Мәдениет

Мәдениет
Отызыншы жылдардың ортасынан бастап, ауыл өнерпаздарын дамытуға бағытталған ауданда үйірмелер жұмыс жасаған. Соның нәтижесінде 1936 жылы Ойыл колхоз-совхоз театры құрылған. Бұл мекеме Ойыл селосындағы мешіт ғимаратына орналасып, жұмыс істеген. Негізінен елді мекендерді аралап қысы-жазы өнер көрсеткен. Елуінші-алпысыншы жылдары Ойыл қазақ драма театрының даңқы алысқа жайылды. Нұрсұлу Тапалова, Бәтіш Дәденова, Жаулыбай Қазтуғанов, Бегман Оразбаев, Садуақас Жоламанов, Рахила Әлжанова сынды талантты артистердің есімдері Одақ жұртшылығына танымал болды. Қазақ ССР- ының Мәдениет министрлігіне қараған театрды мемлекет қаржыландырып отырды. Театрдың репертуары бай болды. Мәселен, қырқыншы жылдары «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан» сияқты сазды драмаларды қойып келсе, алпысыншы жылдары Қ.Мұхамбетжановтың «Бөлтірік бөрік астында», Ә.Тәжібаевтың «Жалғыз ағаш орман емес» пьесаларымен толығады. Осы жылдары қазақ драма театрының директоры Н.Ибраев болды. Колхоз –совхоз театры 1963 жылы жабылды. Қазірде бұл театрдың ізінде Ойыл халық театры жұмыс істейді. Ойыл халық театры артисі кейін режиссеры болған ,қазір зейнеткер А.Жұманов «Мәдениет қайраткері» атағының иегері.
Қазіргі таңда ауданымызда 38 мәдени ошақ бар. Оның ішінде 1 аудандық мәдениет үйі, 16 ауылдық клуб, 19 кітапханалар, 1 мәдениеит және демалыс орталығы, 1 музей. Дербес ғимараты бар мәдениет ошақтары-23.
2016 жыл бойынша мәдени шара саны -3567, қамтылған көрермен саны-343957.
Ақылы қызмет жоспары -3400,0 мың теңге, орындалуы -3400,0 мың теңге (100,0%). Кітап қоры-179896 (2015-176413), жаңа кітап -3483 (2015-5253), оқырман саны -11407 (2015-11325).
«Жұмыспен қамту жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша:
38191,2 мың теңгеге аудандық мәдениет үйіне және 3570,0 мың теңгеге Берсиев модельді кітапханасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша:
Ақжар ауылдық клубы-1320,6 мың теңгеге,Қарасу ауылдық клубы-2241,8 мың теңгеге,Сапақкөл ауылдық клубы-1514,0 мың теңгеге,барлығы 5 нысанға 46837,6 млн теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.Жергілікті бюджеттен бөлінген 12039,0 мың теңгеге мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базалары жақсартылды.
Үйірмелер /қызығушылық клубтар/ саны- 114.Қатынасушылар саны: 1015.
«Халықтық», «Үлгілі» атақтары бар ұжымдар саны- 9.Қатынасушылар саны: 113.
«Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесіне қарасты 5 модульді ауылдық кітапхана бар.Олар:
Берсиев модельді ауылдық кітапханасы -2008 жыл
Коптоғай модельді ауылдық кітапхана -2013 жыл
Ақжар модельді ауылдық кітапхана -2014 жыл
Саралжын модельді ауылдық кітапхана -2015 жыл
Қараой модельді ауылдық кітапхана -2016 жыл
Сала жетістіктері: Облыстық :«Еліміздің көк байрағын көтерер, Жастарымыз ел намысын жетелер» ІҮ облыстық черлидинг байқауында «Zаs SТАRS» тобы ІІ орынды иеленді. Облыстық «Балдәурен -2016» балалар шығармашылығы байқауында /халықтық/ жанр бойынша Ертісқызы Жанерке ІІ орын, «Үкілі домбыра» дуэті ІІІ орын, /көркем сөз/ жанры бойынша Қайратқызы Ләззат ІІІ орын, Әнуарқызы Дильназ ІІІ орын, Қайыржанова Рамина ІІІ орындарға ие болса, облыстық «Жас дәурен-2016» жастар мен студенттер фестивалінде /вокал/ жанры бойынша Сағынов Нұрлыадин ІІ орынмен марапатталды. «Тәуелсіздігімізді жырлаймын» атты облыстық патриоттық әдеби музыкалық компазициялар байқауында Ойыл халық театры жүлделі ІІ орынға ие болды. . Хромтау ауданында өткен аудан әкімі кубогі КТК ойынында «Көкжар» КТК командасы І орын иеленді. Ш.Берсиевтің 135 жылдығына арналған облыстық ақындар айтысында Ойылдық айтыскер Ә.Жақсылық І орынды жеңіп алды. Ақтөбе қаласында өткен «Нашақорлық-қоғам қасіреті» облыстық байқауында «Жас талап» драма үйірмесі жүлделі І орынға ие болды. Есенбекұлы Рашид Темір ауданында өткен облыстық «Қалықташы, әсем ән» эстрадалық әндер байқауында ІІ орынмен марапатталды. Ақтөбе қаласында өткен «Еңбек пен өнер егіз» атты облыстық өндіріс, кәсіпорын, мекемелердің еңбек ұжымдары арасында шығармашылық байқауында «Балдырған» бала бақшасы ұжымы жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Республикалық:«Ақ көгершін» Республикалық балалар шығармашылығы фестиваль байқауында Жолдыбай Абдуррахман /вокал/ жанры бойынша ІІІ орынға ие болды.
Халықаралық :Астана қаласында өткен Халықаралық «Renaissance» байқауына Үлгілі «Әсем» би ансамблі қатынасып жүлделі І орын иеленді.
2016 жылы өткізілген басты мәдени-көпшілік шаралар: Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мекемеаралық «Жұлдызды 25 кітап» байқауы, көше, ауыл,мекеме күндері, облыс орталығында аудан күндері өткізілді. «Ардагерлер», «Достық», «Әйел бақыты» клубтары ашылып, еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «Қазақ ұлттық аспаптар оркестрі», «Ардагерлер» хоры жұмысын бастады. Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Жастар көктемі» атты аймақтық фестивалі өтті. Шараға Атырау облысы Қызылқоға ауданы, Ақтөбе облысы Алға, Қобда, Байғанин, Темір, Ойыл аудандары қатынасты.Ш.Берсиевтің 135 жылдығына орай үлкен мәдени шара ұйымдастырылып, облыстық ақындар айтысы өтті.
2016 жылы тілдерді дамыту саласы бойынша атқарылған жұмыстар:
АДБ (Аумақтық даму бағдарламасы) индикаторы: шығыс құжаттары 100% - ды құрап отыр.
Тілдерді дамыту бойынша атқарылған іс – шара саны – 9. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Жұлдызды 25 кітап» атты аудан мекемелері арасында байқауы, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай және 22 – қыркүйек Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер күні мерекесіне арналған «Ұлт тілі – болашақ үні» атты аудандық балалар шығармашылығы және «Елім менің!» жазба ақындардың жыр мүшәйрасы, «Мемлекеттік тіл және БАҚ» үздік мақала, «Үздік стенд», Өзге ұлт жастары арасындағы қазақ тілі білгірлерінің «Тіл – халық жанын танудың кілті» байқаулары, «Тіл мәртебесі – ел мерейі» дөңгелек үстелі «Мемлекеттік тіл және БАҚ» үздік мақала, «Үздік стенд», «Жұлдызды 25 кітап» акциясының мәдени іс – шараларының қорытынды шаралары, «Бабалар рухы бойымда» жастар шығармашылығы байқауы өткізіліп, аудандық бюджеттен бөлінген 264,0мың теңге толық игерілді.
Тілдерді дамыту бойынша аудандық «Ойыл» газетіне 4 мақала берілді.
Азаматтық хал актілерін тіркеу саласы бойынша 9 мемлекеттік қызметті жүзеге асырып келеді. Аталған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша 2015 жылы барлығы – 845, 2016 жылы барлығы – 946 мемлекеттік қызмет көрсетті.
«Ойыл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ
қарасты мекемелер
Мекеме атауы
Басшысы
Орналасқан жері
Жұмыс
телефоны
1
«Ойыл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ
Жоламанова Шамшырақ
Ойыл селосы,
Көкжар көшесі №68 үй
8-71332-
2-17-72
2
«Ойыл аудандық мәдениет үйі»МКҚК
Нұржанов Сансызбай
Ойыл селосы,
Көкжар көшесі № 68үй
2-18-99
3
«Ойыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ
Наурызова Ақмарал
Ойыл селосы,
Шернияз көшесі №63 үй
2-15-12
4
«Ойыл патриоттық тәрбие беру орталығы» МКҚК
Мамбетова Айсұлу
Ойыл селосы,
Шернияз көшесі №36 үй
2-20-14
5
«Балалар кітапханасы» ММ
Каплиева Гүлайым
Ойыл селосы,
Көкжар көшесі №68 үй
2-17-49
6
Сапақкөл ауылдық кітапханасы
Алжанова Қанипа
Сарбие с/о. Сапақкөл ауылы
7
Құмжарған ауылдық кітапханасы
Бисенова Гүлшара
Берсиев с/о. Құмжарған ауылы
8
Саралжын ауылдық кітапханасы
Бакиева Жеңісгүл
Саралжын с/о. Саралжын ауылы
74-0-22
9
Амангелді ауылдық кітапханасы
Дүйсенова Айзада
Көптоғай с/о. Амангелді ауылы
10
Қаракөл ауылдық кітапханасы
Нұржанова Құндызай
Сарыбие с/о. Қаракөл ауылы
11
Ақшатау ауылдық кітапханасы
Мұхамедиярова Рысбеке
Ойыл с/о. Ақшатау ауылы
12
Ақкемер ауылдық кітапханасы
Жолшарова Ләззат
Саралжын с/о. Ақкемер ауылы
74-2-08
13
Қаракемер ауылдық кітапханасы
Шамсонова Жаңылсын
Ойыл с/о. Қаракемер ауылы
14
Қараой ауылдық кітапханасы
Сүйеугалиева Қарылғаш
Қараой с/о. Қараой ауылы
15
Екпетал ауылдық кітапханасы
Рзина Салтанат
Ойыл с/о. Екпетал ауылы
16
Қарасу ауылдық кітапханасы
Ізбасарова Тілекгүл
Көптоғай с/о. Қарасу ауылы
17
Ақжар ауылдық кітапханасы
Қазиева Назгүл
Қайыңды с/о. Ақжар ауылы
74-8-92
18
Қаратал ауылдық кітапханасы
Абилова Ақгүл
Берсиев с/о. Қаратал ауылы
37-5-35
19
Көптоғай ауылдық кітапханасы
Шындәулетова Бибігүл
Көптоғай с/о. Көптоғай ауылы
73-3-73
20
Көсембай ауылдық кітапханасы
Қойбағарова Жайнагүл
Қайыңды с/о. Көсембай ауылы
21
Жамбыл ауылдық кітапханасы
Калашева Бижамал
Саралжын с/о. Бестамақ ауылы
74-1-00
22
Ащы-Ойыл ауылдық кітапханасы
Аблашева Гүлдаурен
Берсиевс/о Қарасу ауылы
23
Ақжар ауылдық клубы
Мұхамбетқалиева Гүлжанат
Қайыңды с/о. Ақжар ауылы
24
Ақкемер ауылдық клубы
Қожиденова Гүлім
Саралжын с/о. Ақкемер ауылы
25
Амангелді ауылдық клубы
Сидақова Жәкен
Көптоғай с/о. Амангелді ауылы
26
Ақшатау ауылдық клубы
Тынысбаев Марат
Ойыл с/о. Ақшатау ауылы
27
Қаратал ауылдық клубы
Қауметова Гүлхан
Берсиев с/о. Қаратал ауылы
28
Тайсойған ауылдық клубы
Төребаева Ләззат
Саралжын с/о. Тайсойған ауылы
29
Көптоғай ауылдық клубы
Мусина Ләззат
Көптоғай с/о. Көптоғай ауылы
30
Қараой ауылдық клубы
Жанғазиева Лиза
Қараой с/о. Қараой ауылы
31
Қаракемер ауылдық клубы
Үмбетов Тілектес
Ойыл с/о. Қаракемер ауылы
32
Құмжарған ауылдық клубы
Абилов Азамат
Берсиев с/о Құмжарған ауылы
33
Қарасу ауылдық клубы
Қалиев Ерік
Көптоғай с/о.Қарасу ауылы
34
Сапақкөл ауылдық клубы
Дәуленова Гүлбарам
Сарыбие с/о. Сапақкөл ауылы
35
Саралжын ауылдық клубы
Бисенғалиева Жанат
Саралжын с/о. Саралжын ауылы
36
Шұбарши ауылдық клубы
Оңайбаева
Гүлжан
Көптоғай с/о. Шұбарши ауылы
37
Шиқұдық ауылдық клубы
Лекерова Жайнагүл
Саралжын /со. Шиқұдық ауылы
38
Көсембай ауылдық клубы
Шутенова Гүлшат
Қайыңды с/о. Көсембай ауылы