Ереже

«Ойыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
Жалпы ережелер
1. Ойыл ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік басқару және бақылау
функцияларын орындауға уәкілеттік берілген мемлекеттік мекеме болып табылады.
2. Аудан әкімінің аппараты өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентінің, Үкіметінің және облыс әкімінің кесімдеріне, өзге де нормативтік-құқықтық кесімдерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Аудан әкімінің аппараты заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде есеп шоттары болады. Аудан әкімінің аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.
4. Аудан әкімінің аппаратының бірыңғай құрылымы мен штаттық санын облыс әкімі белгілейді.
5. Аудан әкімінің аппаратының мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл селосы Б.Құрманғазин көшесі. 43 үй. 2-қатар.
6.Аудандық мемлекеттік органның толық атауы –Ойыл ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі.
7. Аудан әкімінің аппаратының құрылтайшысы облыс әкімі атынан мемлекет болып табылады.
8. Аудан әкімінің аппаратын қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
гер аудан әкімінің аппаратына заң келісімдерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен түскен кірістер жергілікті бюджетке аударылады.
Аудан әкімінің аппаратының функциялары,
негізгі міндеттері және құқықтары.
9. Аудан әкімінің аппараты заңдарға сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Аудан әкімінің шешімдерінің, өкімдерінің және аудан әкімдігінің қаулыларының жобаларынәзірлеу.
Республика Президенті мен Үкіметінің, облыс және аудан әкімдерінің кесімдері мен тапсырмаларын орындауға жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру.
Республика Президентінің, Үкіметтің және облыс пен аудан әкімдерінің кесімдерімен тапсырмаларының орындалуын бақылау.
Облыс әкімінің аппаратына Республика Президенті мен Үкіметтің және облыс әкімінің кесімдері мен тапсырмаларының орындалуын барысы туралы ақпарат дайындауды ұйымдастыру.
Әкім жанандағы Кеңестер, әкімдік мәжілістерін, әкімің орынбасарларындағы кеңестерді өткізуге әзірлеуді ұйымдастыру.
Әкімінің облыс әкімінің аппаратымен, облыстық Мәслихатқа Ойыл ауданынан сайланған депутатпен және аудандық Мәслихаттың депутаттарымен өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру.
Әкімінің жергілікті өкілді және атқарушы органдармен, аудандық дербес бөлімдер және қозғалыстармен, басқа да қоғамдық бірлестіктермен іс-әрекетін ұйымдастыру.
Аудан әкіміне тікелей бағынатын мемлекеттік органдардың құрамы, құрылуы, таратылуы және қайта құрылуы жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
Аудан әкіміне есеп беретін мемлекетік органдар мен ұйымдардың кадрларымен жұмыс ұйымдастыру.
Аудан әкімінің іс-қағаздарын жүргізу, хат-хабарларды өңдеу,құжаттар айналымын талдау.
Қызмет бабындағы құжаттарды, хаттарды және арыз-шағымдарды қарау, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру.
Аудан әкімінің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында көрсету, олардың әкіммен қарым-қатынасын үйлестіру.
Аудан әкімінің тапсырмасы бойынша соттарда оның мүддесін қорғау, прокурорлық назарға алу кесімдерінің қаралуын жауап беру.
Аудан әкімінің аппаратына заңдылық жолымен жуктелген басқа да функциялар мен міндеттерді атқару.
10. Аудан әкімінің аппаратының негізгі міндеттері мыналар:
Аудан әкімінің қызметін ұйымдық, құқықтық, құжаттамалық, материалдық-техникалық және басқалай қамтамасыз ету.
11. Аудан әкімінің аппараты өзінің құзыретті шегіндегі негізгі міндеттерді орындау және өзінің функциясын жүзеге асыру мақсатында мыналарға құқылы.
1) Ауданның мемлекеттік мекемелерінің қарамағындағы ақпараттық материалдарды пайдалану.
2) Аудан әкімінің аппаратының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік және басқа да ұйыдармен қызмет бабындағы хат алмасу.
3) Аудан әкімінің шешімдерімен өкімдерінің жобалварына сараптама жасауды ұйымдастыру.
4) Мүдделі мемлекеттік органдардың аудан әкімінің кесімдерінің жобаларымен келісімінің бар-жоғын бақылау, ол болмаған жағдайда тиісті жобаны келісу үшін кейін қайтару.
5) Әкімінің шешімін талап етпей тін мәселелер жөніндегі хат-хабарларды тиісті мемлекеттік органдарға жолдау және кейін қайтару.
6) Президентінің, Үкіметтің және облыс пен аудан әкімдерінің кесімдері мен тапсырмаларының орындалуына тексеру жүргізуге қатысу.
7) Аудан әкімі тағайындайтын немесе оның келісімімен тағайындалатын мемлекеттік мекемелер мен жергілікті атқарушы органдардың басшыларының Мемлекеттік басшысының, Үкіметтің және облыс пен аудан әкімдерінің шешімдері мен тапсырмаларын орындамағаны немесе шала орындағаны үшін жауапкершілігі туралы ұсыныстар енгізу.
8) Аудан әкіміне есеп беретін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың лауазымды тұлғаларын қаралатын мәселе бойынша түсініктеме беру үшін шақыру.
10) Заңдылық шеңберінде басқа да құқықтарды жүзеге асыру.
12) Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік органдардың қажетті материалдар, мәліметтер беру жөніндегі, сондай-ақ облыс пен аудан әкімдерінің шешімдерімен өкімдерінің жобаларын дайындау кезінде пысықтау жөніндегі талаптары, тапсырмада басқа атқару мерзімі көрсетілмеген болса, заңдарда белгіленген мерзімдерде орындалуға тиіс.
Аудан әкімі аппаратының мүлкі
13. Аудан әкімінің аппаратының басқару құқығында бекітілген мүлкі болады.
Аудан әкімінің аппаратының мүлкі мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптасады және негізгі қорлармен айналым қаражатынан, сондай-аққұны аудан әкімінің балансасында көрсетілмеген өзге де мүліктен тұрады.
14. Аудан әкімінің аппаратына бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
15. Аудан әкімінің аппаратының өзіне бекітіліп берілген мүлікті өз бетінше иеліктен алуға немесе өзге де тәсілмен жүргізуге құқығы жоқ.
Аудан әкімінің аппаратына мүлікке билік жасау құқы берілген жағдайда, ол мүлікке заңдарда белгіленген жағдайлар мен заңдылық шеңберінде билік жасайды.
Аудан әкімінің аппаратының қызметін ұйымдастыру
16. Аудан әкімінің аппаратын белгіленген тәртіппен аудан әкімі қызметке тағайындайтын және босататын аппарат басшысы басқарады.
Сондай-ақ, аудан әкімінің аппаратының құрылымдық бөлімдерінің басшылары да заңда белгіленген тәртіппен аудан әкімімен қызметке тағайындалады және босатылады.
17. Аудан әкімінің аппаратының басшысы аппарат жұмысын ұйымдастырады және басқарады, аппаратқа жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына жеке жауап береді.
18. Осы мақсатта аппарат басшысы:
1) аудан әкімінің аппаратының құрылымдық бөлімдері туралы ережені бекітеді, олардың функцияларымен өкілеттіктерін белгілейді.
2) аудан әкімінің аппаратының құрылымдық бөлімдерінің іс-қимылын реттеп отырады.
3) аппарат басшысы мемлекеттік қызметші болып табылмайтын аппарат жұмысшыларын қызметке қабылдайды, босатады және еңбек демалысын беру, іс сапарға жіберу, көтермелеу, тәртіптік шара қолдану, т.б. мәселелер бойынша өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады.
4) мемлекеттік және басқа органдарда аудан әкімінің аппаратының мүддесін қорғайды.
5) Заңдарға сәйкес өзге де өкілеттерді жүзеге асырады.
Аудан әкімі аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату
19. Аудан әкімі аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.