Табиғи ресурстар

Ойыл ауданының орналасқан физикалық (табиғи) географиялық ортасы –орыс (Шығыс Еуропа) жазығының оңтүстік-шығыс шығыңқы бөлігі. Бұл бөлік Каспий маңы синеклизасының құрылымдық негізін құраушы Каспий маңы ойысын және Орал алды (Жем) үстіртінің батыс бөлігін ала қамтиды. Яғни Жем үстіртінің батыс шекарасы Каспидің көне ойпаң жағалуына тірелген жерінде орналасқан.
Тектоникалық-геологиялық жағынан өлке кембриге дейінгі көне кристалдық фундаменті төменгі полезойдан кайнозойға дейінгі шөгінді тұнбалары астына шөккен.
Каспий маңы синеклизасы кейінірек тау жаралу қозғалысын басынан өткізген.
Жер бедері (рельефі) эрозиялық денудациялық жазықтыққа жатады. Төбелі ойпаңды, ойыстар мен жыралар жиі кездеседі. Абсолюттік биіктігі теңіз деңгейінен 100-300 метр биіктікте орналасқан. Жер бедері батыстан шығысқа қарай биіктейді.
Теңіздің құмтасты және саздақты шөгінділері рельефтің аккумуляциялық пішіндерін қалыптастырған. Кейбір бөліктерінде сорлы батпақтар кездеседі. Төрттік дәуірде Каспий теңізінің 2 рет суы басқан ізі байқалады.
Пайдалы қазбалары, құрылыс материалдары: бор, саз, құм, қара тастар сонымен қатар мұнай мен газ бар.
Табиғат зонасы – өлкенің құрамында 3 ендік зоналылар айқын байқалады. Өлкеге ашық-қызыл қоңыр топырақ тән келеді. Жусанды –бетегелі, бозды, изен, түймедағы, мыңжапырақ, бұйырығын, көкпек, итсигек, сүттіген, адыраспан жантақ, түйетікен, түйе қарын. Қоңырбас және тағы да басқа астық тұқымдас, өсімдік жамылғысы таралған. Егістік жерлерге қарағанда жайылымдық және шабындық аймақ басым болып келеді.
Жануарлары: қасқыр, түлкі, қарсақ, күзен, борсық, сарышұнақ, қосаяқ т.б.
Құстары: аққу, тырна, қаз, үйрек, бірқазан, дуадақ, шіл, дала қыраны, сары шымшық, бозторғай, көкек, сауысқан, қарылғаш т.б.
Климаты: шұғыл континенті. Қаңтар айының орташа температурасы -14-16С. Шілде айының орташа температурасы +19+23С. Жауын шашынның жылдық орташа мөлшері 230-180мм. Вегетациялық кезең ұзақтығы 170 күннен астам. Ылғалдану коэфиценті 0,28—0,20. Жылына күннен түсетін радиация 110-120 ккал.
Ішкі сулары – өзендері: Ойыл Қиыл, Ащыойыл, Қайынды, Бабатай, Кенжалы, Қуырдақты. Көлдері: жаңбыр, қар суынан жиналған қара сулар.