Жобалар

Анықтама
Ойыл аудандық мәслихатының "Ойыл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2020 жылға әлеуметтік қолдау көрсету туралы" шешімінің жобасы www.uil.aktobe.gov.kz сайтында 2019 жылы 25 қарашада, ашық нормативтік құқықтық актілер порталында legalacts.egov.kz сайтына 2019 жылғы 11 қарашада орналастырылды.
Ойыл аудандық қоғамдық кеңестің қорытындысы 2019 жылғы 25 қарашадағы №29 хатымен алынды.
Ойыл аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы: Е.Сембин
«Ойыл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру
үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға
2020 жылға әлеуметтік қолдау көрсету туралы» Ойыл аудандық мәслихатының шешімінің жобасына баспасөз релизі
Шешім Ойыл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2020 жылға келесі әлеуметтік қолдау шаралары көрсету көлемін жоспарлауға байланысты қабылданып отыр.
Ашық нормативтiк құқықтық актiлердің интернет-порталында көпшілік талқылауы үшін 11.11.2019 жылы орналастырылды, нормативтiк құқықтық актiнің жобасын көпшілік талқылауы мерзімі 25.11.2019 жылға дейін.
Ойыл аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі
Ойыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы №239 «2019-2021 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы жобасына баспа-релизі
Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 239 «2019-2021 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3-11-155 тіркелген, 2019 жылғы 4 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
1 тармақта:
1) тармақшасында:
кірістер
«4 748 397» сандары «4 896 842» сандарымен ауыстырылсын;
трансферттер түсімі
«4 427 293» сандары «4 575 738» сандарымен ауыстырылсын;
2) тармақшасында:
шығындар
«4 759 428»сандары «4 907873» сандарымен ауыстырылсын;
3) тармақшасында:
таза бюджеттік кредиттеу
«51 487» сандары «59 062» сандарымен ауыстырылсын;
оның ішінде:
бюджеттік кредиттер
«65 718» сандары «73 293» сандарымен ауыстырылсын;
5) тармақшасында:
бюджет тапшылығы (профициті)
«-62518» сандары «-70 093» сандарымен ауыстырылсын;
6) тармақшасында:
бюджет тапшылығын қаржыландыру(профицитін пайдалану)
«62518» сандары «70 093» сандарымен ауыстырылсын;
8 тармақта:
екінші абзацта:
«65 718» сандары «73 293» сандарымен ауыстырылсын;
10 тармақта:
он бесінші абзацта:
«7 000» сандары «25 395» сандарымен ауыстырылсын.
2. Көрсетілген шешімнің 1 және 5 қосымшалары осы шешімдегі 1 және 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) Кенжебаев.А. Сембин.Е.
«2019-2021 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешімнің жобасы http:// uil.akimat.kz/ сайтында 2019 жылы 21 қарашада, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 8 қарашада 2019 жылы орналастырылды. Ойыл ауданының қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2019 жылы 20 қарашадағы №27 хатымен алынды.
Анықтама
Ойыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы №239 «2019-2021 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Ойыл аудандық мәслихатының шешімінің жобасы www.uil.aktobe.gov.kz сайтында 2019 жылдың 21 қарашасында, e-gov ашық нормативтiк-құқықтық актiлер порталында көпшілік талқылауы үшін 8 қараша 2019 жылы орналастырылды. Ойыл ауданының қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2019 жылы 20 қараша №27 хатымен алынды.
Ойыл аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы: Е.Сембин
«Ойыл ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Ойыл ауданы әкімдігінің шешім жобасына баспасөз релизі
Шешім Ойыл ауданының аумағында сайлау учаскелерін құрып, орындарды белгілеу үшін қабылданды.
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында көпшілік талқылауы үшін 15.10.2019 жылы орналастырылды. Нормативтік құқықтық актінің жобасын көпшілік талқылауы мерзімі 29.10.2019 жылға дейін. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен келісілді.
«Ойыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
АНЫҚТАМА
«Ойыл ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешім жобасы www.uil.aktobe.gov.kz сайтында 2019 жылдың 21 қарашада, e-gov ашық нормативтiк-құқықтық актiлер порталында көпшілік талқылауы үшін 15 қазан 2019 жылы орналастырылды. Үш пікірге жауап берілді. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен келісілді. Қоғамдық кеңестен қорытынды алынды.
Ойыл ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік- құқықтық және ұйымдастыру жұмыстары бөлімі басшысының міндетін атқарушы З.Бергалиев
Көптоғай ауылдық округі әкімінің «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің жобасына баспасөз релизі
08.11.2019
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық – санитарлық инспекторының 2019 жылғы 07 қарашадағы №2-13/81 ұсынысына сәйкес, Көптоғай ауылдық округі әкімі шешім қабылдады.
Ойыл ауданы, Көптоғай ауылдық округінде орналасқан «Даурен-С» шаруа қожалығының аумағында мүйізді ірі-қара малдары арасынан жұқпалы бруцеллез ауруынан сауықтыру үшін шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет – порталында көпшілік талқылауы үшін 08.11.2019 жылы орналастырылды, нормативтік құқықтық актінің жобасын көпшілік талқылау мерзімі 22.11.2019 жылға дейін.
«Көптоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Анықтама
08.11.2019
Шектеу іс-шараларын белгілеу мақсатында Көптоғай ауылдық округі әкімі «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімнің жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында көпшілік талқылауы үшін 08.11.2019 жылы орналастырылды, нормативтік құқықтық актінің жобасын көпшілік талқылау мерзімі 22.11.2019 жылға дейін.
Көптоғай ауылдық округі әкімі Е.Асылбаев
Аудандық маслихаттың 2019 жылғы 4 қаңтардағы №251 «2019-2021 жылдарға арналған
Саралжын ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы шешім жобасына баспа-релизі
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 9-1 бабының 2-тармағына сәйкес, «2019-2021 жылдарға арналған Саралжын ауылдық округ бюджеті, оның ішінде 2019 жылға мынадай көлемде бекітуге ұсынылады: 1 тармақта:
1) тармақшасында:
кірістер
кірістер - «54 357» сандары «53 357» сандарымен ауыстырылсын;
трансферттер түсімі - «52 537» сандары «51 537» сандарымен ауыстырылсын;
2) тармақшасында:
шығындар - «54 954,9» сандары «53 954,9» сандарымен ауыстырылсын.
2. 2019 жылға бөлінген салықтардан түскен жалпы соманы бөлу мынадай мөлшерде белгіленді:1) төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша 100 пайыз; 2) әлеуметтік салық бойынша 100 пайыз;3. 2019 жылға арналған ауылдық округ бюджетінде аудандық бюджеттен берілетін субвенция көлемі – бекітуге 18 880 мың теңге ұсынылады.
Аудандық маслихаттың 2019 жылғы 4 қаңтардағы №251 «2019-2021 жылдарға арналған Саралжын ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешімнің жобасы http:// uil.akimat.kz/ сайтында 2019 жылы 02 қазанында, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 02 қазанында 2019 жылы орналастырылды. Ойыл ауданының қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2019 жылы 31 қазанындағы №25 хатымен алынды.
Анықтама
Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 4 қаңтардағы №251 «2019-2021 жылдарға арналған Саралжын ауылдық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Ойыл аудандық мәслихатының шешімінің жобасыwww.uil.aktobe.gov.kz сайтында 2019 жылдың 31 қазанда, e-gov ашық нормативтiк-құқықтық актiлер порталында көпшілік талқылауы үшін 02 қазанда 2019 жылы орналастырылды, оған бір ұсыныс пікір беріліп жауап қайтарылды. Ойыл ауданының қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2019 жылы 31қазандағы №25 хатымен алынды.
Саралжын ауылдық округінің әкімі: А.Мубараков
Анықтама
Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 4 қаңтардағы №250 «2019-2021 жылдарға арналған Ш.Берсиев атындағы ауылдық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы, Ойыл аудандық мәслихатының шешімінің жобасы www.uil.aktobe.gov.kz сайтында 2019 жылдың 30 қазанда, e-gov ашық нормативтiк-құқықтық актiлер порталында көпшілік талқылауы үшін 01 қазанда 2019 жылы орналастырылды. Ойыл ауданының қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2019 жылы 30 қазандағы №24 хатымен алынды.
Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округінің әкімі: А. Ж. Избасов
Аудандық маслихаттың 2019 жылғы 4 қаңтардағы №250 «2019-2021 жылдарға
арналған Ш.Берсиев атындағы ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне
өзгеріс енгізу туралы шешім жобасына баспа-релизі
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 9-1 бабының 2-тармағына сәйкес, 2019-2021 жылдарға арналған Ш.Берсиев атындағы ауылдық округ бюджеті, оның ішінде 2019 жылға мынадай көлемде бекітуге ұсынылады: 1 тармақта:
1) тармақшасында:
кірістер
кірістер - «59 630» сандары «54 747» сандарымен ауыстырылсын;
трансферттер түсімі - «57 796» сандары «52 913» сандарымен ауыстырылсын;
2) тармақшасында:
шығындар - «59 859,5» сандары «54 826,5» сандарымен ауыстырылсын;
2. 2019 жылға бөлінген салықтардан түскен жалпы соманы бөлу мынадай мөлшерде белгіленді:1) төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша 100 пайыз; 2) әлеуметтік салық бойынша 100 пайыз;3. 2019 жылға арналған ауылдық округ бюджетінде аудандық бюджеттен берілетін субвенция көлемі – бекітуге 19 251 мың теңге ұсынылады.
Аудандық маслихаттың 2019 жылғы 4 қаңтардағы №250 Аудандық маслихаттың 2019 жылғы 4 қаңтардағы №250 «2019-2021 жылдарға арналған Ш.Берсиев атындағы ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы шешімнің жобасы http:// uil.akimat.kz/ сайтында 2019 жылы 30 қазанда, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 01 қазанда 2019 жылы орналастырылды. Ойыл ауданының қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2019 жылы 30 қазандағы №24 хатымен алынды.
«Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Анықтама
29.10.2019
«Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 4 қаңтардағы №248 «2019-2021 жылдарға арналған Ойыл ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы, Ойыл аудандық мәслихатының шешімінің жобасы www.uil.aktobe.gov.kz сайтында 2019 жылдың 29 қазанда, e-gov ашық нормативтiк-құқықтық актiлер порталында көпшілік талқылауы үшін 04 қазанда 2019 жылы орналастырылды. Ойыл ауданының қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2019 жылы 29 қазандағы №23 хатымен алынды.
Ойыл ауылдық округінің әкімі: С.Т Даулеткалиев
Аудандық маслихаттың 2019 жылғы 4 қаңтардағы №248 «2019-2021 жылдарға
арналған Ойыл ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы шешім жобасына баспа-релизі
29.10.2019
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 9-1 бабының 2-тармағына сәйкес, «2019-2021 жылдарға арналған Ойыл ауылдық округ бюджеті, оның ішінде 2019 жылға мынадай көлемде бекітуге ұсынылады: 1 тармақта:
1) тармақшасында:
кірістер
кірістер - «247 757,2» сандары «256 200,2» сандарымен ауыстырылсын;
трансферттер түсімі - «233 987,2» сандары «242 430,2» сандарымен ауыстырылсын;
2) тармақшасында:
шығындар - «249 989,1» сандары «258 432,1» сандарымен ауыстырылсын;
Аудандық маслихаттың 2019 жылғы 4 қаңтардағы №248 «2019-2021 жылдарға арналған Ойыл ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу шешімнің жобасы http://uil.aktobe.gov.kz// сайтында 2019 жылы 29 қазанда, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 04 қазанда 2019 жылы орналастырылды. Ойыл ауданының қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2019 жылы 29 қазандағы №23 хатымен алынды.
Анықтама
Ойыл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 қарашадағы №125 «Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Ойыл аудандық мәслихатының шешімінің жобасы www.uil.aktobe.gov.kz сайтында 2019 жылдың 24 қазанында орналастырылды.
Ойыл ауданының қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2019 жылдың 02 қыркүйегінде №19 хатымен алынды.
«Ойыл аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы: Т. Нурымгереев
Ойыл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 қарашадағы №125 «Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы шешім жобасына
БАСПАСӨЗ ПРЕСС РЕЛИЗІ
Ақтөбе облысы Әділет департаментінің 2019 жылғы 15 тамыздағы №10-13/11828 ақпараттық хатына сәйкес, Ойыл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 қарашадағы №125 «Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу Ойыл аудандық мәслихатының шешім жобасы ұсынылады.
Жоғарыда көрсетілген шешімнің 2 бөлімінің 6 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
« 6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі №833 «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» қаулысымен бекітілген жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына сәйкес атқарылады.»
Ойыл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 қарашадағы №125 «Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы шешімінің жобасы www.uil.aktobe.gov.kz сайтында 2019 жылы 24 қазанда орналастырылды.
Ойыл ауданының қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2019 жылғы 02 қыркүйектегі №19 хатымен алынды.
Анықтама
(05.10.2019)
Карантин белгілеу мақсатында, Қараой ауылдық округінің әкімі «Қараой ауылы Бегалы нүктесіне карантин белгілеу туралы» шешімнің жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында көпшілік талқылауы үшін 04.10.2019 жылы орналастырылды, нормативтік құқықтық актінің жобасын көпшілік талқылау мерзімі 18.10.2019 жылға дейін.
Қараой ауылдық округінің әкімі С.Г.Займолдин
Қараой ауылдық округінің әкімі «Қараой ауылы Бегалы нүктесіне карантин белгілеу туралы» шешімінің жобасына баспасөз релизі
(05.10.2019)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық – санитарлық инспекторының 2019 жылғы 30 қыркүйектегі № 2-13/66 ұсынысына сәйкес, Қараой ауылдық округінің әкімі шешім қабылдады.
Қараой ауылдық округінің Бегалы нүктесінің аумағында мүйізді ірі қара малдар арасынан қарасан ауруының анықталуына байланысты, карантин белгіленсін.
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында көпшілік талқылауы үшін 04.10.2019 жылы орналастырылды, нормативтік құқықтық актінің жобасын көпшілік талқылау мерзімі 18.10.2019 жылға дейін. «Қараой ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
«Ойыл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 14 маусымдағы №107 «Ойыл ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы» Ойыл ауданы әкімдігінің қаулы жобасына баспасөз релизі
(11.10.2019)
Қаулы Ойыл ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу үшін қабылданды.
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында көпшілік талқылауы үшін 29.07.2019 жылы орналастырылды. Нормативтік құқықтық актінің жобасын көпшілік талқылауы мерзімі 12.08.2019 жылға дейін. «Ойыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
АНЫҚТАМА
(11.10.2019)
«Ойыл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 14 маусымдағы №107 «Ойыл ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы» қаулы жобасы www.uil.aktobe.gov.kz сайтында 2019 жылдың 12 тамызында, e-gov ашық нормативтiк-құқықтық актiлер порталында көпшілік талқылауы үшін 29 шілде 2019 жылы орналастырылды. 2 пікірге жауап берілді. Қоғамдық кеңестер қорытындылары алынды.
Ойыл ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік- құқықтық және ұйымдастыру жұмыстары бөлімі басшысының міндетін атқарушы :З.Бергалиев
Анықтама
Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 4 қаңтардағы №250 «2019-2021 жылдарға арналған Ш.Берсиев атындағы ауылдық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы, Ойыл аудандық мәслихатының шешімінің жобасы www.uil.aktobe.gov.kz сайтында 2019 жылдың 01 қазанда, e-gov ашық нормативтiк-құқықтық актiлер порталында көпшілік талқылауы үшін 01 қазанда 2019 жылы орналастырылды. Ойыл ауданының қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2019 жылы 01 қазандағы №23 хатымен алынды.
Ш.Берсиев атындағы ауылдық округінің әкімі: А.Избасов
Аудандық маслихаттың 2019 жылғы 4 қаңтардағы №250 «2019-2021 жылдарға
арналған Ш.Берсиев атындағы ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне
өзгеріс енгізу туралы шешім жобасына баспа-релизі
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 9-1 бабының 2-тармағына сәйкес, 2019-2021 жылдарға арналған Ш.Берсиев атындағы ауылдық округ бюджеті, оның ішінде 2019 жылға мынадай көлемде бекітуге ұсынылады: 1 тармақта:
1) тармақшасында:
кірістер
кірістер - «59 630» сандары «54 747» сандарымен ауыстырылсын;
трансферттер түсімі - «57 796» сандары «52 913» сандарымен ауыстырылсын;
2) тармақшасында:
шығындар - «59 709,5» сандары «54 826,5» сандарымен ауыстырылсын;
2. 2019 жылға бөлінген салықтардан түскен жалпы соманы бөлу мынадай мөлшерде белгіленді:1) төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша 100 пайыз; 2) әлеуметтік салық бойынша 100 пайыз;3. 2019 жылға арналған ауылдық округ бюджетінде аудандық бюджеттен берілетін субвенция көлемі – бекітуге 19 251 мың теңге ұсынылады.
Аудандық маслихаттың 2019 жылғы 4 қаңтардағы №250 Аудандық маслихаттың 2019 жылғы 4 қаңтардағы №250 «2019-2021 жылдарға арналған Ш.Берсиев атындағы ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы шешімнің жобасы http:// uil.akimat.kz/ сайтында 2019 жылы 01 қазанда, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 01 қазанда 2019 жылы орналастырылды. Ойыл ауданының қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2019 жылы 01 қазандағы №23 хатымен алынды.
Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2019 жылғы 13 ақпанындағы №4 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы» шешім жобасына баспасөз релизі
Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2019 жылғы жылғы 13 ақпандағы №4 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы» шешім жобасына туралы.
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет – порталында көпшілік талқылауы үшін 16.09.2019 жылы орналастырылды, нормативтік құқықтық актінің жобасын көпшілік талқылау мерзімі 30.09.2019 жылға дейін.
«Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Анықтама
Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2019 жылғы 13 ақпандағы №4 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы шешім жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет – порталында көпшілік талқылауы үшін 16.09.2019 жылы орналастырылды, нормативтік құқықтық актінің жобасын көпшілік талқылау мерзімі 30.09.2019 жылға дейін.
Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округ әкімі А. Ж. Избасов