Мемлекеттік қызметшілердің жағымды сипаты қалыптастыру

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.
Қазақстан Респбликасының мемлекеттік қызметі қоғамдық процестерді реттеуге, мемлекеттің біртұтастығын қамтамасыз етуге және ҚР азаматтарының мүддесін іске асыруға арналған.
Мемлекеттік қызмет үшін имидждің функционалдық және мәртебелік мәні бар. Ол халықтың оған деген сенімінің көрсеткіші және мемлекет жүргізіп отырған басқару қызметтерін қайта құрудың тиімділігін қоғаммен бағалануының өлшемі болып табылады. Ол мемлекеттік органдар әрекеттерінің нақты әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның талаптарына және күтімдеріне сәйкестігінің дәрежесін бекітеді. Осының салдарынан, имидж азаматтардың мемлекеттік билік органдарына қатынасы бойынша мінезінің болашағын айтарлықтай шамада төмендетеді, мемлекеттік қызметті және оны қалыптастыру бағдарламасын қоғамдық қолдау дәрежесін анықтайды. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру осы әлеуметтік институттың тиімді қызмет етуіне және дамуына қажетті жағдай, сонымен қатар мемлекеттік органдар қызметтерінің және мемлекеттік қызмет жүйесінің тиімділігін арттыруға арналған жағдай болып табылады.
Осы уақытта мемлекет мемлекеттік қызметшілердің имиджін көтеру қажеттілігіне қатысты мәселелерге үлкен назар аударып отыр.
Имидж (ағылшынның image сөзінен) – тұлғалардың анықталған тобына эмоционалдық - психологиялық ықпал ететін, мақсатты бағытта қалыптастырылған (тұлғаның, ұйымның, көріністердің) бейне.
Мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыру - ауыр және ұзақ процесс.
Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру процесінің өзі атқарушы биліктің имидждік саясатымен тығыз өзара байланыста. Мемлекеттік қызметшінің оң имиджіне көрінетін негізгі жағдайлар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінде анықталған.
Мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекеттің тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігі мен моралдық-этикалық келбетіне үлкен талаптар қойылады.
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызметші -    мемлекеттiк органда заңдарда белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қаржысынан ақы төленетiн қызметтi атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттiктi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы.
Мемлекеттік қызметшіде жоғары моралдық жауапкершілік, кәсіби білімі, оны іс жүзінде қолдана білу, адалдық, ынталы өмірлік ұстаным болуы, мемлекеттік қызметшінің патриоттық сезімі, моралдық келбеті болуы қажет.
Тәртіпті бұзғаны үшін, соның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасының ережесі) бұзғаны үшін мемлекеттік қызметшілерге «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңының 28 бабына сәйкес мынадай тәртіптік жазаға тарту түрлері қолданылуы мүмкін: ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, қызметке сәйкес еместігі туралы ескерту, атқаратын қызметінен босату.
Айта кететін жайт, этика нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жазаға тартылған мемлекеттік қызметшілер ҚР Үкіметінің 2001 ж.29.08 № 1127 қаулысымен бекітілген, мемлекеттік органдар қызметкерлеріне сыйақы беру ережесіне сәйкес, тәртіптік жазаны өтегенге дейін (6 айдан соң) сыйақы ала алмайды. Бұл этика нормаларын бұзуды болдырмау үшін қосымша шара бола алады.
Осы уақытта барлық мемлекеттік органдар, соның ішінде Ақтөбе облысының қаржы басқармасында этиканы бақылау кітабы ашылды, сенім телефоны орнатылды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің мәтінімен стенді ілінді.
Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру
САҒЫНДЫҚ – ІСІМЕН ҮЛГІ
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғамдық процестерді реттеуге, мемлекеттің біртұтастығын қамтамасыз етуге арналған. Мемлекеттік қызмет үшін имидждің функционалдық және мәртебелік мәне бар. Ол халықтың оған деген сенімінің көрсеткіші. Ал мемлекеттің міндеті мен қызметін іске асырып, орындайтын тұлға ол мемлекеттік қызметші. Мұндай күрделі әрі маңызды салада қызметін абыроймен атқарып жүрген жастарымыз жетерлік.
Солардың бірі болып Сағындық Ысқақов та алғашқы еңбек жолын мемлекеттік қызметтен бастады. Алғашқы күннен бастап аудандық ішкі саясаттың тынымсыз тірлігіне бірден үйреніп, әріптестерімен тез тіл табысып кетті. Оған өзінің ыждаһаттылығы мен тиянақтылығы әлі күнге дейін серік болып келеді. Тапсырманы орындауда қателік жібермеуге тырысып, құжаттарға мұқият болуы мемлекеттік қызметтің жауапкершілігін сезінуі деп білеміз. Ойыл аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы болғанға дейін Сағындық Абзалұлы айналасындағыларға жақсы жағымен көріне білді. Үлкенге құрмет көрсетіп, әрқашан кішіпейілділік танытып, сыйластықты бірінші орынға қоя білді. Осы салада қызмет ете жүріп, Отан алдындағы әскери борышын өтеп келді. Көп ұзамай қызметін қайта жалғастырды. Бір жылдан аса мемлекеттік қызметтен жырақтап келсе де, бұрынғы жолынан жаңылған жоқ. Аз уақыттың ішінде жаман жат әдеттерден бойын аулақ ұстайтын ол мемлекеттік қызметкерлерге тән істермен көрінді. Жұмыс барысында Сағындық лауазымдық міндеттерін тиянақты, уақытында, адал атқарады. Ауданның ішкі саясат саласындағы жұмысын жүргізетін уәкілетті мемлекеттік органның бас маманы ретінде іскер де, шебер ұйымдастырушы. Аудан көлеміндегі мемлекеттік мекеменің басшыларымен, басқа да қоғамдық ұйымдармен, дін өкілдері және жастармен тұрақты тығыз байланыс орнатып, аудандағы қоғадық-саяси ахуалдың тұрақты болуына белсенді жұмыс жасайды.
Ішкі саясат бөлімінің ұлтаралық қатынастар саласындағы жұмысының сындарлы жүзеге асырылуына тұрақты назар аударып отырады. Осы мақсатпен Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстағы атқарушы хатшылығымен бірлесе отырып, ауданды көптеген маңызды шараларды ұйымдастыруға атсалысты. Жыл сайын ұйымдастырылатын мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық спартакиадада аудан намысын қорғап, аудан көлемінде ұйымдастырылытан спорттық шараларға жоғары белсенділікпен қатынасады.
Ағымдағы жылдың 12-13 мамар күндері Қызылорда қаласында ұйымдастырылған аймақтық жас мемлекеттік қызметшілердің слеті өтті. Аталмыш шараға Ақтөбе облысынан 30 жас мемлекеттік қызметші барса, Ойыл ауданының атынан Сағындық қатынасты. Слет аясында ұйымдастырылған қоғамдық-саяси, спорттық іс-шараларға қатынасып, «Дамыған 30 елдің қатарына кіруде жастардың рөлі» атты форумға жоғары белсенділікпен атсалысты.
Осы уақытта мемлекет мемлекеттік қызметшілердің имиджін көтеру қажеттілігіне қатысты мәселелерге үлкен назар аударып отыр. Ал ауданның маңызды саласында жүріп біраз тәжірибелер жинақтаған Сағындық өз біліктілігі мен қабілетін мемлекеттік қызметтің жұмысына арнайды деп сенеміз.
М.Адарбаев,
аудандық ішкі саясат
бөлімінің басшысы.
Мақала 2017 жылғы 23 қарашадағы № 47 «Ойыл» газетіне жарияланды.
Мемлекеттік қызметшінің имиджі
ТӘРТІП ПЕН ТАЗАЛЫҚТЫ ТУ ҚЫЛҒАН ЖІГІТ
Мемлекеттік қызметшінің қағидасы жауапкершілік пен тәртіп десек, соңғысы ел игілігі үшін назардан түспейтін мәселе. Тәртіп бар жерде, қай шаруада нәтижелі болмақ. Халықты игі істерге жұмылдыру мақсатында, жергілікті тұрғындар мен бірлесіп атқарған жұмыстардың үлгісі біздің аудан да бар.
Шалғайдағы Қараой ауылы бүгінгі күні аз уақыттың ішінде жағымды жаңалықтарымен көзге түсіп үлгерді. Ауыл әкімі Сәкен Ғазизұлы сол округтің тізгінін ұстаған сәттен бастап-ақ ең бірінші тәртіпке көңіл бөлді.
Одан кейін ауылдың тазалығын қолға алды. Іскерлік қабілетін тәртіп пен тазалықтан бастап, ауылдың ажарын кіргізуді көздеген оның алғашқы қадамы осылай басталды. Мемлекеттік қызметтің шартын сақтай отырып ауылды көркейтуге бастаған жұмыстар сол ауылда тұратын халықтың көңілінен шықты. «Туған жерге тағзым!» атты акцияны сәтті пайдаланған Сәкен Займолдин ауыл күнін алғашқылардың бірі болып өткізді. Бұл жерде жалпы халықтың ұйымшылдығы, сыйластығы, ауызбіршілігі көрініс тапты.
Әкімдік қызметті тек басқару мақсатында емес, елмен бірге ортақ мәселелерді шешу жолында тер төгіп келе жатқаны мемлекеттік қызметшінің мүддесіне сай әрекеті ауылда тұрақты көзқарасты қалыптастырды.
Ал ауылда жаппай ішімдік сатуға, тіпті орынсыз ішуге де тыйым салуы қоғамдағы дерттің алдын-алудағы ауқымды бастамасы. Бос жүрген жастардың қазір ішімдікті еңбекке алмастырып, уақытын тиімді пайдалануына жол ашқан ауыл әкімінің ісінде әрбір мемлекеттік қызметшінің орындауы тиіс міндеттері жатыр.
С.Нарегеев,
Ойыл селосы
Мақала 2018 жылғы 29 наурыздағы № 13 «Ойыл» газетіне жарияланды.