмұхамедов Орынбор – Самара қалаларына барып, Сібір үкіметі мүшелерімен сөйлесіп қайтады. Бұл кездесулер Жаһанша үшін сәтті аяқталып, Самара қаласындағы комитет арқылы Жаһанша 600 винтовка мен пулеметті Орынбор арқылы Ойыл қаласына жібереді /12/.
Осылайша Жаһанша мен Халел Большевиктерге қарсы қимылға дайындалып отырды. Алайда кейбір іріткі келтіретін саяси күштер олардың қимылдарын әрдайым қарсылық білдіріп отырды.
1918 жылдың қарашасында Ойыл қаласында /13/, Батыс Алашордлықтардың ІV облыстық съезі болып өтеді.
1918 – 1921 жылдар аралығында тарихи деректер мен алашорда үкіметінің ресми құжаттарында Ойыл қаласы деп көрсетіледі.
Сонымен қайтып ІV облыстық съезге оралатын болсақ, онда төмендегідей мәселелер қаралады.
Біз бүгінгідей жағдайда ең бастысы милиция керек, және де сол милицияны үйрететін офицерлер керек. Ол екеуі де қазір бізде жоқ. Жалпы милиция мәселесі декабрь съезінде айтылған болатын. Ендігі айтпағымыз офицер болуға қандай білімі бар адамдар алынатын жағы. Тағы бір ұсынысымыз ол осы Ойыл қаласынан өлкедегі қазақ жастарын оқытатын Юнкерская школа ашу ісі болып отыр. Себебі Орынборда орналасқан школаға қазақ балдарының оқуы некен саяқ. Олар орыс тілін білуді талап етіп отыр деп, баяндайды.
Аталған мақсатта, 1918 жылдың қараша айында Ойыл қаласында Алашорда үкіметінің белсенді мүшесі, Батыс орданың төрағасы Х.Досмұхамбетовтың төрағалығымен үлкен кеңес өткізіледі»
Өткізілген кеңес отырысының басты мәселелері төңірегінде үзінді келтірсек артық болмас.
Ойыл жиынында қаралған басты мәселе, ел қорғау, ұлттық бірігушілік идеалары тасталады. Ойылда негізінен атты милиция жасақтары құрылады. Қазақтарға қарумен аттың үстіндегі қимылдары казактар үйретеді. Атты жасақтарды топтастырып даярлауымыз керек, әр топ 20-25 адамнан құралады. Оны басқарып даярлайтын инструктор тағайындалады. Бүгінгі жағдайымызды ескере отырып, біз 50 кісіге бір инструктор, 100 адамға бір офицерден есептедік.
Осындай мақсатпен Ойыл қаласынан тез арада милициялар даярлап шығатын Юнкерская школа ашу үмітімізді де жасырғымыз келмей отыр. Юнкерская школаға ұлтына қызмет етемін деген талабы бар жастарды оқытуымыз шарт. Милицияларымызды оқыту үшін атты казак офицерлерін алғалы отырмыз. Сол офицерлер өзімізден болу үшін, қазақ офицерін шығаратын школа ашуымыз абзал болар еді
1919 жылдың қараша айында тарихта «Ойыл оқиғасы» деген атпен Алашордалықтар үшін маңызды саяси оқиға болады. Алайда Кеңес әскерлерінің күші мен саяси ұйымшылдығының арқасында Ойыл бекінісі басып алынады.
Енді сол Ойыл оқиғасына шолу жасап өтсек артық болмас. Бұл оқиға 1919 жылдың 21 қара күні болатын. Ойыл бекінісінде 200-ге тарта Алаш милициялары мен 80 –ге жуық юнкерлер орналасады. Бұл ар Жыпмитыда орын алып отырған оқиғаға байланысты күшейтілген тәртіп болатын. Қызыл әскерлер келе жатыр деген үрей Алаштықтарды қатты шошындырды. Жымитыдағы алаштықтарға Қызылдарға қарсы күш көрсетуге бұйрық беріледі алайда, олар бұйрықты орындамай қашып кетеді. Бұл хабарды естісімен Ойыл бекінісінде орналасқан 200 – ге жуық алаштық милициялар мен юнкерлердің бір бөлігі Ойылдан шығып, Орал жолы бағытын бетке алады. Ойылдан шыға берістегі 18 шақырым қашықтықтағы Ақсай тамағына тоқтап. Түстеніп алады да, 20 милицияны Ақсайдың тамағына тастап кетеді. Қалған бөлігі Оралды одан әрі бетке алады. Түнгі сағат 12-лер шамасында әлгі Ақсайдың тамағында қалдырылған отрядқа Микулға ауысыңдар деген тәртіп келеді. 22 қараша күні Микулдағы әскерлерге Ойыл бекінісіне қайта оралулары туралы бұйрық келеді. Ақсайға жақындай берісте алдарынан қаптай шыққан адамдарды көреді, оларды атты Алаш милициялары қоршап келеді, бұлар тұтқындағы қазақ жігіттері болатын. Ойылға келісімен әлгі тұтқындарды түрмеге қамайды. Бұндай әрекетке түсінбеген ел болса мәре – сәре болысып жатты. Бұл қалай сонда тұтқындар да алаш милиционерлері оларды тұтқындаушылар да Алаштықтар.
Артынан белгілі болғандай тұтқындағы милиционерлер Алаштықтарға бағынбағандар, Большевиктік пиғылдағы қазақ өкілдері болатын. Аталған уақиғадан көп ұзамай, Ойылға Қызыл Армия да келіп жетіп, Совет билігі орнайды. Осылайша Ойыл бекінісі 1919 жылдың 22 қарашасында басып алынып, Совет үкіметі келіссөз жүргізумен аяқталды. 1932жылы Жаһанша, Халел Досмұхамедұлылар 5жылға еркінен айырылып, Ресейге жер аударылды.
1937-1938жылдары «Алаштың»көсемдері түгелдерлік «халық жауы» ретінде құртылды.
Қорыта келгенде Алашорда үкіметі тұсында Ойыл өңірінің сол кездегі қоғамдық – саяси құбылыстардың ортасында болғанын көреміз. Ал енді Ойыл өңірі аймағында Алашордалықтардың өкілдерінің қызметтеріне келетін болсақ, Халел және Жаһанша Досмұхамедовтардың саяси – құқықтық көзқарасының өзі Алаш партиясының құрылуы мен олардың қызметтерінің қазақ ұлтының одақтасуы мен деребестік жолындағы күреске айналдырғанын көреміз.
Мұстафа Шоқай Ойыл жерінен өткендегі мақсаты Халел Досмұхамедұлымен жасырын түрде кездесу болған.
Исламғали Құрманов (1891-1929) ж.
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданында дүниеге келген. Ақтөбе облысына Совет өкіметін орнату жолында бірлесе күресушілердің бірі.1917жылы Құрманов Орал облыстық аткомына мүше болды. Октябрь революциясын қолдап, алашорда үкіметіне қарсы шықты. 1919жылы коммиунист С.А.Щербокпен бірге Бегалы партизан отрядын құрды. Отряд командирінің орынбасары ретінде ақтарды талқандауға қатысты. Азамат соғысынан кейін жергілікті соцалистік құрылысқа белсене қатысты. Ойыл ауданының бір совхозы соның есімімен аталады. Аудан орталығында И.Құрманов атында көше бар
Ойыл аудандық орталық мешіт
Көкжәр жәрмеңкесіне келген саудагерлердің сұранысы бойынша табаны шикі кірпішпен қаланып, тастама ағаштарын Орынбордан түйе арбамен әкеліп 1893жылы салған. Алғашқы бас имамы Мәдинада дәріс алған Сағидолла Ізтілеуов. 1871жылы Ойыл ауданының 21-ауылында ауқатты молда жанұясында өмірге келген. Ізтілеу қарт және оның кезінде заман талабына сәйкес орта арнаулы діни оқу орнын бітірген, бірнеше рет Меккеге қажыға барған үлгілі әулет еді. Сағидолланы ауылдағы мешіт жанындағы мектепте оқытқан. Сағидолла араб, парсы, орыс тілдерін игерген сауатты адам. Күнбатыс алашорда ұйымы талқандалып, мүшелері тұтқындалған кезде С.Ізтілеуов 1921жылдың 25 тамызынан 1922жылдың 5 сәуіріне дейін революциялық жұмысқа қатысқаны үшін Орал қаласының түрмесінде отырған. Көп тілді меңгергендіктен, шетелдік басылымдармен таныс Сағидолла халықаралық жағдайға талдау жасап, Қытай мен Жапония арасындағы соғыс, фашистік Германияның Польша жеріндегі басқыншылық шапқыншылығын тұрақты хабарлап отырған. Ақыры 1937жылы 17 қарашада 64 жасында тергеу камерасындағы көз жұмған-дәрігерлік актіде «...жасының ұлғаюына және жүрегінің соғуының тоқталуына байланысты қайтыс болды»- деп көрсетілген екен. Төлеубай Төлепбергеновтің Өлке тарихының өзекті мәселелері: ізденістер,зерттеулер,тұжырымдар.-Атырау,2001-131бет.
Одан кейінгі имам-хазірет Хасан. ХХғасырдың 30жылдары мешіттің діни белгілері қиратылып,драма театр үйіне, кейін техникалық- шаруашылық қоймаға айналдырылды. 1999жылы жөнделіп, қайтадан мешіт қалпына келтіріледі. Ойыл ауданы, Қаратал елді-мекенінен шығысқа қарай 10 шақырымдай жердегі биік төбені ел «Егізқара» деп атайды. Сол Қараталдан батысқа қарай 4 шақырымдай жерде Байбике деп аталатын жазық созылып жатыр.
Байке мен Бике
Сонау жаугершілік заманда Ойыл бойында қала салып, бейбіт тіршілік еткен халықтың басына зобалаң туып, қаланы жау қоршауға алады. Қаланы қорғауға халық түгел шығады. Қаншама шабуылдағанымен жау қаланы ала алмайды. Бір күні қала қақпасы ашылып, бес қаруын асынған екі жауынгер қаланы ала алмай сабылған жауға қырғидай тиеді. Оларды жеңе алмаған жау айлаға көшеді. Шегінген болып жазық алаңға қарай беттейді. Сөйтіп соңдарынан қуған екі жасты қапысын тауып өлтіреді. Оққа ұшқан жауынгердің аттан құлап бара жатқан кезде басындағы дулығасы ұшып кетеді. Дулығаның астына жасырған қолаң шаштары жерге төгіледі.Талай жасақты жер жастандырған батырлардың қыздар екенін көргенде, ерліктерін жоғары бағалап жаулары оларға бас иеді. Елін, туған қаласын, халқын қорғап, бастарын өлімге тіккен егіз қыз Байке мен Бике болатын. Олардың жаумен шайқаса жүріп мерт болған жерін жұрт Байбике деп атапты.
Жас қыздарды құрметпен жерлеуге лайық деп шешкен жаулары екеуін осы өңірдегі ең биік төбе басына жерлеп, бастарына қыш кірпіштен кесене тұрғызыпты»
1864жылғы мәлімет бойынша қазіргі Ойыл ауданының аумағы: Орынбор губерниясы,Орал облысына қарасты Калмыков уезінің №2 ауылы болған. Ауыл тұрғандарының негізін көшпелі Ысық,Кете,Есентемір,Ожырай,Адай рулары құраған.
Веревкин басқарған комиссия 3 ай жұмыс жасап, нәтежесінде Ойыл бекінісінің жобалық түп-нұсқа сызбасы жасалды. Ойыл бекінісінің алғашқы кірпіштасы «1865 жылдың 19 маусымда қаланды»
1865жылы барқын құмының етегіне бекініс салынды.
Бекініс үш бөліктен құралған:
1Әскери тұрғындар мекені болған.
2Бұл бөлікте негізінен қоныс аударушылар (переселендер) тұрса
3Бөлікте, сауда саттық кешендері мен керуен сарайларының обьектілері орналасқан.
Осылайша Ойыл бекінісінің құрылысы 1865жылы басталып 1867жылы пайдалануға беріледі.
Құрылыс негізінен жергілікті жердің сазы мен топырағынан соғылған кірпіш тастармен тұрғызылды. Құрылыстың басым бөлігін сауда үйлері мен керуен сарайлары құрайды. Жалпы 18 құрылыс нысаны бар және 9дүңгіршектен тұратын 15 кешен болған.
1867жылы Қазыбек деген жерде Көкжар жәрмеңкесі ашылды.
1865-1869жылға дейін Ойыл бекінісінің басшылығы қызметінде Заурядхаружный Ашықпай Лепесов болған. Ал 1872 жылдан бастап бекініс басшылығында капитан Сарачинский отырды.
1869жылы сауда қатарлары салынып Көкжар жәрмеңкесі көшірілді.
1869жылдың 22 қазанында Ойыл болдысы құрылды. Орталығы Ойыл бекінісі болған.Болыс негізінен Калмыков уезіне бағынды. Қарамағында 1357отбасы болған. Ойыл болысының басшысы болып Кете руы, Айдар бөлімінің өкілі Байшеркеш Тұрлыев сайланады. Ойыл болысының қарамағында 3 ауыл болған. 1.Старшинасы Мырза Бәйімбет
2.Құрын Төленов
3.Құрмангелді Абасов
1870жылдан бастап Көкжар жәрмеңкесінің төрағасы болып Күмісбаев Меңдібай қызмет атқарды.
1877жылы Ойыл болысы қарамағында 3 дәрігер қызмет атқарған.Жалпы Орал облысы бойынша 4 болыстық дәрігерлер бекеті болса, соның біреуі Ойыл бекінісінде орналасты. Құрылымы жағынан әскери лазарет,10 кереуеттік емхана болған.
«Ойыл бекінісінде орналасқан әскери лазаретте 1877 жылы 94 адам жатып ем алған. Олардың 70 ауруларынан айықса, 19 облыстық ауруханаға ауыстырылып, 5-уі әртүрлі ауыр науқастардан көз жұмған».
«Ойыл бекінісінің маңында диірмен құрылысы жұмыс жасауда. Ол Ойыл өзеніне орнатылған. Иесі жергілікті қазақ Досжан Иманов,диірмен тәулігіне 100пұт дәнді шайқап отыр. Диірменге сонау Ембі,Темірден адамдар келіп,өнімдерін тарттыратын болған».
Ойыл 1918жылы Алашордалықтарға облыс орталығы болған.
1921жылы Орал облысынан бөлініп, құрамында 14болысы бар аудан атанып, 1922жылы тарап кетеді.
Ойыл өңірі. 1928жылы Сауытбай Масатов Адай (Ойыл)округі Атқару Комитетінің төрағасы Бүкілодақтық Атқару Комитетінің 1930жылғы 23 шілдедегі қаулысының негізінде сол жылғы 17желтоқсанда республикада округтік бөлініс таратылып, аудандық бөлініс енгізілген.
1927жылы Адай уезіне біріктірледі. Ал, 1928-30жылдары Алтықарасу ауданы атанған.
Сауытбай Масатов (1899-1952)ж. 1921жылы КПСС мүшесі қатарына өтті.Еңбек жолын 1910жылы қазіргі Маңғыстау облысында байлардың малшысы- жалшысы жұмысынан бастайды.1928жылы Ойыл (Адай) округі атқару комитетінің председателі міндетіне сайлауға ұсынылады. 1948-52жылдары ірілендіре бастаған «Жақсыкөл», «Сапақкөл» колхоздарының басқарма председателі болды. 1945жылы Қазақ ССР-інің 25жылдығы құрметіне Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Грамотасымен награтталды.С. Масатов Қазақ ЦИК-те мүше болды. 1949жылғы желтоқсан айында Мәскеу қаласында өткізілген И.В. Сталиннің 70 жасқа толу тойына қатынасты. Оның ұлы-Масатов Бақытжан ұзақ жылдар Ойыл,Темір аудандық Советтері атқару комитетерінде бөлім меңгерушісі және атком секратары қызметін атқарды.
1930жылдың 17-қыркүйегінде Ақтөбе облысы құрамына қарады. Облыстың батысында, Атырау, Орал облыстарымен шекаралас. Жер көлемі 11,4 ш/км, 1км -1,8 адам. Аудан орталығы –Ойыл,
6 ауылдық округке бөлінген. Аудан жері негізінен жазық, шығыс жағы төбелі, қырқалы, жері қызыл-қоңыр топырақты, сораң және құмды келеді.
1957жылы ақпан айында Қазақстан үкіметінің шешімімен колхоздар біріктірілді:
1. 1931-33 жылдары Таздар серіктестігі құрылып,осы жылы Тамдыкөл ауыл советіне кірген. 6 колхоз Қарасу ,Тамдыкөл, Көптоғай, Саралжын, Жақсыбайкөл, Ақсай біріктіріп 1963 жылы Құрманов атындағы совхоз құрылды. Құрылғанға дейін төраға болып Қыдырбаев Хайролла болды.
2.Мемлекеттік маңызы бар әскери-сынақ алаңына пайдалану үшін үкімет қаулысымен 1939-40жылдары Қызылқоға ауданының арғы жағындағы 18 Тайсойған ауылдық советіне қарасты жерді босату мақсатында,ол елдің «Жеткіншек», «Жасталап», «Екпінді», «Сартоғай» колхоздары Ақкемер,Бестамаққа келіп 1934жылы «Жеткіншек» колхозы болып орналасқан. Басқарма бастығы Меңдалина Балсұлу болған.
1957ж. ақпанда «Саралжын», «Жамбыл», «Қайынды», «Авангард», колхоздары біріктіріліп «Саралжын» совхозы құрылды.
3.Ойыл ауданының селосы. Қайынды өзенінің жағасы, ауданның солтүстік шығысынан 90км. 1972жылы Аманкелді атындағы кеңшар және Саға ауыл а/к болып ұйымдасты.
4.Ойыл ауданы,оңтүстік шығысындағы село. Ойыл өзенінің сол жағасы. Аудан орталығынан 20км. 1963жылы «Ш.Берсиев» атындағы кеңшар болып ұйымдасты.
5.Ойыл ауданындағы село, Қараби өзенінің сол қанаты. Ойылдың солтүстік батысы-78км. 1963жылы «Жетікөл» кеңшары болып ұйымдасты.
Отар Қлипанов /1924,Ойыл ауданында -1998/-Ұлы Отан соғысына қатынасушы. Рота командирі, лейтенант.Кейінгі кездері 20жыл бойы бұрынғы Еңбек Қызыл Ту орденді «Жетікөл» кеңшарында директор. Ленин,1-дәрежелі Отан соғысы, Октябрь революциясы,Еңбек Қызыл Ту, екі рет «Құрмет Белгісі» ордендермен, көптеген медальдармен марапатталған.
Жетікөл совхозын басқарған.
6. Ойыл ауданындағы село, Ойылдың солтүстік батысы.
Аудан орталығынан 63км. 1963жылы «Жекенді» кеңшары болып ұйымдасты.
1927-29 жылдардағы елді (коллективтендіру) ұжымдастыру саясаты жүргізілді.
1931-1933 жылдары ашаршылық жылын бастан кешірді.
1934жылы «Ойылдың колхоз-совхоз драма-театры» құрылды.
1941-45жылғы соғыстың ауыр жылдарында өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмай колхоз-совхоз театрлары тарап кетті. Ойыл театры мен республикалық театры ғана жұмыс жасаған. Театрдың шығармашылық құрамы соғықа дейін 32 адам еді, қиыншылық жылдада 14адам ғана жұмыс атқарған.
Жазықсыз жапа шеккендер 1937-1938ж.
Нұрлыбек Әбдікәрімов 1906-1938ж.
1937-38жылдардағы «халық жауы» деп ұлтымыздың бетке ұстар заңдыларын айдау,абақтыға жабу нәубеттерін бастан кешті.
1933-1937жылы Ойыл аудандық партия комитетінің хатшысы қызметін атқарды.1932жылы ілкіде Ақтөбе ауданында партия комитетінің бөлім меңгерушісі болып қызмет жасады. 1937жылы «халық жауы» деген жазықсыз жала жабылды.Оны қаралауға арналған Ойыл аудандық партия комитетінің 1937жылғы 17 қараша күнгі пленумында қорғап сөйлеген, Ойыл с. Тұңғыш орта мектеп салдырып,өзі сол мектептің директоры болған Нығметияр Оразалин де атылды.
Аяпберген Науанов (1884-1937)ж.Ойыл.Қызылқоға өнірлеріне алғаш мектеп ашып, мұғалімдік іспен айналысқан.Түркияда білім алған 1919жылы Тайсойғанда алдымен бастауыш,кейін орта мектептер ашып, сабақ жүргізген.
Математика, қоғамтану, география, грамматика оқу құралдарын мектепте араб тілінде ыңғайлап әзірлеген.
Сүлеймен Қарабалаұлы (1907-1971)ж.
Халық шипагері, Киелі Әулие,белгілі сынықшы.
Саяси қуғын-сүргін құрбандары.
Халық ағарту мәдениет саласы.
Ойыл орыс және қазақ мектептері озаттарының слеті 1938ж.
Ойыл қазақ драма театрының ұжымы.
Бұдан жетпіс жылдай уақыт бұрын Құланбасов Жақсығали,Қайдаров Есбосын,Дауылов Киікбай деген азаматтар өнерге құмар, ақын, жырау, қобыз, домбырада ойнайтын, би билейтін мамандықтары бар жеке орындаушыларды топтастырып,ойын-сауық үйірмелерін ұйымдастыра бастады. Бүл үйірмелер өздерінің шығармашылық дарындарын өнер сүйер көрермендерге таныта білді.
Сол кездегі аудан басшылары жастардың өнерге деген құштарлығына жол ашу облыс, республика басшылары мен өнер мамандарына ұсыныс жасап, комиссия шақыртқан. 1934жылдың алғашқы тоқсанында профессор Ахмет Жұбанов бастаған әр мамандықтағы құрамда комиссия келді. Комиссияның ұсынысы бойынша сол жылы күзде республикалық мәдени-ағарту мекемелері бас басқармасының қаулысымен жастар үйірмесі енді. Оленді мемлекеттік Ойыл қазақ филармониясы болып аталып,оның құрамы бекітілді. Филармония өзінің концертінің праграммасын жетілдіріп, жұртжылыққа мәдени қызмет көрсетуді жақсарта түсті. Өнерлі жігіттер мен қыздарды өз құрамына жедел топтастырып, олардың шеберлігін ұштады. Тіпті драмалық пьесаларды да әзірлеп,құрметке,беделге ие бола бастаған.
1935жыл аяқталмай-ақ,филармония енді,ауданаралық Ойыл колхоз-совхоз драма театры атағына ие болды. 1941жылы Республика бойынша 24колхоз – совхоз театры бар еді. 1941-45жылдары ұлы Отан соғысы кезінде театрлар ұжымы өз табысы есебінен жұмыс істеді. Алайда,соғыстың ауыр жылдарында өзін -өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмай 22колхоз-совхоз театрлары,облыстық көптеген драма театр,филармониялар тарап кетті. Республика бойынша екі колхоз-совхоз театры: Ойыл театрымен республикалық театр ғана жұмысын жалғастырды.
1944жылдан бастап театр коллективін Ақтөбе,Орал,Гурьев (бұрынғы атауы бойынша) және Қарақалпақ Автономиялы облыстары жұртшылығын қамтуға міндетті облысаралық театр атанып,қызмет жасады.
Театрдың шығармашылық құрамы соғысқа дейін 32 адам еді,қиыншылық жылдарда 14адам ғана жұмыс істеді. Оның бесеуі ер адамдар,қалғаны әйелдер болды. Ер азамат бейнесінде сахнаға шықты,кадр мұқтажын білдірмеген. Театрда еңбек еткендер:
1.Маханов Жалғасбай -1906жылы туған.Еңбек жолын байдың малын бағумен бастаған. 1925-30жылдары заң мекемелерінде істеді. 1934жылдан Ойыл филармониясында,колхоз-совхоз драма театрдың артисі,бас артист,режиссер,директоры болып істеген. Театр сахнасында қойылған 100-ден астам ірілі –уақты пьесаларда бастыв рольдерде ойнады.
2.Оразбаев Бегіман-1908жылы туған. Колхоз-совхоз драма театрын ұйымдастырушылардың бірі. Театрдың бас артисі.Отан соғысына қатынасқан,театрда жағымсыз рольдердің шебері.
3.Дәденова Бәтіш -1920жылы туған. Театр қйымдастырылғаннан жұмыс жасаған. Сахнада әртүрлі сипаттағы рольдерді нанымды көрсетіп ойнайды. Негізгі мамандығы –домбырашы. Халық композиторлары Құрманғазы,Дина,Дәулеткерей сияқты ұлы өнер иелерінің күйлерін тарта білді.
4. Қазтуғанов Жауылбай -1920жылы туған. Ұлтымыздың «сегіз қырлы» деген теңеу сөзіне жататын әнші,жыршы,сондай-ақ өнер сахнасында жарты ғасырлық еңбек жолын өткізген артист.
1943жылы Ш.Берсиев дүниежүзі бойынша ақтарының атасы деген атқа ие болды.
1944-52жылы Ойыл аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып Серікбай Төлеубаев (1910-1977)ж.қызмет жасады.
1955жылы ауыл шаруашылығын басшы кадрлармен нығайту жөніндегі Орталық партия комитетінің қаулысына сәйкес Ойыл ауданының ірілендірілген Жамбыл атындағы колхозына төраға болып келіп,екі жылда оны көтеріп 5фермасы бар үлкен совхоз құрды.
1957ж. зейнеткерлікке дейін Ойыл аудандық партия, кәсіподағы ұйымдарының шаруашылық буындарындағы басшылық қызметінде болған.
1953-1954жылдары тың игеруге келген тың игерушілер:
Олюнин, Своров, Алдабергенов К, Соловьев, Пестов, Свитнов, Крупина, Пак, Артеменко т.б.
1950жылдардың басында ауданда бір ғана орта білім беретін мектеп болған.
Кеңес Нокин (1927-2006)ж.
1943-59жылдары еңбек жолын «Қызыл керуен» ұжымшарында колхозшыдан бастап, 1945жылға дейін осы шаруашылықта есепші қызметін атқарған. «Саралжын» кеншерында басшылық қызмет атқарған.
1960жылдары ауданымыз әкімшілік басқару бөлінісі жөнінде түрлі өзгерістерге ұшырап отырды. Бірде Темір өндірістік басқармасына бағынып,аудандарды ірілендіру саясаты жүрген кезде көрші Қобда ауданына қосылып аудан ыдырап кетті.
1965жылы қаңтар айында Ойыл ауданы болып құрылды.
1965жылы аудан негізінен жеті үлкен шаруашылықтардан Саралжын, Октябрь,( Қазіргі Алтықарасу елді мекені), Жетікөл, Ойыл, Қайынды, Берсиев және Құрманов атындағы совхоздардан кейін аудан тағы да территориялық бөлініске түсіп, Қайынды совхозының бір бөлігі және Октябрь совхозы Темір ауданының қарамағына берілді.
1963 жылы ауданда ауыл шаруашылығы үшін механизаторлар кадрларын даярлайтын училище ашылды.
1935жылдан 1963жылға дейін Ойыл колхоз-совхоз қазақ драма театры халыққа қызмет етті.
Театрда қазақ ССР халық әртісі биші Н. Тапаловада болған.
1970-80жылдары барлық кеңшар орталықтарында орта білім беретін мектептерашылды.
Ел басқарған азаматтар.
1965-1972жылдары Ойыл аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы. Байсалбай Жолмырзаев (1938-1998)ж.
Ойыл орман шаруашылығын дамытуда көп еңбек еткен. Байсалбай Жолмырзаевтың нұсқауымен Қызыл мектепті жетпісінші жылдарға дейін өкпе ауруымен ауырғандарды сауықтандыратын санаторий қылып ашты.
1971жылы ірі табысы үшін Жетікөл кеңшары Еңбек Қызыл Туы орденімен марапатталған.
1972-1978ж. Ойыл аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы. Сапар Сағынтаев
1975жылы бастау алған Ақтөбе мен Ойыл орталығын жалғастыратын көтерме жол. 1980жылы көтерме жол құрылысы аяқталды. Ауданда он төрт қой өсіруші комсомол – жастар бригадасы ұйымдастырылды.
1985ж. «Құрман» кеңшары қой санын 50253-ке жеткізіп ірі табыстарға жетті.
1985жылы ауданда 4663жылқы ,278түйе,15638 қара,243656 қой болған.
Әнуар Бекмұхамбетов (1937)ж
1978-1991ж. Ойыл аудандық партия комитетінінің бірінші хатшысы. Ауыл шаруашылығы өндірісін ұлғайтып,ауданның экономикасын көтеруде, әлеуметтік мәселелерді шешуде, партия мен үкіметтің шешімдерін жүзеге асыру, ауыл шаруашылығында әсіресе мал тұқымын асылдандыру ісі жолға қойылып т.б.бірқатар игілікті істердің атқарылуына мұрындық болды. Мал шаруашылығына қажетті жем-шөп қорын нығайту үшін суармалы егіс көлемі ұлғайтылып,суару жүйелері салынды.
Ғаббасов Олжабай (1948-1997)ж.
1989-1992жылдары Ойыл аудандық атқару комитетінің төрағасы, аудан әкімі болды. Аудан басшылығы қызметіне келген уақыт ескі социалистік қоғамның іргетасы сөгіліп,жаңадан құрылып жатқан нарықтық қатынастардың сара жолы салынбаған қиын кез болатын. Ақша құнсызданып, зейнетақы,еңбекақы айлап төленбей,күнкөріс көздері бірнеше есе қымбаттап,сөрелерден азық-түлік жоғалып, халықтың басшыға сенімі азайған уақытыда осы кез болатын.
Осы бір қиын кезеңде тығырықтан шығатын жол іздеп, ауданда жаңа нарықтық қатынастарға негізделген бірнеше еңбек кооперативтердің, шаруақожалықтардың сауда орталықтарын ашуға шешім қабылдап, жаңа жұмыс орындарын ашуға жағдай жасай білді.
1992-1996ж. Ойыл ауданының әкімі. Қозы Көрпеш Аманбаев Ұлы Жеңістің 50жылдығы аталып өтті.
1997-2003ж. Ойыл ауданының әкімі. Газиз Займолдин (1946)ж.
1.Ауданда жаңа мектептер ашылды.
2.Көкжар жәрмеңкесінің 150жылдығы, Ойыл ауданның 80жылдығы тойланды.
3.Жұмыссыздық қысқара бастады.
4.Жеке қожалықтармен кәсіпкерлер қалыптасты.
5.Ауыл шаруашылық жұмыстары қолға алынды.
6.Ауданды ыдыратпай бір орталыққа бағындыра білді.
7.Зейнеткерлер уақытылы ақшасына ие болды.
Қуантқан Әлімов
2003-2006ж. Ойыл ауданының әкімі.
1.Ботагөз батырдың кесенесі бой түзеді.
2.Ұлы Жеңістің 60жылдық мерекесі тойланды.
3.Ш.Берсивтің 125жылдық мерейтойы аталып өтті.
Серік Шәңгерейұлы
2006-2008ж. Ойыл ауданының әкімі.
1.Жекенді, Жетікөл селосына «Дайра» көпірі салынды.
2. Қобда –Ойыл тас жолының құрылысы басталды.
3.Ойыл қазақ орта мектебі күрделі жөндеуден өтті.
4. Аудандық аурухананың құрылысы басталды.
5.Табиғат апаты әсерінен тұрғын үй салу құрылысы басталып,қолданысқа берілді.
6.Аудандық кітапхана ашылды.
2008жылдан бастап Қанатбай Елеусізұлы. Ойыл ауданының әкімі.
1.Қобда –Ойыл тас жолының іске қосылуы.
2. Жаңа ғаламат көпірдің пайдалануға берілуі.
3.Аудандық аурухананың ашылуы.
4.ҰБТ-да аудан жоғары көрсеткішке қол жеткізді.
5. 64оқушы тегін оқуға мүмкіндік алды.
Соцалистік Еңбек Ерлері.
Үмбет Дүсіпов 1881-1961ж.Жылқышы.
Дауылбай Медетбаев 1890-1969ж. Аға жылқышы.
Бейсұла Құрманғазин 1910-1994ж.Аға шопан.
Қуаныш Ержанов 1912-1994ж. Аға шопан.
Бекіш Ғалымов Аға шопан.
Аманғос Мұқанғалиев 1972ж.
«Еңбек Даңқы» Орденінің толық иегері.Жылқышы.
Сүйесін Тілеумағамбетов 1894-1955ж.
Еңбек Қызыл ту, «Құрмет белгісі», Ленин Орденінің иегері.
Ж.Жүсібалиев 1915-1992ж.
Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген ұстаз.
Елді ер танытар. Р. Сыздықова
Рәбиға Сыздықова Ғалиқызы 1924жылы 17-тамыз айында Ақтөбе облысының Ойыл қалашығында дүниеге келген өжет, өткір қыз. Сабақты үнемі үздік оқыды. Әкесі Сәтіғали Құтқожин төңкеріске дейін орысша оқыған,көзі ашық адам болған. Балаларын қазақ мектептерінде оқытқан. Почта бастығы болып тұрғанында 1937жылы дүрбелеңде ұсталып кетіп, қайта оралмаған. Анасы Жеміс пен әкесінің Еркінғали деген тете інісі әңгімешіл,ақ жарқын, қиындыққа дес бермес алымды жандар екен.
Рәбиғаның төл тіліміздің қамқоры болуына осы екі адамның шарапаты тиіпті. «Халық жауының» бала-шағасы сан зобаланды бастарынан кешсе де, өмірге деген құштарлықтарын жоғалтқан жоқ... Сенімін алға ұмтылдырды.
Үздік дипломды алғыр қыз 1948 жылы түрік, француз тілдерін жақсы білетін, халықаралық право саласынан қазақтан шыққан алғашқы ғылым кандидаты, дипломат Мақаш Сыздықовқа тұрмысқа шықты. Мақаш қайтыс болғанда,беске толмаған жалғыз ұлы Әсет кейін әке жолын қуып, дипломат болды,бірнеше шетелдерде дипломаттық қызмет атқарды,бес тілді меңгерген азамат Рәбиға Сыздықоваға екі ұл,бір қыз немере сүйдірді. Тағдырлас адамдар ортақ тіл табысады. «Халақ жауы» атанып, «16 жол өлең үшін 18жыл қуылып»айдауда болған асыл азамат,ақын,халық артисі Шахан Мусин даңғарадай үйде үш баламен сенделіп қалғанда, Рәбиға Сыздықова қол ұшын берді. Екеуі де сөзді пір тұтқан,бірін-бірі емеурінен түсінетін тұлғалар қиын шақта бірін –бірі демеп,қолдап,ұлтының сүйіспеншілігіне бөленді. Екі отбасының түтіні маздады. Он екі жасында әкесінен айрылған, отызында қосағынан көз жазған қайсар әйел өмірлік серік тапқан соң, ғылымға айрықша ден қойды. Рәбиға Сыздықова – сөз тарихына, сөз әсемдігіне,сөз сазына,әуеніне,қолданылу мәдениетіне терең бойлап, білгірлікпен талдау жасаған сирек талант,ірі ғалым. Сөздің мәнін ашу,көне жазбалардағы сөздердің қалай қолданылғандығын анықтау зор жауапкершілікті,ұқыптылықты,төзімділікті қажет етеді. Профессор бұл қиындықтарды сезіп біле тұра тіл тарихын зерттеуге ерекше ден қойды. «Қазақ әдеби тілінің тарихы (ХV-ХІХ ғасырлар)» атты еңбегінде сан ғасырлық тарихы бар, миллиондаған адамдарға қызмет етіп отырған,мемлекеттік мәртебеге ие болған қазақ тілі сияқты ірі тілдің тұтас бес ғасырлық тарихын таныту үшін, оның белгілі бір кезеңдердегі күй-қалпын сипаттау, жеке ескерткіштердің тілін талдау,функционалдық стильдерінің пайда болып,әрі қарай қалыптасуын зерттеу, жеке қаламгердің үлесі мен рөлін көрсету сияқты жұмыстардан бастап,әдеби тілдің өзінің статусын айқындау,даму кезеңдерін дәуірлерге бөлу,әр кезеңдегі даму принциптері мен бағыттарын дұрыс табу тәрізді қыруар мәселелерді шешіп алуға айрықша қажыр – қайрат жұмсады.
Рәбиғаның ғылымдағы жүріп өткен жолы- көпке үлгі боларлық тағылымды жол,ал оның тағдыры-советтік дәуірде туып, білім алған,ғылымға құлаш сермеген қазақ қызының өнегелі тағдыры.
Жақсы әке–шешенің дұрыс тәлім-тәрбиесін көріп өскен Рәбиға Темір педучилищесінде де беделді, білімді педагог Бақытжан Алтыбаевтың ұстаздық тәрбиесін көріп, қанаттанып жетіле түседі.Осы мұғалімнің білімдарлығы Рәбиғаның ана тілінің маманы болуына ықпалын тигізеді. «Жақсыдан - шарапат» дегендей, енді оның ана тілін терең білуге құштарлығы артады.
Рәбиға қызмет жолын 1940жылы Темір педучилищесін үздік бітірген соң, сол кездегі «Алға» поселкесінде бастауыш мұғалімі болып орналасып, сабақ береді. Сол кездегі шәкірттері: Қобдабергенов Шымкент қорғасын заводының директоры, Сұният Нұрмұқанбетов – тарих ғылымының кандидаты, Бәкір Тәжібаев пен Ізтай Мәмбетов- белгілі ақындар.
Соғыс уақытында 1942-45жылдары ол Темір,Ақтөбе қалаларындағы мектептерде мұғалімдік қызмет атқарады. Кейіннен Ақтөбедегі екі жылдық мұғалімдер институтын үздік бітіріп шығады. Алайда,Рәбиғаны өз білімімді толықтырсам ба деген ой күн сайын мазалай береді. Соғыс аяқталып,ел бейбіт тіршілікке көшкен соң оқуға талпынады да Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетінің ІІІ курсына студент болып қабылданады. Оқуды 1947жылы бітіріп шығады да осы институттың аспирантурасында оқиды. Студент кезінде–ақ «Қазақ тіліндегі изафет» деген тақырып бойынша жасаған баяндамасы оның тіл біліміне икемдігінің бар екенін аңғартты. Баяндамасында келтірген мысалдарының да тәлім –тәрбиелік маңызы бар еді. Ол А.П. Чеховтың мақал болып кеткен мына сөзін алып, оған изафеттік талдау жасады; «Адамда барлығы да әдемі болуға тиіс: оның түрі де,киімі де, жаны да, ойлары да сұлу болуы керек ». Осындай белсенділігімен Рәбиға Сыздықова жұртшылықтың көзіне ерте түсе бастады,ғылыми қабілетімен танылды.
Ғалым - әдебиетші Қайым Мұқаметқанов оның ғылыми еңбектері туралы былай дейді: «Басқа кітаптарыңызды білмеймін. Мына орфография мен пунктуация жайлы анықтағышыңыздың орны өте ерекше. Бұл кітап арқылы сіз бәрімізге де ұстаз болып отырсыз. Ұстаз бола бересіз».
1959 жылы 15-19 июльде Қазақ ССР Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында «Әдеби мұра және оны зерттеу» деген тақырып бойынша ғылыми-теориялық конференция өткізілген. Осы конференциядағы Рәбиғаның сөзі жұртшылыққа ұнады. Ол туралы М.О.Әуезов Рәбиға Сыздықоваға мынадай мінездеме берді: «Рәбиға Сыздықованың сөзіне конференцияға қатысушылар айрықша риза болды деп санаймын.Оның сөзіндегі бір ерекшелік – тіл мамандары мен әдебиетшілерге қатар айтар орынды,кенеулі ой бар және сол ойды таратып айта аларлық тіл құдіреті мейлінше жеткілікті екендігін аңғартты » (Әдеби мұра және оны зерттеу», «Ғылым» баспасы,1961 жыл, 351-бет).
Рәбиға Сыздықова Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының аспиранты болып оқыған кезінде-ақ өзінің тіл білімін дәйекті зерттеуге қабілетті жан екенін көрсетті. Тіл білімінің келелі мәселелерін терең зерттеуге,түбегейлі шешуге ынтыға,құлшына кірісті.
Осылайша кемелденген кезінде,1957жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының тіл білімі институтының қызметкері болып орналасты. Көп ұзамай қазақ тілі диалектология бөлімінің меңгерушісі, институттың партия ұйымының секретары болып жұмыс істеді.
Р.Сыздықова 1957 жылдан бастап 1971жылға шейін 14жыл бойы Абай шығармаларының тілін зерттеді.Оның жазып,баспадан шығарған 20-дан астам кітап,кітапша,жүзден аса мақаласының ішінде Абай шығармаларының тілі туралы жазған екі томдық кітабының шоқтығы биік тұрады. Оған кандидаттық және докторлық ғылыми дәрежеге алып берген де осы қомақты, ауқымды екі еңбек: «Абай шығармаларының тілі»(1968 жыл), «Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы» (1971жыл). «Абайдың сөз өрнегі»(1995ж.) Р.Сыздықова ұлы ақынның дүниеге келгеніне 150 жыл толуы қарсаңында жарияланған «Тілге жеңіл,жүрекке жылы тиген» деген мақаласында : «Абай поэзиясы қазақ өлеңінің бұрыңғы көркемдік дүниесінің синтезі ғана емес, жаңа кезеңнің,классикалық жазба түрінің бастамасы,кейінгіге жол салған үлгісі болды» деген.
Ол -1959жылы «Абай тілінің негізгі морфологиялық ерекшеліктері» деген тақырып бойынша кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады.
Абай шығармаларының тілін зерттеу оны үлкен арнаға алып келді,ғалымның «Қазақ әдеби тілінің тарихы» деген құнарлы еңбегі «Мектеп»баспасынан 1984жылы жарық көрді. Оның ғылыми табыстары осындай қомақты болып отыр, өйткені «бұлақтың басы тұнық болса,соңы мөлдір» деген халық мақалы осы сияқты бір арнадағы құнарлы іске байланысты айтылғанына ешкім таласа алмайды.
Р.Сыздықова 1979 жылы Қазақ ССР Ғалым академиясының мүше – корреспонденті болып сайланады. Бұл – тіл білімі саласында қазақ әйелдері ішінен тұңғыш рет болған жағдай. Ғалымның өзіне тән бірден –бір ерекшелігі – тіл білімі мен әдебиет әлемін бір-бірімен тұтастықта,байланыста зерттеуі. Сөз құдіретін ұғынып,бағалай білетін ғалым ұлы Абайдың сөз өрнегін зерттеуді бастаған сонау1950-жылдардан бергі кезеңде де сөз зергерлерінің шығармаларын көкірек көзінен өткізіп, зерделеуді өзінің бір парызы санап келген. Абай тілін зерделеуге бағышталған 1968жылы «Абай шығармаларының тілі» атты монографиясы үшін ғалымға Ғылым академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығы берілді. Бұл еңбекте автор қазақ әдеби тілін қалыптастырудағы ұлы Абайдың қосқан зор үлесін,орның дәлелдейді.Абай шығармалары тіліндегі лексика- морфологиялық ерекшеліктері саралай келе ақын өмір сүрген кезеңдегі қазақ әдеби тілінің де жағдайын жан-жақты қарастырған. Суреткер қолданған лексикалық,грамматикалық қатпарлары әр қырынан талдап береді.Онда жаңадан жасалған, көнені жаңартқан, мүлде тың қолданыстардың себеп- салдарын анықтап, ұлы ақынның шығармашылығын даралай түсетін тұстары ерекше зерделілікпен баяндалады. Сөйтіп «Абай –қазақтың қазіргі әдеби тілінің негізін қалаушы» деген тұжырымды тілдік деректермен бекіте түседі.
Абайдың жазба әдеби тілдің негізін салудағы орнын анықтай отырып, ол өмір сүрген дәуір мен ортаның ара қатынасын, сол дәуірдегі әдеби тіл мен кітаби тіл байланысын жан-жақты талдайды.
Ғалымның жоғарыда аталған «Абай өлендерінің синтаксисі» атты монографиясы жалпы өлең синтаксисіне арналған алғашқы еңбек десе де болады. Мұнда Абай тілінің құрылым-құрылысы соншама бір сарамандықпен қарастырылған. Осынысымен де ол ізденушілер мен студенттер қолынан түспей келе жатқан бірегей еңбектер қатарында.
Р.Сыздықова «Абайдың сөз өрнегі» (1995) атты еңбегі лингвостилистикалық зерттеу болып табылады. Зерттемеде лингвопоэтикалық танымның нысаны мен мақсат-міндеттерін саралаудан, Абай тілін танудың қырларын анықтаудан басталады.Еңбектегі «Сөз- өлеңнің арқауы» деп аталатын тарау поэтикалық сөз мәселесіне бағышталған болса,келесі тауарларда ұлы ақынның сөз құбылту шеберлігі, сөзді үндестіру құпиялары, қара сөздерінің стильдік және тілдік табиғаты айқындалады, Абай дәстүрінің сабақтастығы мәселелері баяндалады.
Р.Сыздықова қазақ прозасы мен поэзиясындағы бұрыңғы, кейінгі, орта буын, жас буын қаламгерлердің қай қайсысын да көзден таса етпей,жылт еткен жақсылықтарын атап, көрсете білетін жан. Ол үшін әсіресе нағыз ақын атаулының жөні бөлек. Абай,Махамбет,Дулат,Мағжан, Қасым тәрізді алыптарды былай қойғанда, кешегі Мұқағали, Төлеген,Ізтайлар,қазір арамызда жүрген Тұманбайдан бастап, Өтежан,Ақұштап, Марфуға, Нұрлан (Оразалин), Светқалиларды тебірене оқып, олардың сөз саптау машығына танданыс білдіріп отыратын Р.Сыздықова оқырман ретінде талғамына сүйсінбеу мүмкін емес.
Р.Сыздықова жыл сайын бір еңбек шығарып отырған. Осындай жарияланған ғылыми еңбегі жағынан алғанда, онымен басқа лингвистеріміз жарыса алмайды.Сондықтан да болар ол басқарып отырған тіл мәдениеті бөлімі институт бойынша «Социалистік жарыстағы жоғары көрсеткіштері үшін» деген жүлдені басқа бөлімдердің ешбіріне берген емес.
Р.Сыздықованың басты-басты еңбектерін қысқаша атап өтейік:
1.«Қазақ тілі методикасының негізгі мәселелері»(1954жыл).
2. «Қазақ тілі орфографиясы мен пунктуациясы бойынша анықтағыш» (1959жыл).
3. «Қазақ тілі орфографиялық сөздігі (соавтор, 1960ж.)
4. «Абай шығармаларының тілі» (1968ж.)
5. «Абай өлендерінің синтаксистік құрылысы » (1971ж.)
6. «Сөздер сөйлейді» (1980ж.)
7. «Сөз сазы» (1983ж.)
8. «Қазақ әдеби тілінің тарихы» (1984ж.)
9. «Жаңа сөздер мен тіркестер» (соавтар, 1984ж.) және т.б.
Р. Сәтіғалиқызы «Абайдың сөз өрнегі», «Сөз құдіреті» және «Сөздер сөйлейді» атты үш монографиялық еңбегін баяндау стилімен тақырыбы жағынан өзіне өте ыстық кітаптар санайды. Әсіресе көркем мұраларды құмарта оқитын жұртшылықтың қолына тиген «Сөздер сөйлейді» (1980,1994) деген еңбегі ғалымның аса бір зеректікпен орындаған жұмысы болды.Онда ақын–жыраулар тілінде кездесетін сан алуан тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдер құрамындағы көне сөздердің байырғы мағыналары ашылып,олардың семантикалық өрім-өзгерістері сараланды. Еңбектің тарихи лексикология бойынша өте қажетті оқу құралының біріне айналуы сондықтан. Ғалым бұл кітапқа еңбегінің көп сіңгенін жазады. Кітапта қазіргі тіліміздегі бастапқы мағынасын күнгірттенген немесе мүлде ұмытылған, тарихи тұрғыдан түркі-моңғол, түркі-иран тілдеріне ортақ сөздердің әуелгі мәні анықталып,олардың түп төркінін анықтаудың жолдары мен тәсілдері,шарттары айқындалады. Сөздердің көпмағыналылығы, тарихи кезеңдердегі тұлғалық және мағыналық өзгерістері ашылады.
Ақын-жыраулар тілінің кездесетін сан алуан тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдер құрамындағы көне сөздердің байырғы мағыналары ашылып, олардың семантикалық өрім-өзгерістері сараланды. Еңбектің тарихи лексикология бойынша өте қажетті оқу құралының біріне айналуы сондықтан. Ғалым бұл кітапқа еңбегінің көп сіңгенін жазады. Кітапта қазіргі тіліміздегі бастапқы мағынасы күнгірттенген Р.Сыздықова ғылымға тынымсыз талпынған талабының арқасында қазақ әдеби тілі мен қазақ жазба әдеби тілін зерделеп, олардың қалыптасу тарихын жан-жақты тарата талдайтын еңбектері өз алдына бір төбе. Мәселен: «Қазақ әдеби тілінің тарихы (ХV-ХІХғғ.)» атты еңбегіне ол әдеби тіліміздің ұлттық дәуірге дейінгі негізгі көздері мен арналарын анықтап алып, әдеби тілдің ұлттық дәуірдегі сыр-сипатын айқындайды.Оны кезең-кезеңдерге бөліп,толық сипаттама жасайды.Жазба әдеби тілдің де болғандығын бұлтартпастай дәлелдейді. Ғалым зерттеулерінен әдеби тіл тарихына қатысты бұрын қалыптасқан пікірлерден өзгеше тың ойлармен танысамыз. Әдеби тіл мәселесіне қатысты тарихи деректерге молынан жүгіне отырып және тілдің даму процесін қуалай іздестіре келе әдеби тілдің тарихын бірнеше ғасырға терендетіп батыл тұжырымдар жасайды. Мысалы: ХV ғасырдан бастау алатын,бес ғасырға созылған жыраулық, ақындық поэзия тілін саралай келіп, Р.Сыздықова ғылыми ортаға «ауызша әдеби тіл»деген жаңа ұғым мен тың терминді ендіріп, мүлдем жаңа бағыт ұсынды.Оның тіл біліміндегі бұл батыл байламы қазір өзінің өміршеңдігін танытып отыр.Бұл пікірді ғалым ең алғаш рет 1984 жылы жарияланған «ХVІІІ-ХІХғ.қазақ әдеби тілінің тарихы» атты монографиясында да әйгіленген болатын. Ақын-жыраулар шығармалары мен көптеген әдеби үлгілерін, фольклорлық мұраларымыздың ел арасында ауызша таралғаны анық. Сондықтан халқымыздың өз тарихи жолы мен тұрмыс салтына байланысты ерекшеліктерінен туындайтын мұндай феноменді есепке алудың қажеттігі даусыз. Профессор Р.Сыздықова түркітану іліміне де өзіндік жолы бар зерттеуші. Бұл ретте оның жоғарыда сөз болған «Язык Жами, ат –тауарих Жалаири» (1989)деген монографиясын ерекше атауға болады. Бұл еңбекті зерттеудің айрықша құндылығы мынада. Кешегі бір кезеңге дейін мұндай ескерткіштердің көбінен ат-тонымызды ала қашып, іргемізді аулақ салып келдік. Ондағы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрып, салт-дәстүріне тән,тіпті басқа туыс тілдерде қайталанбайтың, кездеспейтін тәрізді қызықты сөз өрнектерін тауып талдап, анықтайды. Ол Қадырғали Жалаиридің «Жами, ат-тауарих» атты шежіресінің рухани мәдениет жағынан да, тілдік тұрғыдан да қазақ халқының байырғы дәуірінен қалған мұра екенін дәлелдеп шықты. Осы арқылы қазақ халқының рухани мұрасын байытуға айтарлықтай қомақты үлес қосты.
Зерттеуді Жалаиридің дұрыс аты-жөні мен ныспысын анықтаудан бастаған ғалым,екі нұсқаны лингвотекстологиялық тұрғыдан салыстыра отырып, шежіре тілінің стилистикалық,лексика-фразеологиялық,графикалық және орфографиялық ерекшеліктерін зерделейді. Ескі түркі жазба ескерткіштерінің тілдік мәртебесін анықтауда басшылыққа алынатын негізгі ұстанымдарды ұсынады. Ескерткіш тілінің стилистикалық сипатына, көркемдеу құралдарына ерекше назар аударудың қажеттігін жазады.
Профессор Р.Сыздықова түркі тілдері тарихына байланысты ізденістерін Қожа Ахмет Ясауи хикметтері арқылы ХІІ ғасырға қарай тағы да тереңдете түседі. Ғалым, өзінің «Ясауи хикметтерінің тілі» (2004) атты монографиясында хикметтердің Самарқант нұсқасы негізінде оның тіліне лексика-грамматикалық,текстологиялық тұрғылардан талдау жасаған. Зерттеме барысында ғалым лексикалық тұрғыдан да, грамматикалық тұрғыданда Ясауи тілінің негізгі қыпшақ-оғыз әдеби тілі деген қортындыға келеді.
Қ.Ясауи - түркі поэтикасының құдіретімен ислам дінінің негіздерін жүректен жүрекке жеткізуде, сөйтіп оны түркі мәдениетінің төл мұрасына айналдыруда орасан зор еңбек сіңірген алып тұлға. Хикметтер құрамындағы ұлы шейхтың төл мұрасын анықтау, оны ұлы ақынның шәкірттері мен ізбасарлары тарапынан қосылған жыр жолдарынан айыру, көшірушілер мен қайта көшірушілер, бастырушылар жағынан үстемеленген мәтіндерді анықтап, қателіктерді жөндеу-осының бәрі оңай шаруа емес еді.
Ғалым 230 беттік қолжазбаны 4-5 қайтара жазып , транскрипциялап, транслитерациялай отырып, аса мұқият болуды талап ететін зерттемені ыждағаттықпен орындап шыққан. Қазақ тіл білімінің 1950- жылдардан бергі жарты ғасырдан астам тарихында Р.Сыздықова зерттемеген саласын табу қиын. Солардың бірі- тіл мәдениеті.Бұл сала бойынша ол қаншама жылдар бойы өте нәтижелі еңбек етіп келеді.
Ғалымның сондағы көңіл бөліңкірейтіні сөз сазы, жаңа қолданыстар, әдеби норма мәселелері. Оның тікелей қатысуымен «қазақ тіліндегі жаңа қолданыстардың » бірнеше басылымы жарық көрді. Р.Сәттіғалиқызының
«Тілдік норма және оның қалыптасуы» (2001) атты монографиясы-норма мәселесі теориялық тұрғыдан сөз болатын күрделі еңбектер қатарына жатады. Ғалымның қазақ орфографиясына қосқан үлесі де мол. Ол қазақ тілінің орфографиялық сөздігін түзісуге 1960 жылдан бері үзбей қалам тартып келеді. Оның тікелей басшылығымен қазақ орфографиясындағы негізгі ережелердің жаңа нұсқасы жасалды. Р.Сыздықова қазақ тіл білімінің көкейкесті мәселелерін баспасөзде үзбей жазып, теледидар,радиодан үздіксіз насихаттап келе жатқан сергек ойлы, зерек тілші. Ол қоғамдық мәдени өмірдің қайнаған ортасында, әсіресе тілге қатысты мәселенің бәрінде өз үнін,өз пікірін ашық та анық айтып отыратын тіл сыншысы.
Р.Сыздықова кешегі репрессия құрбандары А.Байтұрсынұлы,Қ.Жұбанов сынды ғұламалардың өмірі мен шығармашылығын жан-жақты зерттеген ғалым. Ғалым. 1966жылы Құдайберген Жұбанов туралы ең алғашқы баяндаманы жасап, содан кейін «Ғалым-азамат» деген кітапша шығарған. 1989жылы А.Байтұрсынұлының ақталуына қажет аңықтама жазған Р.Сыздықова «Тіл тағылымын» шығаруға да зор еңбек сіңірді. Ол Х.Досмұхамедұлының таңдамалы еңбектерін шығару ісінде де бас редактор ретінде көп жұмыс жасады. Ұлтымыздың ардақты азаматтары үшін қызмет етуді ол өзінің азаматтық және ғалымдық парызы санайды.
Ғалымның ұстаздық жетекшілігімен немесе кеңесшілігімен қорғаған ғылым докторлары мен кандидаттары өздерінің тақырыпты терең меңгеруімен, құнды маман болуымен ерекшеленеді. Профессор Р.Сыздықова еңбектері үкімет тарапынан да әлденеше рет жоғары бағаланды.
Р.Сыздықова қазақ тіл біліміне осындай көп еңбек сіңірді. Бірнеше аспиранттар диссертацияларына ғылыми жетекшілік жасады, көптеген диссертацияларға оппонент болды. Осы өнімді, жемісті еңбегі үшін 1972 жылы «Құрмет Белгісі» орденімен және көптеген грамоталармен наградталды. Профессор Р.Сыздықова еңбектері үкімет тарапынан да әлденеше рет жоғары бағаланды. 1984 жылы Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері құрметті атағы берілді. Есімі Қазақ ССР-інің «Құрметті Алтын кітабына » жазылды (1981), Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың (1995), Мемлекеттік сыйлықтың (1996) лауреаты атанды.
Партия мен Үкіметтің мектеп жөніндегі қаулы-қарарларында мұғалімдерге тиісті ғылыми жәрдем беру мәселесі, үнемі көрсетіліп отырады. Осыған орай ғалымдар әрқашанда оқу-ағарту жұмысын өркендетуге атсалысып келеді. Орта мектептерде берілетін білім аумағын анықтау,оқу жоспарын жасау, программалар мен оқулықтарды жетілдіру, ғылыми педагогикалық жұмыстарды өркендету,пән методикасын жасау сияқты маңызды мәселелерге тіл білімі ғалымдары да белсенді түрде қатынасып жүр. Осындай игілікті істерге аса көңіл бөліп, нәтижелі жұмыс істеп жүрген көрнекті ғалымдардың бірі - Р.Сыздықова .
Қазақ тілі оқу құралдарын жазуға 1950 жылдардан бастап кірісті.
Р.Сыздықованың ғылыми –педагогикалық еңбектері:
1.Қазақ тілі оқу құралдарындағы жаңалықтар.
2.Орыс орта мектебінің 5-7,8-10 кластарына арналған қазақ тілі оқулықтары.
3.Көмекші оқу құралдарын жасау-маңызды мәселе,Қазақ әдеби тарихының программасы.
4. Үлкендерге арналған әліппе және т.б.
Қазақ тілінің пунктуациясы мен орфографиясын жетілдіру жөнінде бірнеше
еңбектер жазды:
1.Пунктуацияның кейбір мәселелері.
2.Жазуды жетілдіре білу жайында.
3.Бірге және бөлек жазылатын сөздер.
4.Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағыш.
5.Орфографиялық сөздік.
6.Қазақ пунктуациясының ережелері және т.б.
Қазақ әдеби тілінің тарихы мен дамуы, тіл мәдениеті мәселелері жөнінде
мына еңбектер жарық көрді:
1.Абайдың прозалық шығармаларындағы кейбір морфологиялық тұлғалардың сипаты.
2.Абай шығармалары мен ХІХғасырдың жазу нұсқаларының тілін зерттеудің маңызы.
3.Абай шығармаларында –ар,-ер,-р жұрнақты тұлғаның қолдануы.
4. Абайдың қара сөздеріндегі –мақ аффиксті тұлға жайында.
5.Қазақ әдеби тілінің нормалары.
6. Абай шығармаларының тілі.
7.Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы.
8.Жамбыл поэзиясының тілі.
9. Махамбет өлеңдерін оқығанда, сахнадан естілер сөз жайында және т.б.
Ғылыми еңбектердің енді бір тобы тілдің теориялық мәселелерін қамтиды,атап айтқанда;
1.Тіл-қоғамдық құбылыс.
2.Коммунизмді орнату дәуірінде ұлттық тілдердің дамуы.
3.Жаңа сөздер жайынан және т.б.
Оның 40 жыл бойы жазған ғылыми-педагогикалық еңбектерінің қайсысы болса мұғалімдерге тиісті дәрежеде көмек–жәрдемін тигізіп келгені шүбәсіз, өйткені ол ғылыми–педагогикалық мәселелердің ішіндегі ең түйінді тақырыптарын шешу ісіне атсалысып отырады. Ол өзінің 1997жылы жарық көрген «Сөз құдіреті» атты еңбегінде М.Әуезовтің 20-жылдардағы әңгімелері тілінен бастап, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев,Мұхтар Мағауин, Сейдахмет Бердіқұлов,Оралхан Бөкеев, Асқар Сүлейменов, Тахауи Ахтанов,Қабдеш Жұмаділов, Кәдірбек Сегізбайұлы тәрізді қазақ көркем сөзінің қас шеберлері қаламынан шыққан туындыларға лингвостилистикалық тұрғыдан талдау жасап, олардың сыры мен сымбатын ашып береді.Сөз шеберлерінің шығармаларын сөз таңдау, сөз қолданыс, сөз әрлеу тұрғысынан зерттейді.
Ғалым ана тілі мен орыс тілін бірдей жетік білетін болғандықтан ғылыми еңбектерінің біразын орыс тілінде жазады,орыс тілінде жазылған салыстырмалы грамматика мәселелеріне арналған жинақтарға да редактор болып қызмет етті. «Құсқа қос қанат қандай керек болса, қазіргі жастарға ана тілін және орыс тілін білу сондай керек», - деп көрнекті жазушы Ғ.М.Мүсірепов айтқандай, Р.Сыздықованың екі тілде жетік білуі әріптестеріне де, жастарға да үлгі-өнеге бола алды.Ал М.Әуезов : «Ол бір өте ақылды, мәдениетті жас» деген екен.
– Көрнекті ғалым. Филология ғылымының докторы, профессор,ҚРҒА- ның корр. мүшесі. 1940-45ж.Темір,Ақтөбе қ-рында орта мектепте, пед.уч-щеде мұғалім болған. Ақтөбе мұғалімдер ин-тының тіл және әдебиет факультетін, Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік пед. институтын бітірген. 1951-64ж. Қазақтың оқу- педагогикалық баспасында аға редактор, редакция меңгерушісі,Қазақ КСР ҒА тіл және әдебиет ин-тында кіші ғылыми қызметкер, ҚРА. Байтұрсынов атынд. тіл білімі ин- тының бөлім меңгеру-шісі, 1994 жылдан бері осы ин-ттың бас ғылыми қызметкері. 14 кітаптың авторы. Оның ішінде: «Абай шығармаларының тілі»/1968/, «Қазақ әдеби тілінің тарихы» /1968/, «Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы» /1971/, «Жамиат-тауарих жалаири тілі», т.б.
Ш. Уәлиханов атынд. сыйлықтың, ҚР Мемлекеттік сыйлығының /1995/, ҚР Мемлекеттік сыйлығының /1996/лауреаты. «Құрмет Белгісі» орденімен,үш рет ҚР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Ишанбай Қарағүлов (1909-1992)ж. Эпидемиолог, медицина ғылымының докторы, профессор. Белгілі қоғам қайраткері, ғалым, дәрігер-эпидемиолог
Ишанбай Қарақұлов қазақ елінің қалыптасуы мен нығаюына өлшеусіз үлес қосқан әлемдік деңгейдегі әйгілі тұлға.
Ұлы Абай айтқандай «Өлді деуге бола ма ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған» демекші, ол артына ірі іс, үлгі, өнеге, асыл өсиет қалдырған адам.
Медицина ғылымдарының докторы, профессор, КСРО Медицина Ғылым Академиясы мен Қазақ ССР Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі Ишанбай Қарақұлұлы шын мәніндегі, шын мағынасындағы халық, ел адамы болып қалыптасқан кісі . Ол кешегі Кеңес заманында елдің ортасынан шығып, жұртын ұлы мұраттар жолындағы үлкен іске бастап, елінің мәртебесін көтерген азаматтардың қатарынан ойып орын алды.
Ишанбай Қарақұлов барша қазақ жұртына ортақ даңқты тұлға десек те, ол өзі дүниеге келген шағын Ойыл өңірі үшін де ерекше ардақты перзент.
Ишанбай Қарақұлов Қарақұлұлы 1909 жылғы 1 майда Ақтөбе облысының Ойыл ауданында дүниеге келген. Ишанбай Қарағұловтың кіндік қаны тамған жері Ащы Ойыл өзенінің бастауындағы шымнан салған қыстау. Бұл – Ойыл өзенінің бір саласы және үш ауданның Ойыл, Байғанин,Темір аудандарының тоғысқан жері. Осы саланың бойын жағалай кетелер қоныстанған. Бір шеті Ойылдың Ащыойылдың тоғысар тұсына дейін жалғасатын құнарлы алқапта Жаңатуған, Жұлдыз,Кетелер қыстаған. Өзі Жаңатуған руының кедей малшысының жанұясында он төртінші бала болып дүниеге келген.
Жанұядағы басқа балаларға қарағанда ерекше сары болып туған дейді. Жаңа туған жас бала сияқты жыламапты, керсінше, күліп туған екен деген аңыз бар.Нағашы жұрты да тегін адамдар болмаған. Шежірешілер оны Қобыланды батырдың қарындасы Қарлығаш анамыздың бауырынан өрбіген ұрпақтар деседі. Ғалым, әрі публицист Евней Букетовтің «Атан қомында туған адам» атты естелік- өмірбаяндық кітабында келтірілгендей, Ишанбай ағамыз Ақанай анасынан бес жасында айырлып,жетімдікті көп көрген, әке-ағаларының қарауында болған адам.
1919жылы елдегі қиын жағдайларға байланысты Қарақұл ақсақалдың әулеті Ойылдан Қарақалпақстан жеріне ағасының еңбекақысына берген арық түйелермен алпыс үш күнде зорға жетіпті. Ол он жасынан бастап ауыл шаруашылығында жұмыс істеген. 1925 жылы он алты жасында ересек бала алғашқы рет үш айлық сауатсыздықты жою мектебінің алты-жеті жастағы балалармен бірге есігін ашады.
Онан кейін Ташауыз қаласында асханада жұмысшы, Қарақалпақстан АССР-ның Ташауыз округінің партия атқару комитетінде курьер болып, сол маңда пионер жас ұлан одағының ұйымдастырушысы қызметін атқарады.
И.Қ.Қарағұлов 1929жылы Орынбор қаласындағы жас өспірімдерге арналған үш жылдық мектеп –интернатты,одан соң 1931жылы Орал қаласындағы Қазақ өлкелік медицина техникумының бірінші дайындық бөлімін оқып бітіргеннен кейін сол жылы Алматы мемлекеттік медицина институтына түседі.1937жылы институттағы оқуды тәмамдаған ол бірден Қазақ ССР денсаулық сақтау Халық комиссары болып тағайындалады, бірінші шақырылған 1937-1946жж. СССР Жоғарғы Советінің депутаттығына сайланады.
Профессор И.Қ. Қарақұлов ұзақ жылдар бойы Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының ВОЗ эксперті, СССР Министрлер Советі жанындағы Жоғары Аттестациялық комиссиясының ВАК эксперті, Совет- Индия достығы қоғамның вице-президенті,Кіші медициналық энциклопедия редакторының орынбасары болып жұмыс істеген. Ғалым Қазақстанның Денсаулық сақтау ісін ұйымдастыра отырып, медицина ғылымын,аптекалық істі дамыту және кадр даярлау жөнінде зор жұмыстар жүргізді. Ол Қазақ ССР Денсаулық сақтау министрі 1950-1954жж. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі, қоғамдық негізде жұмыс істей бастаған республикалық Қызыл Крест қоғамы орталық Комитетінің председателі болды, емдеу- профилактикалық және санитарлық – эпидемиологиялық мекемелер жүйесін, жоғары білім беретін медицина оқу орындарын, республикадағы көптеген ғылыми- зерттеу институттарын дамытуға белсене қатынасқан.
Ұлы Отан соғысына өзі ғана қатысып қоймай, майданға Бақтыгерей, Нұри, Капурен, Тастанбай және Қапан атты бес бірдей бауырын да аттандырды. Бірақ, олардың ешқайсысы да елге қайтпады.Тағдырдың осындай соққысын көрген ол 1937 жылы басталған нәубетте де қудалауға ілікті. Қазір сол қиындықтардың бәрі артта қалды. Кешегі кедей шаруаның баласы И.Қ.Қарақұлов бүгінде ғалым – азамат, Отанының патриоты, шын мәнінде өз бақытын тапқан жан.
Ишанбай Ойылда туған қазақ тілінің маманы, көп балалы Лев Шаровтың қызы дәрігер Ираидаға үйленген. Ол 1941 ж. бала үстінен қайтыс болады. Сол Ираиданың «егер ұл туса Сталиннің құрметіне арнап атын Болат қояйық, қыз туса марқұм болған ең үлкен қайынапамның құрметіне Мария деп атайық» деп айтып кеткен өсиеті бойынша кішкентай қызы Мәрияны жөргегіне орап, елге қайтып келеді.
Елеулі өмірінің басым бөлігі жұбайы Надеждамен бірге өтті. Шырылдаған балаға жанашыр адам іздеп, дәрігер болып істейтін Надежда Колесниковаға үйленеді. Кейін одан ұлы Болат дүниеге келеді. Болаттың айтуынша, Мариямен аналары бөлек екенін ересек кездерінде бөтен адамдардан естіп, біліпті.
СССР Медицина Ғылым академиясының және Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі И.Қ.Қарақұловтың өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері:
Ишанбай Қарақұлұлы Қарақұлов 1909 жылғы 1 майда Ақтөбе облысының Ойыл ауданындағы кедей-шаруаның семьясында туды.
1926-1929 ж.ж. Орынбор қаласындағы жасөспірімдерге арналған үш жылдық Қазақ өлкелік мектеп интернатында оқыды.
1928-1929 ж.ж. Орынбор қаласындағы латынша-қазақша жаңа алфавитін жасау комитетін ұйымдастырушылардың бірі және оның жауапты хатшысы.
1929 ж. ВКП (б) мүшелігіне кандидаттыққа қабылданды. «Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы Ақтөбе округтік халық ағарту бөлімінің» латын алфавиті жөніндегі (мәдени жорығының) инспекторы..
1929-1930 ж.ж. Орал қаласындағы Қазақ өлкелік медицина техникумы бірінші дайындық бөлімінің оқушысы.
1930 ж. Орал қаласындағы жұмысшылар арасынан ұсынылған активистер мектебінің директоры.
1931-1937 ж.ж. Алматы қаласындағы Қазақ медицина институтының студенті.
1931 ж. ВКП (б) мүшелігіне қабылданды. Алматы медицина институты комсомол комитетінің секретары.
1931-1934 ж.ж. Алматы қалалық партия комитетінің партия қатарына қабылдау комиссиясының мүшесі.
1932-1934 ж.ж. Қазақстан пролетар студенттерінің бюро председателі.
1933-1936 ж.ж. Алматы медицина институты партия ұйымының секретары.
1937 ж. Қазақ ССР денсаулық сақтау Халық комиссариатының Ақтөбе облысы Табын ауданындағы медициналық-емдеу профилактикасы экспедициясының бастығы. «Қазақ ССР денсаулық сақтау Халық комиссары. Бірінші шақырылған СССР Жоғарғы Советінің депутаты. (1937-1946ж.ж.)
1938 ж. СССР-де алғаш рет жұмыс істей бастаған бруцеллезге қарсы ведомствоаралық үкімет комиссиясын құруға қатысты.
1939 ж. СССР Мемлекеттік шекарасын санитариялық қорғау басқармасының бастығы болып сайланды. Қазақстан гигиенистерінің, эпидемиологтарының, инфекционистері мен микробиологтарының біріккен ғылыми қоғамын құруға қатысты.
1941 ж. Қазақ әскери комиссариатының майданға жаңа әскери бөлімдер жинақтау жөніндегі санитарлық бөлімшесінің бастығы (Алматы қаласы).
1942 ж. Арнайы әскери бөлімшенің саяси комиссары.
1942-1946 ж.ж. СССР Қарулы Күштері ғылыми-зерттеу институтында әскери қызметте болды. Осы институттың ғылыми, сондай-ақ аға ғылыми қызметкері. Әскери командованиенің Сталинград шайқасына байланысты ерекше тапсырмасын орындағаны үшін И.Қ.Қарақұловқа алғыс жарияланды.
1943 ж. СССР Жоғарғы Советі Президиумының Председателі М.И.Калининнің арнайы тапсырмасы бойынша еліміздің Солтүстігіндегі қорғаныс объектілерінің жұмысшыларына үкімет наградаларын тапсырды.
1944-1946 ж.ж. СССР Қарулы Күштері ғылыми-зерттеу институты саяси комиссарының орынбасары.
1945 ж.ж. Қызыл алаңдағы Жеңіс парадына қатысты.
1946 ж. СССР Қарулы Күштері ғылыми-зерттеу институтының ғылыми советінде медицина ғылымының кандидаты дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.
1946-1947 ж.ж. Алматы мемлекеттік медицина институның эпидемиология кафедрасын ұйымдастырды және оның меңгерушісі болды. Доцент атағы берілді.
1947 ж. Гигиенистердің, эпидемиологтар мен микробиологтардың бүкілодақтық съезінің делегаты және осы қоғамның бұдан кейінгі барлық съездеріне қатысады. СССР Қарулы Күштері ғылыми-зерттеу институтында СВБНИЭГбайытылған вакцинасын теріге енгізу әдісін мемлекеттік сынақтан өткізу және тәжірибе жүзінде қолдану жөніндегі жұмыстың ғылыми жетекшісі.
1948 ж. Қазақ ССР Ғылым академиясы Өлкелік патология институтының директоры.
1950 ж. СССР Медицина Ғылым академиясы Президиумының жабық ғылыми советінде медицина ғылымдарының докторы дәрежесін алу үшін «Эпидемиология және бруцеллезге қарсы сақтандыру шаралары» деген тақырыпта диссертация қорғады. Қазақ ССР Денсаулық сақтау министрі. Профессор атағы берілді.
1951 ж. Қазақстан бейбітшілікті қорғау комитетін ұйымдастырушылардың бірі, бейбітшілікті қорғаушылардың республикалық құрылтай конференциясында негізгі баяндамашы. Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды. Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері атағы берілді. Қазақстан ғылыми-астрономиялық қоғамы басқармасының ұйымдастырушысы және оның бірінші председателі. Қазақ ССР Жоғары Советінің депутаты. Пакистан Ислам республикасына барған денсаулық сақтау ұйымдары мен медицина ғылымы қайраткерлері совет делегациясының жетекшісі. Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің пленум мүшесі.
1952 ж. Қоғамдық негізде жұмыс істей бастаған Қазақстан Қызыл Кресі Орталық Комитетінің председателі. Қазақстан «Білім» қоғамын ұйымдастырушылардың бірі және оның республикалық басқармасы председателінің орынбасары. Алматы қалалық «Білім» қоғамын ұйымдастырушы және оның бірінші председателі. Бүкілодақтық «Білім» қоғамы конференциясының делегаты.
1953 ж. Совет-Индия достығы қоғамының Қазақ бөлімшесін ұйымдастырушылардың бірі, кейіннен соның республикалық басқармасының председателі болды. Өзбекстан интелигенциясының бірінші съезіне қатысқан Қазақстан делегациясының жетекшісі. Совет-Индия достығы қоғамының Бүкілодақтық конференциясының делегаты.
1954 ж. СССР Министрлер Советі жанындағы Жоғары Аттестациялық комиссияның (ВАК) эксперті.
1959 ж. Совет-Индия достығы қоғамының қайраткерлері делегациясы құрамында Индияға барды.
1960 ж. СССР Медицина Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі. Қырғызстанға барған Қазақстан «Білім» қоғамының жетекші идеология қызметкерлерінің делегация басшысы. «Білім» қоғамының озық лекторларының құрамында Болгарияға барып қайтты.
1961 ж. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) эксперті ретінде Гана республикасына (Батыс Африка) барды. Совет-Индия достығы қоғамының вице-президенті және оның қазақстандық бөлімшесі басқармасының председателі.
1962 ж. Лениндік сыйлықтың лауреаты М.О.Әуезовтің алғы сөзімен «Индиялық достарда» атты кітабы жарық көрді, ол шетелдермен достық және мәдени байланыстың актуалды проблемаларына, Индия этнографиясы мәселелеріне арналған.
1963 ж. Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) эксперті.
1964 ж. Империалистік державалар тарапынан болуы мүмкін қауіп саналатын адамдардың биологиялық қарудан жаппай қырып-жойылуы мен зақымдануының алдын алу жөніндегі СССР Денсаулық сақтау және СССР Қорғаныс министрліктерінің арнайы комиссиясының жетекшісі.
1965-1967 ж.ж. Медицина саласындағы Қазақстан тұңғыш ғылыми еңбек болып табылатын З.Р.Сарғыбаеваның токсоплазма жөніндегі монографиясының алғы сөзін жазып, жалпы редакциясын басқарды.
1969 ж. Қарақалпақ АССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері атағы берілді. Бүкілодақтық микробиология, эпидемиология және иммунология журналының редакциялық советінің мүшесі. Қазақ календары редколлегиясының мүшесі.
1975ж. Қазақстан эпидемиологтарының, микробиологтарының және паразитологтарының ғылыми басқармасының құрметті председателі. Ғылымға сіңірген еңбегі үшін ол Халықтар Достығы орденімен наградталды.
1980ж. Совет-Индия достығы қоғамының Қазақстандық бөлімшесі басқармасының құрметті председателі.
1983 ж. «Қырық сұрақ-қырық жауап» атты кітабы жарық көрді.
Ол ғылыми ,ғылыми –көпшілік және публицистік сипаттағы 300-ден астам еңбек жазды. Түрлі тақырыптағы 12 монография мен ғылыми жинақтардың жауапты редакторы болып, көптеген ғылым докторлары мен кандидаттарын даярлады.
Өз халқының тарихындағы ең қатал күйзелістерді бастан кешіріп, рухани жұмылғыштық ахуалында қалыптасқан адамдар, мен 30-шы жылдардағы алапат ашаршылықты, қуғын-сүргінді, соғыс пен ядролық сынақтарды және Арал теізінің тартылуына байланысты апаттар мен аласапыран кезеңдерде халықтың рухы ақиқат болмысқа айналды да құтқарушылық миссияны жүзеге асыратын адамдар іріктелді. Солардың қатарында қалаулылар көп еді, бірақ еншілеріне ең ауыр салмақтар, үлкен жауапкершілік түскен таңдаулылар да болды, өйткені олар бойларына ерекше жеке қасиеттер дарыған жандар.
Неше түрлі зобалаңды бастан кешірген дала перзенті- Ишанбай Қарақұловтың академикке дейін өткен еңбек жолын Евней Букетов «Түйе қомында туған адам» атты кітабында әділ жазған.
Желмаясымен Жерұйық іздеген Асан Қайғы бабамыздың ізі қалған киелі өлке көне Көкжар өңірі өнер тарландарына кенде болған жоқ.Сан сырды бойына бүккен кәрі тарих бәріне куә. Мұрын жырау мен қазақтың азаттығы үшін күрестің алғы шебінде жүрген Шернияздың шерлі жырлары, Сәулебайдың күйлері, Алашта ән оздырған әнші Қызыл аймақтағы талай ас пен тойдың сәні болғанын естіп өстік.
Қашанда аузынан қазақтың қалжыңы түспеген ағаны замандастары «Совет дәуірінің серісі» деп атапты. Осы бір сөзге ағаның бойындағы бар өнері сыйып тұр. Қадыр ақынның «Нағыз қазақ қазақ емес, Нағыз қазақ - домбыра» деген өлең жолдарын барлығымыз білеміз. Ал, Ишанбай ағаның сол «Нағыз қазақ- домбыраны» қолданып, қадірлеуі қызмет бабында қандай дәрежеге жетсе де , бұл оның ұлтының киелі өнеріне деген махаббатының куәсі.
Ишанбай аға медицина аталатын күрделі ғылыми және практикалық саланы ойдағыдай меңгерді. Ол денсаулық қорғаумен айналысып, Қазақстан аумағында орын алған эпидемиялардың ең ауыр да қауіпті түрлерін анықтады. Сондай-ақ бруцелез кеселінің де маманы, яғни ауыл шаруашылығымен тығыз байланыстағы білімді де меңгерген жан.
Ишанбай ағаның тағы бір қыры – педагогтік қыры еді. Профессор- Ишанбай ағаның еңбек сіңірген лайықты атағы, себебі ол медицина кадрларын даярлау мен оқытуға қыруар үлес қосты. Сонымен қатар, ол ұлттық өзіндік қалыптасудың профессоры болды. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым...»- деп күңіренген Абай, өз халқының бодандық жағдайына, жүдеу тұрмысына налып, ащы сөздермен қазақтың намысын қайраса, Ишанбай аға өткір әзіл-қалжыңды қолданады. Әрбір жағымсыз жағдайды күлкіге айналдыра білді. Егер Ишанбай аға сияқты адамдар болмаса, онда біз тағдырдың тәлкегімен ұнжырғасы түскен, жігерсіз ұлтқа айналар едік.
Ишанбай ағаның достары: Басы Ғабит, Ғарифолла болса, ортасы Евней Букетов, мүсінші Кәкімжан Наурызбаев, композитор Нұрғиса Тілендиев, Шотаман Уәлиханов, Кенебай Қожабеков, Ахмет Жұбанов, Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтпаев сияқты өңкей исі қазақ танымал тұлғалар.
Қазақстанның денсаулық сақтау саласы ауыр қазаға душар болды. 1992 ж. 29 наурызда еңбек сіңірген қоғам қайраткері, профессор, дербес зейнеткер Ишанбай Қарақұлұлы Қарақұлов дүниеден өтті.
Ишанбай Қарақұлұлы қазақтың медицина саласында өзіндік орны бар алғашқы буын ғұлама ғалымы, шәкірттер дайындаған ұлағатты ұстазы, көп жылдар бойы елімізде медицина ғылымының дамуына, денсаулық сақтау жұмысының кемеліне келуіне үлес қосқан ұйымдастырушы, қоғам қайраткері, Қазақстанда инфекция-эпидемиология ғылымдарының негізін салушылардың бірі.
Ишанбай Қарақұлұлы бұл ғылымдар саласының аяғына тұрып, алға дамуына бар өмірін жұмсаған қазақ ұлтының алғашқы өкілі болды.Ағамыз ұзақ та, мағыналы ғұмыр кешті. Артында өшпес мұра: ғылыми еңбектері мен әдеби шығармаларын қалдырды, өзі кеткенмен сол кейінгі ұрпаққа тағылым болар.
Ойыл өңірінің түлектері.
Қ.Баймұханов (1951-1971)ж. медицина ғылымының кандидаты.
Қ.Мәкіров (1910-1986)ж. Эпидемиолог, медицина ғылымының докторы, профессор. Атлас Индий М:Алма-ата-1961ж.
М.Есқайыров (1932)ж.
Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің профессоры.
Қ. Бияшов(1939)ж.
Ветеринария ғылымының докторы, профессор, «Парасат» орденің иегері.
Ажиғалиев Н. (1933)ж. профессор , медицина ғылымының докторы.
Т.Жүмағазин (1914-1972)ж.
Философия ғылымының кандидаты 1955ж. Алматы қалалық партия комитетінің хатшысы.
Х.Жабасов (1903-1972)ж.
Тарих ғылымының кандидаты, доцент.
Н. Тапалова (1923-1999)ж.Алғашқы қазақ балеринасы.Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі Ә.Ж.Дербісәлиннің өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері
Әнуар Жақсығалиұлы Дербісәлин 1929 жылы 18 ақпанда Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қызылжар ауылында мұғалім отбасында дүниеге келген.
1946 ж. Н.Байғанин атындағы Ақтөбе мұғалімдер институтының орыс тілі мен әдебиеті факультетін бітірді.
1948-1950 жж. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетінде оқыды.
1950-1951 жж. Ойыл орта мектебінде оқу ісі жөніндегі меңгерушісі, өз мамандығы бойынша мұғалім болды.
1951-1954 жж. Қазақ КСР Ғылым Академиясы Тіл және әдебиет институтының аспирантурасында оқыды.
1955 ж. «Ы.Алтынсариннің әдеби мұрасы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
1955-1958 жж. Ы.Алтынсарин атындағы Республикалық ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер болып істеді.
1957 ж. «Ы.Алтынсариннің жазушылық қызметі туралы» кітабы жарық көрді.
1958-1977 жж. Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері.
1965 ж. «Ы.Алтынсарин өмірі мен қызметі туралы» атты кітабы жарық көрді.
1966 ж. «Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті: даму жолдары» атты монографиясы жарық көрді.
1968 ж. «Мезгіл және қаламгер (мақалалар мен зерттеулер)» жинағы жарық көрді.
1969 ж. «Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиетінің даму жолдары (1900-1917 жж.)» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.
1976 ж. «Дәстүр мен жалғастық: ауыз әдебиетіндегі ақындық дәстүр және ХХ ғасыр басындағы қазақ поэзиясы» атты монографиясы жарық көрді.
1977-1986 жж. Қазақ әдебиеті тарихы бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1983 ж. Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Әнуар Жақсығалиұлы Дербісәлин республикамыздағы әдебиеттану ғылымының көрнекті өкілі, әдебиет тарихының аса білікті мамандарының бірі болатын.
Әнуар Жақсығалиұлы Дербісәлин 1929 ж. 18 ақпанда Ақтөбе облысы, Ойыл ауданының Қызылжар ауылында байырғы халық мұғалімінің шаңырағында дүниеге келді. 1946 ж. Ақтөбедегі Нұрпейіс Байғанин атындағы мұғалімдер институтының орыс тілі мен әдебиеті факультетін, 1950 ж. Алматыдағы Абай атындағы (қазіргі Алматы мемлекеттік университеті) Қазақ мемлекеттік педагогика институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін үздік бітіреді. 1950-1951 оқу жылдарында Ойыл орта мектебінде оқу ісі жөніндегі меңгеруші, өз мамандығы бойынша ұстаздық еткен Ә.Ж.Дербісәлин 1951 ж. Алматыға оралып, 1951-1954 жылдары Қазақстан Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының аспирантурасында оқиды.
1954 ж. аспирантураны ойдағыдай тәмамдаған ол сол жылдың ақырында бітірген еңбегінің авторефератын шығарып, көп ұзамай, 1955 жылдың басында «Ыбырай Алтынсариннің әдеби мұрасы» деген тақырыпта филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.
1969 ж. «Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиетінің даму жолдары» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
1955-1958 жылдары Ыбырай Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер болып еңбек еткен ғалымның кейінгі отыз жылдай өмірі Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының шаңырағы астында өтті. Ол 1958-1977 жылдары осы мекемеде аға ғылыми қызметкер, 1977-1986 жылдары қазақ әдебиеті тарихы бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.1983 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды.
Ғалымның әдебиеттану зерттеу саласындағы еңбектерін негізінен екі үлкен салаға бөліп қарауға болады. Бірі- қазақ әдебиетінің көне дәуірі, екіншісі ХІХ және ХХ ғ. басындағы қазақ әдебиетінің тарихы жөніндегі зерттеулері. Бұл екі саланың әсіресе соңғы саласында Ә.Дербісәлин алғашқы тұжырымдаушы, негіздеушілердің бірі ретінде еңбек етті.
«ХV-XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы» (1981), «Ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті» (1983), «ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясы» (1985), «Оғыз-нәме, Мұхабат-нәме» (ХІХ ғ. қазақ ақындары» (1988). Ғалымның «Әдебиеттуралы толғаныстар» деген кітабы 1990 ж. ҚР ҰҒА-ның мүше-корреспонденті, ғылым докторы Шәмшиябану Қанышқызы Сәтбаеваның «Байсалды зерттеуші» деген алғысөзімен шықты.
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті- ғалымның түбегейлі зерттеген тақырыптарының бірі. Қазақ әдебиетінің қазан төңкерісіне дейінгі бірнеше жүз жылдық тарихында біздің ғасырымыздың алғашқы 17 жылының орны ерекше. Әдебиеттануда бұл күрделі де қысқа мезгіл Ұлы қазан алдындағы, немесе ХХ-ғасыр басындағы әдеби кезең болып саналады. Міне осындай күрделі кезеңнің әдебиеті туралы 1969 ж. «Қазақтың октябрь алдындағы демократияшыл әдебиетінің даму жолдары» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғап, кітап етіп шығарды.
1985 ж. «ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясы» атты бүтіндей бес ғасыр ішінде өмір кешкен қазақтың елеуге тұрарлық көркем сөз өкілдерінің шығармалары жеке кітап болып жарияланды. Бұл ретте ол осы дәуірлерде өмір сүрген Асанқайғы, Қазтуған, Доспанбет, Шалкиіз, Марғасқа, Жиембет, Бұқар, Шал, Көтеш т.б. сөз зергерлерінің мұраларын айрықша зерттеуге үлес қосты.
Ғалым зерттеулерінің ішіндегі ең субелісі – Ы.Алтынсарин творчествосы деуге болады. Ыбырайды бүгінгі оқушы қауым, жалпы жұртшылық қалай түсінеді, қандай дәрежеде ұғынады десек, осы ұғым түсінігіміз үшін біздер алдымен Ә.Дербісәлинге қарыздармыз. Себебі Ы.Алтынсарин өмірін, ақындығын, жазушылығын, аудармашылығын алғаш түбегейлі зерттеуші де осы Ә.Дербісәлин: Ол 1955 ж. «Ы.Алтынсариннің жазушылық қызметі» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғап, қазақ әдебиеті ғылымына Алтынсаринтану ілімінің білікті маманы ретінде келді. Ғалымның көптеген мақалаларын есептемегенде Ыбырай туралы оның сан қырын көрсететін бірнеше кітаптары жарық көрді. Ыбырайдың ағартушылық, педагогикалық қызметін бөліп қараудың өзі бүтінді бөлшектеумен тең екенін ескерсек, осы орайда оның өмірі мен творчествосын талдап, жан-жақты қамтыған Әнуардың Алтынсарин туралы зерттеу кітаптары ғылымға қосылған үлкен үлес.
Ә.Ж. Дербісәлин республиканың білім беру, ғылыми кадрлар дайындау саласына да қыруар күш жұмсап өткен ғалым. Ол біраз жылдар Алматыдағы жоғары оқу орындарының әдебиетші шәкірттеріне лекциялар оқыды. Сондай-ақ, Семей, Ақтөбе қалаларының педагогикалық жоғары оқу орындарының әдейі шақыртуымен сондағы ұстаздар қауымы мен студенттер алдында әдебиеттің келелі проблемалары бойынша арнайы курстар оқып қайтып жүрді. Ол ұзақ жылдар бойы академияның проблемалық советінің ғалым-хатшысы, Әдебиет және өнер институтының филология саласы бойынша докторлық ғылыми дәреже беретін мамандандырылған Кеңесінің мүшесі, мекеменің кәсіподақ ұйымының, халық бақылаушылар тобының төрағасы секілді күрделі ғылыми, қоғамдық жұмыстардың басында жүрді. Көптеген ғылыми кітаптардың жауапты редакторы, редколлегия мүшесі, «Қазақ әдебиеті тарихы» атанатын алты томдық академиялық сындарлы еңбектің, 12 томдық тұңғыш қазақ кеңес энциклопедиясы мен кейінгі төрт томдық қысқаша энциклопедияның, кезінде Москвада басылған 9 томдық Қысқаша Әдебиет энциклопедиясының негізгі авторларының бірі болды. Бұрынғы одақтың, республиканың түрлі басылымдарында 300-ге тарта ғылыми мақалалар жариялап, ондаған ғылым кандидаттарының ұстаз жетекшісі болды.
Әнуар Жақсығалиұлы Дербісәлин 1986 ж. шілде айында нағыз творчестволық кемел шағы 57 жасында кенеттен қайтыс болды.
Ғалымы бар ел - өскен ел, өркениет жолына түскен ел. Бірақ, «Білімің болса-дағы ұшан-теңіз, Пайдасы жоқ халқыңа қызмет етпей» деп Шал ақын сынды бабаларымыз баяғыда-ақ түйіп айтып кеткен ғой.
Сөйтіп, Ә.Дербісәлин ғылымда ұйымдастырушы, әдебиеттану ғылымының ұлттық әдебиет тарихы сынды күрделі саласының негізін қалаушылардың қатарынан орын алды. Ал, осының барлығы бірігіп келіп, республика әдебиеттану ғылымының төрінен өзіне лайықты орнын алған, есімі тек бүгінгілердің ғана емес, келешек ұрпақтардың жадында сақталуға лайықты, ҚР Ұлттық ғылым академиясының мүше-корреспонденті, филология ғылымдарының докторы, профессор Әнуар Жақсығалиұлы Дербісәлиннің еліне сіңірген ғалымдық, азаматтық еңбегінің қадір-қасиетін көрсететіндігінде күмән жоқ. Бүгінде Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саралжын орта мектебі белгілі ғалым есімімен аталады.
Қадырова Қанзира Өтеуқызы (20.02.1948-15.09.2003) ж.
Аудандық оқу бөлімінің бастығы. Қаз. Республикасы
әйелдерінің 3-форумына қатынасқан «Қаз.Республикасы
білім беру ісінің үздігі», Қаз. Республикасының құрмет
грамотасы, алғыс хаттармен марапатталған.