Кәсіпкерлікті қорғау

Ойыл ауданы бойынша кәсіпкерлік саласын дамыту бағытында
2018 жылдың 01 қазанына атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
2018 жылдың 1-ші қазанына аудан бойынша 48 заңды тұлға, 329 шаруа қожалығы, 431 жеке кәсіпкерлер болып, кәзіргі кезеңге барлық субъектілер саны 808 бірлікке жетіп отыр.
Бұл өткен жылдың осыкезеңімен салыстырғанда (2017 жылдың 01қазанына51 заңды тұлға 320 шаруа қожалығы, 428 жеке кәсіпкер барлығы 799кәсіпкерлік субъектісі болған) 9 бірлікке артып, кәсіпкерлік субъектілері 101,1пайыз болып тұр.
Ашылған кәсіпкерлік субъектілердің белсенділігіне келсек аудан бойынша заңды тұлға белсенділігі- 85,4 пайыз(48-ден-41-і белсенді), шаруа қожалықтар белсенділігі-100,0 пайыз (329-дан -329-ы белсенді), ал жеке кәсіпкерлер белсенділігі-94,0 пайыз (431-ден- 405-і белсенді) болып, барлығы: 96,0 пайыз(808 -ден 775-і белсенді) болып отыр.
Кәсіпкерлік субъектілердің өткен жылдың осы кезеңімен белсенділігін салыстырғанда аудан бойынша барлығы: 103,2 пайыз(751-і, 2017 жылы, 775-і, 2018 жылы) болып отыр, оның ішінде заңды тұлға белсенділігі- 110,8 пайыз(42-і, 2017 жылы, 41-і, 2018 жылы), шаруа қожалықтар белсенділігі-105,1 пайыз (313-і, 2017 жылы, 329-ы,2018 жылы), ал жеке кәсіпкерлер белсенділігі-102,3 пайыз (396-ы,2017 жылы, 405-і, 2018 жылы)
Кәзіргі таңда әлеуметтік экономикалық саясаттың басымды бағыттарының бірі кәсіпкерлікті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту.
Осыған орай Ойыл ауданында 2018 жылға ауданның кәсіпкерлік саласын дамыту және кеңейту бағытында іс шаралар жоспары жасақталды.
2018 жылы жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлерге кәсіптерін кеңейту мақсатында және қосымша жұмыс орындарын ашу жөнінде нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағыттары бойынша түсінік жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар аудан әкімінің 2018 жылға бекіткен кестесіне сәйкес кәсіпкерлермен өтетін жұмысшы тобының іс-шаралар жоспары жасақталып, топ жетекшілерімен елді мекендерге барып осы бағдарлама аясында түсінік жұмыстары жүргізілді.
Үстіміздегі жылдың 01 қазанындағы жағдайына бюджеттен тыс кәсіпкерлік саласының инвестициялық жобалары бойынша 3 объектінің жұмыстары қарқынды жүргізілуде (бала бақша, СТО, сапаржай), сонымен қатар осы уақытқа кәсіпкерлік саласы бойынша 18,0 млн. тенгеге инвестиция тартылды.
2018 жылдың 26 наурызы күні облыстық туризм басқармасынан және «Зере» тур фирмасынан келген өкілдердің қатынасыуымен семинар өткізілді. Семинарға кәсіпкерлер, жүмыссыз әйел азаматшалар, оқушылар мен жастар, барлығы 34 адам қатынастырылды.
2018 жылдың шілде айындаоблыстық ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдерімен,облыстық «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ, Ақтөбе облыстық «Аграрлық несие корпорациясы»АҚ мамандарының қатынасуымен семинар-кеңес өткізілді.
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсанындағы № 919 қаулысымен бекіткен «Нәтиж елі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арқылы бағдарламаның 2-ші бағыты «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 2018 жылға 137 адамды оқыту жоспары берілген.
Осы жоспар бойынша барлық ауылдық округ халқына түсініктер, хабарландырулар берілді. Осы жылдың сәуір айының 16-сы күні «Бастау» жобасының 1 кезеңдік оқыту курстары арқылы 28 адам, және 28 мамырда 2 кезеңінде 25 адамсонымен қатар 9 шілдеде 3кезеңінде 17 адам, 4 кезеңде 32 адам, 5 кезеңде 19оқып барлығы 121 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқып шығып сертификаттарын алды.
2018 жылдың 9 айында осы бағдарлама аясында несие алуға ниет білдірген 68 адамға 305,2 млн. тенге көлемінде жұмыспен қамту орталығы арқылы жолдама берілді, бүгінгі таңға 28 адам 144,150млн. теңге көлемінде несие алды.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында 2017 жылы несие алған жеке кәсіпкерлер Әлібеков Мирас СТО (шиномонтаж, автомойкасымен) тамыз айында ашса, әсемдік салонын ашқан жеке кәсіпкер Жанна Нұрқас қыркүйек айында азық-түлік дүкенін ашты, ал жеке кәсіпкер Ғазизова Ақнұр жеке бала бақшасын салып жатыр.
Өз қаражаттарымен жеке кәсіпкер Тлепова Марфуға мамыр айында жеке дәріханасын салып ашты, шілде айында Сырымов Нұрым «Дос» азық-түлік дүкенін ашты және жеке кәсіпкер Әділханов Жанас Муратбекұлы өз қаражатымен азық-түлік дүкенін салып, тамыз айында ашты.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша «Ойыл несие» АҚ арқылы3 шаруа қожалығы,«Жігер» шаруа қожалығының басшысы Қазиев Темірхан4,5 млн. тенге, «Ақорын» шаруа қожалығының басшысы Шотанов 30,150 млн. тенге, «Сайын қалам» АШӨК басшысы Алпанова Сара 23,0 млн. тенге көлеміндемақұлданып барлығы 57,650 млн. тенге несиелерін алды.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша «Ауыл микрокредиті» арқылы «Сатым» АШӨК басшысы Хамзин Жақсылық 2,5 млн. тенге көлемінде несие алды.
Аудан әкімдігі жанында тұтыну рыногындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін аудандық штаб жұмыс жасайды.2018 жылдың 9 айында 9 штаб отырысы өткізілді. Штаб отырысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында шаралар алынып, бағалардың өсуіне жол бермеу, оның іс-жүзінде орындалуы тұрақты түрде қадағаланып отырады.
Ауданда 47 азық-түлік сататын дүкен жұмыс жасайды. ҚР Үкіметінің қаулысының талабына байланысты аудан орталығындағы 16 сауда дүкенінің 6-нан және селолық округ орталықтарынан апта сайын күнделікті тұтынатын азық-түліктің 19 түрінің бағасы тұрақты бақылауға алынып отыр. Аудандағы азық-түлік сататын 37дүкенмен 3 жақты меморандум жасақталып қол қойылды.
Бөлім басшысы: А.Есбатырова
«Ауданда кәсіпкерлікті қолдау және оны одан әрі дамыту туралы»
Үстіміздегі жылдың 01 тамызына өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда аудандық статистика бөлімі және аудандық салық басқармасынан ай сайынғы алынып отырған мәліметтері бойынша заңды тұлға кәсіпкерлік субъектілерінің белсенділерінің саны 3 бірлікке артып, барлығы 26 бірлікке толды. Яғни барлық тіркелген 31заңды тұлғаның 26 бірлігі белсенді болып 83,8 пайызын құрап отыр. Сонымен қатар жеке кәсіпкерліктің саны 30 бірлікке артып барлығы 268 бірлікке (немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 113,2 пайызға) артты, оның ішінде 220 бірлігі белсенді (немесе 83,4 пайыз). Шаруа қожалықтары 276-дан 6 бірлікке өсіп, бүгінгі таңда барлығы 282 бірлік шаруа қожалығы тіркеуде тұр.
Бюджеттік төлемдер бойынша заңды тұлғаларының түсімдері 126,8 пайызға, жеке кәсіпкерлер және шаруа қожалықтарының түсімдері 113,5 пайызға орындалып отыр.
Осы жылдың 13 сәуірінде ауданға бекітілген кестеге сәйкес «Бизнестің жол картасы 2020» және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламалары шеңберінде мемлекеттік қолдау құралдары бойынша «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ тұрғындар мен жеке кәсіпкерлік субъектілері арасында семинар-кеңесі өтті.Семинарға аудан орталығынан және селолық округтерінің тұрғындарынан 100 адам қатысты.
Тамыз айының 14-15 күндері «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Бизнес кеңесші» жобасы бойынша тегін оқу курсы өткізіліп ауданның 25 тыңдаушыларына сертификатқа ие болды.
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының қатысуымен 24 тамыз күні «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының шеңберінде «Іс-әрекеттегі бизнесті сервистік қолдау» бағытын насихаттау мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырып жергілікті кәсіпкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын шеңберінде кәсіпкерлік ісін бастауға немесе дамытуға 12 тұрғын жеңілдетілген несиені қолдарына алып істерін әрі-қарай жалғастыруда. Оның ішінде алған қаржыларын 7 азамат мал шаруашылығымен, 2 азамат нан – бөлке өнімдері, 1 асхана, 1 демалыс базасы және 1 азамат жолаушы тасымалдау кәсібіне жұмсап отыр. 18 кәсіпкер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы тәжірибе алмасуға, әлеуметтік жұмыс орындарымен 42 жұмысшы қамтылды.
Көптоғай селолық округінің Шұбарши елді мекені тұрғыны жеке кәсіпкер І топтағы мүгедек Елекбаева Гүлсім «Құс жолы» қайырылымдылық қорының «Жұлдыздарға қара» жобасына, «Даму» кәсіпкерлік қоры Ақтөбе облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткізілген акцияға қатыстырылуы ұйымдастырылып, шараның жеңімпазы ретінде 100,0 мың теңге грантқа ие болды. Аталған сомаға 76,0 мың теңгеге Алматы қаласынан электр тоқу аппаратын және жергілікті жерден 24 мың теңгесіне қажетті ине, жіп, ілгектер тағы басқа қажетті бұйымдары сатып алынып берілді.
Аудандағы ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы жыл басынан 38 950 мың теңгеге несие алынды. Оның ішінде «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 8 шаруа қожалығы 31 850,0 мың теңгеге ірі қара малдарын асылдандырып, мал санын өсіруге, ал 8 жеке тұлға 7 100,0 мың теңгеге несие алды. «Ойыл - Несие» несиелік серіктестігі арқылы 5 кәсіпкер жалпы сомасы 22 947,6 мың теңге несие алып отыр. Қазіргі таңда екі шаруа қожалығының 11,0 млн теңгеге құжаттары тапсырылып несие алуға өтініштері өткізіліп қойылды.
Сонымен қатар шөп және шырынды азыққа 17 ШҚ, селекция және асыл тұқымдық жұмыстарын жүргізуге 17 ШҚ және сатып алынған тұқымдық өніміне 12 ШҚ анықталып Үкімет тарапынан субсидия берілуі көзделіп отыр.
Аудандық экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімі кәсіпкерлікті дамыту, ынталандыру бағытында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырып келген. Өз кезегінде оларда аудандағы қоғамдық шараларға ат салысып, демеушіліктер көрсетіп отырады. Халықаралық 8 наурыз әйелдер күніне гендерлік саясатты қолдауды көздеп, аудандағы 82 кәсіпкер әйелдері шақырылып, «Кәсіпкер Жолы» атты дөңгелек стол ұйымдастырған. Дөңгелек столда барлық қатысушы кәсіпкер әйелдерге мерекелік сыйлықтар таратылып, шаштараз Ажмуратова Заурешке облыстың алғыс хаты мен арнайы сыйлығы берілген.
Ұлыстың Ұлы күні 22 наурыз мерекелік іс-шараға белсенді қатынасқан кәсіпкерлік ұжымдары арасында конкурс ұйымдастырылып, бес кәсіпкерлік ұжымы алғыс хатпен сыйлықтарға ие болды. Сонымен қатар 1 маусым - Халықаралық балалар күніне орай аудандағы 18 жасқа дейінгі мүгедек балалардың тізімін анықтап, аудан кәсіпкерлеріне ұсыныс ретінде 53 баланың тізімдерін таратып, балаларға мерекелік сыйлықтар мен басқа да тәтті тағамдары демеушілікпен таратылды.
Қазіргі таңда ауданда 57 азық-түлік тауарларын қамтитын сауда дүкендері қызметін көрсетуде. Ауданның өзін өзі ауыл шаруашылығы мен өндірістік азақ-түлік тауарларымен қамтемелеу бойынша жүргізілген сараптама бойынша тұрғындар саны 18,6 мың адамға шаққанда азық-түлік өнімдерімен қажеттілігін қамтемелеу есебі бойынша ет өнімдері 65,8 пайызыға, сүт өнімі 90,2 пайызға, жүмыртқа 67,2 пайызға, картоп 44,6 пайызға және бау бақша өнімдері 46,8 пайызға қамтылған.
Аудан бойынша кәсіпкерлік жөніндегі сараптамалық кеңесінің төрағасы, аудан әкімінің орынбасары, жергілікті селолық әкімдері және азық-түлік дүкендерінің кәсіпкерлерімен азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында меморандумға отырғызылды.
Тұтыну рыногындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік және жанар жағар май көлемін анықтау және бағаны тұрақтандыру жөніндегі аудандық штабы апта сайын маниторинг жүргізіліп, сараптамалық жиын өткізеді.