Жағырапия

Географиялық жағдайы
Ойыл өңірі немесе ауданы осы аттас өзенге байланысты қойылған. Бұл көне түрік ұғымы бойынша «екі сөзден қалыптасқан» деу қисынға келеді. Ой және Йыл сөзінің бірігуі арқылы өзен ұғымын берген. «Ой» - деген сөз ылди екені өзінен-ззі түсінікті. Көне дәуірде ежелгі түркілер өзен-суды «йыл» деп те айтқан. Мысал үшін, қазіргі Елек өзені «йыл», иек» деген екі сөзден қалыптасқан. Сол сияқты «Қиыл» да «Құй» және «Йыл» сөзінің қоспасынан жасалып тұр. Оңтүстіктегі Іленің әу бастағы аталуы Йыл Ие болуға керек. Яғни, иесі бар су, өзен деген мағынада. Ал Елек болса, жақын маңдағы өзен, яғни иек астындағы су, өзен дегенді меңзегендей.
Аудан аймағы бірыңғай және өте ыстық даланың белдеуінде тұратындықтан, қуаңшылдық пен аңызақтың жиі-жиі өрістеуімен, жеңіл көтеріңкі жылдамдығы жағдайындағы болатын жаздық жоғары температурасымен және қарқынды булану процестерімен сипатталады. Аудан аймағы құрғақ өте жылы агроклиматтық белдеулерде орналасқан.
Ауданның негізгі бөлігі континентальды шөлейт аймақта, ал өте аз бөлігі (бұрынғы Жетікөл совхозының Жақсыбай өзенінен солтүстік шекараға дейін) қуан дала.
Атмосфералық жауын-шашынның жеткіліксіздігі, аномалдық процестердің жиі-жиі өрістеуі, жазғы жоғары температура мен желдің жылдамдығы, осыған байлданысты қарқынды булану егіншіліктің дамуын тежейді. Сондықтан, ауылшаруашылық өндірісінде басты рольді қылшық жүнді қой өсірушілікпен және етті мал шаруашылығымен айналысатын, әрі аз өнімді жайылымдармен сипатталатын мал шаруашылығы атқарады. Егіншілік өте аз дамыған және негізінен малға жемдік дақылдар өсіруге бағытталған. Сонымен қатар аудан аймағында салыстырмалы аз мөлшерде жылқы және түйе өсурушілік дамыған.
Жер бедерінің сипаты
Ойыл ауданының аумағы Орал-Ембі үстіртінің орталық батыс бөлігінде (негізгі аймақ) және Каспий бойы ойпатының азғантай бөлігінде (ауданның батыс бөлігі) орналасқан. Орографиялық қатынаста Орал-Ембі үстірті Мұғалжар тауымен Каспий бойы ойпатының өткінші бөлігі арасындағы таулы шеттің бөлшегі болып саналады. Аудан аймағы ылдтолқынды, кей жерлерде үстүрт бейнелі, жеткілікті мықты эрозиялық желілермен бөлшектенген және мезозой, негізінен юра дәуіріндегі шөгінділерден құрылған жер бетімен сипатталады.
Жер бетінің құрылымына және табиғи жағдайына байланысты Орал-Ембі үстірті Ойыл ауданының аумағында келесі табиғи аудандарға бөлінеді. Әрбір табиғи аудан өздерінен тән ерекшеліктермен сипатталады.
Абсолюттік биіктіктер 100-300 метр.
Орал-Ембі үстіртінің аудан аймағы мөлшерінде нашар қордалы саздақ түбірде жатқан, әрі осы шөгінділердің үрлену жолынан пайда болған үлкенді-кішілі құмдар орналасқан. Құмдардың бедерлері адыр-бұдырлы, ұялы, қырқалы-дөңесті немесе құм төбелі. Абсолюттік биіктіктер 80-150 метр.
Құм аралық төмендеу жерлерде тұзды көлдердің, сорлардың, көбірлердің желілері орналасқан, ал құмдарға жақын алқаптарда нашар толқынды құм төбешіктері бар екен құмды алқаптар тараған.
Гидрография және суландырылуы
Аудан аймағында гидрографиялық желі салыстырмалы жақсы дамыған, өзендер далалық жағдайға байланысты далалық сипатпен орналасады.
Ауданның өзендері негізінен аз сулы және тұрақсыз. Көктемде ғана қар еру кезінде ағымды болады, жазда бөлшек-бөлшек қараласуларға бөлінеді, кейде тіпті кеуіп қалады.
Ірі өзендердің арасында шығыстан орталығына, содан солтүстік- батысқа қарай ағатын аудан аттас Ойыл өзенін Қиыл өзені саналады. Бұл өзен аудан аймағында солтүстік пен оңтүстік –шығыстан оңтүстік- батысқа қарай ағып, Ойыл өзеніне Ащы-Ойыл өзені қосылады. Аудан аймағында бұл өзендерден басқа үлкенді-кішілі өзендер бар. Олардың ішінде Жақсыбай, Жекендісай, Қуырдақты, Қайынды, т.б. өзендерді айтуға болады. Бұлармен қатар аймақта көптеген жылғалар, су жинайтын сайлар және жыралар бар.
Ойыл- қар суымен қоректенетін дала өзендерінің қатарына жатады. Ол басын Ойбұлақ атты бұлақтан алады. Бұл бұлақ Қандыағаштан төменгі бұйраттардың бірінен оңтүстікке қарай тарамдалып, батысқа қарай құлдилайтын ойпаттардың бірінен бастау алады. Басы қоғалы, қопалы, қалың жынысты, тал-құрақты болып келеді. Ертеде батпақты, бақалы болып, қысы-жазы жұрт абайлап өтетін жер болған.
Ойыл өзені Ақтөбе болысының үш ауданын басып өтеді. Аяғы құмға сіңіп жоғалатын бұл арна көктемде тасыған кезде жағасындағы елге талай рет қауіп төндіргені белгілі.
Ойыл өзені 60- тан астам ірілі-ұсақты өзендер құяды екен. Солардың ішінде атап өтуге тұрарлығы –Қиыл, Кенжалы, Шилі, Қайынды, Келтесай, Ащы-ойыл, Қуырдақты, т.т. қар суымен коректенетін болғандықтан, Ойыл қысы қарлы, көктемі жаңбырлы болған жылдары қатты тасиды.
Ойыл өзені бойында қалың қамыс, құрақ, құралай шөп өседі. Кейде бозтал, шілік, гүлтобылғы, жыңғыл араласа шығады. Кей тұстарында жабайы теректер мен талдар, қызыл ағаштар қаулап шыққан.
Жазда өзен бойына су құстарының нешеме түрі ұшып келеді. Қоңыр, қызыл ала немесе торала, итала қаздар мен үйректің сан-сапаты, қасқалдақтар мен сандуғаш, бұлбұлдар, аққұтан мен аққулар жайлайды, өсіп-өрбіп көбейеді. Суында сазаннан бастап балықтың неше бір құнды түрі бар.
Климаты
Ақтөбе облысы Евразия континентінің жақын орталығында орналасқан. Осының бәрі солтүстік- батыстан оңтүстік-шығысқа қарай өсетін жоғары континентальды, күрт әлпеттелген материктік климаттың сипатын анықтайды.
Бейнеленіп отырған аудан климаты жоғарыда көрсетілгендей (1.1. бөлік) күрт континентальды ұзақ ыстық жазымен, салыстырмалы салқын қысымен, жиі-жиі соғатын мықты желімен, осыған байланысты құм және шаң дауылдармен сипатталады.
Атмосфералық жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 165-245 мм және олардың басым бөлігі қысқы-көктемгі мезгілдердің үлесіне келеді.
Ауа температурасының абсолюттік амплитудасы 75-90 С, абсолюттік барынша көп жоғары температура +41 С- +45С, абсолюттік ең азы -42 С- -45С.
Көктемде жауын-шашын 25-35% мөлшерінде жауады (салыстырмалы аз), сондықтан осы мезгілде топырақтағы ылғал қоры таусылып, жаздың басында өсіп-өну кезеңін аяқтайтын эфемерлік өсімдіктер күштірек дамиды.
Топырағы
Аудан аймағы жылы құрғақ және өте жылы құрғақ агроклиматтық белдеулерде орналасқан. Сондықтан аймақта жақсы әлпеттелген топырақтың екі түрі- қоңыр және ақшыл қоңыр топырақты болып келеді.
Ауданның қиыр солтүстігінде (бұрынғы Жетікөл, Саралжын, Аманкелді, атындағы совхоздардың солтүстік бөліктері) салыстырмалы өте аз көлемде қоңыр топырақты.
Толық профильді қоңыр саздақ, топырақтардың қалыңдығы 70-100 см. Жоғары құнарлы қабатында қара шірік көлемі 1,0-1,5% - дан 2,5 -3,0 % -ға дейін қалыңдайды.