Қуқықтық негіз

Мемлекеттік рәміздер жөніндегі аудандық комиссияның
2017 жылға арналған инспекциялық жұмыс кестесі
Мазмұны
Мерзімі
Жауаптылар
1.
2.
3.
4.
2017 жылға арналған комиссияның жұмыс жоспары мен инспекциялық тексеру жұмыс кестесін жасақтау.
Қайыңды, Саралжын ауылдық округтерінде мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану бойынша жүргізген жұмыстары туралы.
Көптоғай, Берсиев ауылдық округтерінде мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану бойынша жүргізген жұмыстары туралы.
I-тоқсандағы хаттамалық шешімнің орындалуы туралы.
Қараой, Сарбие ауылдық округтерінде мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану бойынша жүргізген жұмыстары туралы.
II-тоқсандағы хаттамалық шешімнің орындалуы туралы.
Мемлекеттік рәміздер жөніндегі аудандық комиссияның 2017 жылға арналған жұмысын қорытындылау 2018 жылға жұмыс жоспары туралы.
Аудан орталығындағы мекемелер мен кәсіпорындардың мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану бойынша жүргізген жұмыстары туралы.
Мемлекеттік рәміздер жөніндегі аудандық комиссияның хаттамалық шешімдерінің орындалуы.
І-тоқсан
ІІ-тоқсан
ІІІ-тоқсан
ІV-тоқсан
комиссия мүшелері
комиссия мүшелері
комиссия мүшелері
комиссия мүшелері
Мемлекеттік рәміздер жөніндегі аудандық комиссияның
2017 жылға арналған жұмыс ЖОСПАРЫ
Мазмұны
Мерзімі
Орындаушылар
Комиссия отырысында қаралатын сұрақтар
1.
1. 2017 жылға арналған комиссияның жұмыс жоспары мен инспекциялық тексеру жұмыс кестесін жасақтау
2. Қайыңды, Саралжын ауылдық округтерінде мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану бойынша жүргізген жұмыстары туралы
І-тоқсан
Аудандық ішкі саясат бөлімі
Қайыңды, Саралжын ауылдық округтер әкімі аппараттары
2.
1. Көптоғай, Берсиев ауылдық округтерінде мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану бойынша жүргізген жұмыстары туралы
2. I-тоқсандағы хаттамалық шешімнің орындалуы туралы
ІІ-тоқсан
Көптоғай, Берсиев ауылдық округтер әкімі аппараттары
Аудандық ішкі саясат бөлімі
3.
1. Қараой, Сарбие ауылдық округтерінде мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану бойынша жүргізген жұмыстары туралы
2. II-тоқсандағы хаттамалық шешімнің орындалуы туралы
ІІІ-тоқсан
Қараой, Сарбие ауылдық округтер әкімі аппараттары
Аудандық ішкі саясат бөлімі
4.
1. Мемлекеттік рәміздер жөніндегі аудандық комиссияның
2017 жылға арналған жұмысын қорытындылау 2018 жылға жұмыс жоспары туралы
2. Аудан орталығындағы мекемелер мен кәсіпорындардың мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану бойынша жүргізген жұмыстары туралы
3. Мемлекеттік рәміздер жөніндегі аудандық комиссияның хаттамалық шешімдерінің орындалуы
ІV-тоқсан
Аудандық ішкі саясат бөлімі
Көпшілік іс – шаралар
5.
Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауды қалыптастыру және оны орындау барысында заңнаманың сақталуы бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу
тұрақты
Ойыл селосы мен ауылдық округтер әкімдіктері
Мемлекеттік мекемелер басшылары
Аудандық ішкі саясат бөлімі
6.
Мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына мақалалар және тақырыптық жарияланымдар ұйымдастыру
тұрақты
Аудандық ішкі саясат бөлімі
«Ойыл газеті» ЖШС
7.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 873 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесін бекіту туралы» қаулысының орындалуын қатаң бақылауда ұстау
тұрақты
Ойыл селосы мен ауылдық округтер әкімдіктері
Мемлекеттік мекемелер басшылары
8.
Мекеме басшылары мен жауапты мекеме қызметкерлерін қатыстыра отырып Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын пайдаланудың жаңа ұлттық стандартын (ҚР СТ 989-2014) түсіндіру негізінде семинар ұйымдастыру
жыл ішінде
Аудандық ішкі саясат бөлімі
9.
Барлық мемлекеттік мекемелерде және қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік және спорттық іс-шаралар өткізілетін орындарда мемлекеттік рәміздердің болуын қатаң бақылауға алу және олардың мемлекеттік стандартқа сай келуін қамтамасыз ету
тұрақты
Ойыл селосы мен ауылдық округтер әкімдіктері
Мемлекеттік мекемелер басшылары
10.
Мемлекеттік рәміздерді сатып алуды өткізген кезде жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар мемлекеттік рәміздерді дайындауға құқығы берілген лицензиясы бар әзірлеушілерден алуды қамтамасыз ету
тұрақты
Ойыл селосы мен ауылдық округтер әкімдіктері
Мемлекеттік мекемелер басшылары
11.
4 маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне арналған жастар акцияларын, кездесулер мен байқаулар ұйымдастыру
4 маусым
Аудандық ішкі саясат бөлімі
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
12.
Спорттық іс-шаралар кезінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік Гимнін орындағанда оның музыкалық редакциясы мен мәтінін сақталуын қамтамасыз ету
тұрақты
Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі
Ойыл балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі
13.
Аудандық білім беру мекемелерінде мемлекеттік рәміздерді насихаттау мен қолдануға және жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеуге бағытталған шаралар (кештер, тәрбие сағаттары, конкурстар, кездесулер, пікірталас, ақпараттық-танымдық сағаттар, «дөңгелек үстелдер»және т.б.) өткізу
тұрақты
Аудандық білім бөлімі
14.
Аудандық мәдениет мекемелерінде «Мемлекет және рәміздер», «Рәміздеріміз – ұлттық мақтанышымыз», «Рәміздер – Тәуелсіздік белгісі!» тақырыптарында әдеби-сазды кештер, оқырмандар конференциясын және кездесулер ұйымдастыру
тұрақты
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Ш.Берсиев атындағы өнер және өлке тарихы музейі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнін (бұдан әрі – Мемлекеттік рәміздер күні) мерекелеу қағидалары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына сәйкес әзірленді және Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу тәртібін анықтайды. 2. Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу қазақстандық азаматтық біртектілікті, патриотизмді және ұлт бірлігін нығайту бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі элементі болып табылады. Мереке «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойылған күнге орайластырылған.
2. Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу тәртібі
3. Мемлекеттік рәміздер күні жыл сайын еліміз бойынша барлық жерде мерекеленеді. 4. Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеуге мемлекеттік заңды тұлғалар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы оларға қатысты жалғыз акционер (қатысушы) болып табылатын өзге де акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер (бұдан әрі – заңды тұлғалар), Қазақстан Республикасының елшіліктері және басқа да ресми шет елдік мекемелер, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери құрамалары, бөлімдері, бөлімшелері және мекемелері тарапынан өткізілетін ресми, салтанатты рәсімдер немесе спорттық іс-шаралар кіреді. 5. Мемлекеттік заңды тұлғаларда, Қазақстан Республикасының елшіліктерінде және басқа да ресми шет елдік мекемелерде, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери құрамаларында, бөлімдерінде, бөлімшелерінде және мекемелерінде мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен безендірілген үй-жайларда салтанатты түрде мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлердің, мәдениет, білім және ғылым, экономика және қаржы, сондай-ақ басқа да салалардың белгілі өкілдерінің қатысуымен өткізіледі. 6. Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеуге арналған ресми және салтанатты рәсімдер, спорттық іс-шаралар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын салтанатты жағдайда көтеру және тігумен басталады және Мемлекеттік Гимн орындалады, бұл ретте қатысушылар жүздерін Туға қарай бұрады. 7. Мемлекеттік Гимн көпшілік алдында орындалған кезде қатысушылар оны орнынан тұрып айтады (тыңдайды), бұл ретте Қазақстан Республикасының азаматтары оң қолын жүрек тұсына қояды. 8. Мемлекеттік Гимнді оркестр, хор, оркестр мен хор орындайды не ол өзге де вокалдық және аспаптық түрде орындалады. Бұл ретте дыбыс жазу құралдары пайдаланылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін ықшамдап орындауға жол беріледі. 9. Мемлекеттік Гимн бекітілген мәтіні мен музыкалық редакциясына дәлме-дәл сәйкестікпен мемлекеттік тілде орындалады. 10. Ресми және салтанатты рәсімдер, спорттық іс-шараларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеуге арналған құттықтау, сондай-ақ оның тарихы, маңызы және маңыздылығына арналған сөздер ұйымдастырылады. Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу шеңберінде өткізілуі мүмкін: 1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін бір мезетте орындау жөніндегі шарасы; 2) медальдарды, төсбелгілерді, ведомстволық наградаларды, құрмет грамоталарды және алғыс хаттарды табыстау; 3) жаңа объектілердің, ұйымдардың ашылуы; 4) әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге ант қабылдату; 5) Қазақстанның мемлекеттілігі мәселелері бойынша ғылыми-практикалық конференциялар, форумдар, мәжілістер, дөңгелек үстелдер; 6) кітапханалар мен музейлерде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне арналған тақырыптық көрмелер мен экспозициялар; 7) көрнекті саяси, еңбегі сіңген және қоғам қайраткерлерінің сұхбаттары мен жарияланымдарын, тақырыптық бағдарламалар циклдарын шығару; 8) мемлекеттік рәміздерді дәріптеуге, өз еліне деген мақтаныш және отанына деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға, тәрбиелеуге бағытталған конкурстар, викториналар; 9) мемлекеттік рәміздерді насихаттауға бағытталған басылым және естелік өнімдерін шығару; 10) Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеуге арналған өзге де шаралар. Осы Ереженің 4 тармағында көрсетілмеген заңды тұлғалар және жеке тұлғалар олардың еркі бойынша осы Ереженің 10 тармағында көрсетілген шаралардың өткізілуі мүмкін. 11. Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеуде ақпараттық сүйемелдеу шеңберінде мемлекеттік заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының елшіліктері және басқа да ресми шет елдік мекемелер, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери құрамалары, бөлімдері, бөлімшелері және мекемелері тарапынан өткізілетін Мемлекеттік рәміздер күніне арналған шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жария ету жөніндегі шаралар қабылданады. 12. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада, аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда), қаладағы аудандарда, аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде мемлекеттік рәміздер күнін ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ, ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді.
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмiздерi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 2015 жылғы 28 қазандағы № 370-V ҚРЗ
1-бап. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмiздерi туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 11, 72-құжат; 2008 ж., № 13-14, 53-құжат; 2012 ж., № 12, 82-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 4-баптың 1-тармағында: бірінші бөлікте: мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын: «5-1) мемлекеттік заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы оларға қатысты жалғыз акционер (қатысушы) болып табылатын өзге де акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік нышандарға арналған экспозиция үшін бөлінген үй-жайларында (үй-жайларының бір бөлігінде);»; 10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «10) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу, ресми және салтанатты рәсімдер, спорттық іс-шаралар кезінде;»; екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Қарулы Күштердің құрамаларында, әскери бөлімдерінде, бөлімшелерінде, мекемелерінде және басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Мемлекеттік Туды және оның бейнесін пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібі жалпы әскери жарғыларда айқындалады.»; мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын: «Мемлекеттік Туды және оның бейнесін пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»; 2) 5-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: «3. Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерді, консулдық мекемелерді, халықаралық ұйымдарды және (немесе) олардың өкілдіктерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымдар мен өкілдіктер пайдаланатын шет мемлекеттердің тулары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туымен бір мезгілде орналастырылады.»; 3) 6-бапта: 1-тармақта: бірінші бөлікте: 1) тармақшадағы «әскери құрамаларының, бөлімдерінің» деген сөздер «құрамаларының, әскери бөлімдерінің» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) тармақшадағы «ұдайы орналастырылады.» деген сөздер «ұдайы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: «4) мемлекеттік заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы оларға қатысты жалғыз акционер (қатысушы) болып табылатын өзге де акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік нышандарға арналған экспозиция үшін бөлінген үй-жайларында (үй-жайларының бір бөлігінде) орналастырылады.»; екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Қарулы Күштердің құрамаларында, әскери бөлімдерінде, бөлімшелерінде, мекемелерінде және басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Мемлекеттік Елтаңбаны және оның бейнесін пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібі жалпы әскери жарғыларда айқындалады.»; 2-тармақтың 1) тармақшасындағы «әскери құрамаларының, бөлімдерінің» деген сөздер «құрамаларының, әскери бөлімдерінің» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «Мемлекеттік Елтаңбаны және оның бейнесін пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»; 4) 8-бапта: 1-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктері мен өзге де ұйымдары өткізетін ресми және салтанатты рәсімдер, спорттық іс-шаралар кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтерілген кезде;»; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Мемлекеттік заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы оларға қатысты жалғыз акционер (қатысушы) болып табылатын өзге де акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік нышандарға арналған экспозиция үшін бөлінген үй-жайларында (үй-жайларының бір бөлігінде) Мемлекеттік Гимннің мәтіні міндетті түрде орналастырылады. Мемлекеттік Гимннің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қарулы Күштердің құрамаларында, әскери бөлімдерінде, бөлімшелерінде, мекемелерінде және басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Мемлекеттік Гимнді орындау және оның мәтінін пайдалану тәртібі жалпы әскери жарғыларда айқындалады.»; 5) 10-бапта: 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын бекіту;»; мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: «3-1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу қағидаларын бекіту;»; 6) 11-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілер мәселелері жөніндегі сараптама кеңесін құрады, сондай-ақ ол туралы ережені әзірлейді және бекітеді;». 2-бап. Осы Конституциялық заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 873 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1187 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 873 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 36, 410-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидалары бекітілсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесінде: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидалары»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (бұдан әрі - Конституциялық заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібін айқындайды.»; «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын орналастыру» деген 2-тарауда: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын пайдалану (орнату, орналастыру)»; 2-тармақта: мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын: «5-1) мемлекеттік заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы оларға қатысты жалғыз акционер (қатысушы) болып табылатын өзге де акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік нышандарға арналған экспозиция үшін бөлінген үй-жайларда (үй-жайларының бір бөлігінде). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы орналастырылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарына арналған экспозиция үшін бөлінген үй-жайлар (үй-жайларының бір бөлігі) әсем безендірілуге және шаруашылық-тұрмыстық бөлмелерден, кіреберістен және киім ілетін бөлмелерден алыс орналасуға тиіс;»; 10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «10) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу, ресми және салтанатты рәсімдер, спорттық іс-шаралар кезінде;»; 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «3. Қарулы Күштердің құрамаларында, әскери бөлімдерінде, бөлімшелерінде, мекемелерінде және басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Мемлекеттік Туды және оның бейнесін пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібі жалпы әскери жарғыларда айқындалады. 4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын патриоттық сезімді, қазақстандық бірегейлікті білдіру, елдің оның азаматтарының жетістіктерін көпшілік іс-шаралар және жеке іс-әрекеттер аясында қолдау мақсатында жеке және заңды тұлғалар пайдалануы (орнатуы, орналастыруы) мүмкін. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын ұлттық стандарттардың талаптарын бұза отырып пайдалануға жол берілмейді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын қорлауға арналған зат ретінде пайдалануға жол берілмейді.»; 7, 9, 10, 10-1, 11, 20, 23, 27, 28, 29, 30, 31-тармақтардағы «Ереженің» деген сөз «Қағидалардың» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын: «13-1. Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерді, консулдық мекемелерді, халықаралық ұйымдарды және (немесе) олардың өкілдіктерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымдар мен өкілдіктер пайдаланатын шет мемлекеттердің тулары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туымен бір мезгілде орналастырылады.»; «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын орналастыру» деген 3-тарауда: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын пайдалану (орнату, орналастыру)»; 15-тармақта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) Қазақстан Республикасы Президенті Резиденциясының, Парламенттің, Сенат пен Мәжілістің, Үкіметтің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттарының, Қарулы Күштердің құрамаларының, әскери бөлімдерінің, бөлімшелері мен мекемелерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың ғимараттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы елшіліктерінің, халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілдіктерінің, сауда өкілдіктерінің, шетелдегі басқа да ресми мекемелерінің, шетелдегі мекемелерінің басшылары резиденцияларының ғимараттарында - ұдайы;»; 3) тармақшадағы «ұдайы орналастырылады.» деген сөздер «ұдайы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: «4) мемлекеттік заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы оларға қатысты жалғыз акционер (қатысушы) болып табылатын өзге де акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік нышандарға арналған экспозиция үшін бөлінген үй-жайларында (үй-жайларының бір бөлігінде) орналастырылады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы орналастырылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарына арналған экспозиция үшін бөлінген үй-жайлар (үй-жайлардың бір бөлігі) әсем безендірілуге және шаруашылық-тұрмыстық бөлмелерден, кіре берістен және киім ілетін бөлмелерден алыс орналасуға тиіс.»; 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «16. Қарулы Күштердің құрамаларында, әскери бөлімдерінде, бөлімшелерінде, мекемелерінде және басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Мемлекеттік Елтаңбаны және оның бейнесін пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібі жалпы әскери жарғыларда айқындалады.»; «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру» деген 4-тарауда: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру);»; мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын: «23-1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының бейнесі өзге де материалдық объектілерде орналастырылуы мүмкін. Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігін қолдану мақсатында өзге материалдық объектілерге бір рет пайдаланылатын заттар жатпайды.»; 26-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) Қазақстан Республикасының Президенті мен оның Әкімшілігінің, Парламенттің, оның палаталары мен олардың аппараттарының, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталары Бюроларының, Үкіметтің және Премьер-Министр Кеңсесінің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттарының, Қарулы Күштердің әскери құрамаларының, бөлімдерінің, бөлімшелері мен мекемелерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, жергілікті өкілді, атқарушы органдардың және өзге де мемлекеттік ұйымдардың мөрлері мен құжаттарының бланкілерінде;»; 34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «34. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі өзге де материалдық объектілерде орналастырылуы мүмкін. Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігін қолдану мақсатында өзге материалдық объектілерге бір рет пайдаланылатын заттар жатпайды.»; мынадай мазмұндағы 34-1 және 34-2-тармақтармен толықтырылсын: «34-1. Мемлекеттік заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы оларға қатысты жалғыз акционер (қатысушы) болып табылатын өзге де акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік нышандарға арналған экспозиция үшін бөлінген үй-жайларында (үй-жайларының бір бөлігінде) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің мәтіні міндетті түрде орналастырылады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің мәтіні орналастырылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарына арналған экспозиция үшін бөлінген үй-жайлар (үй-жайлардың бір бөлігі) әсем безендірілуге және шаруашылық-тұрмыстық бөлмелерден, кіре берістен және киім ілетін бөлмелерден алыс орналасуға тиіс. 34-2. Қарулы Күштердің құрамаларында, әскери бөлімдерінде,белімшелерінде, мекемелерінде және басқа да әскерлер мен әскериқұралымдарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындау және оның мәтінін пайдалану тәртібі жалпы әскери жарғыларда айқындалады.». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.