Жаңалықтар

17.02.2017
Сапар Сағынтаевтың сапары

Аудандық мәдениет үйінде Ойыл жұртымен кездесуге келген Сапар Сағынтаевты алдымен көзкөрген, бірге қызмет жасаған, бұл күнде ауыздарынын ақ тілек ақтарылатын ақсақалдарымыз күтіп алды. Ресмилікті былай ысырып тастап, нағыз қазақылыққа тән жылы жүзбен ұшырасқан олар төс қағысып, құшақтасып амандасты.
16.02.2017
БЖЗҚ-ның әрбір 4-шы салымшысы электрондық хабарлау тәсілін таңдады

Шамамен 2,6 млн. адам (БЖЗҚ-да 10 млн. жеке зейнетақы шотының бар екенін еске саламыз) электрондық хабарлау тәсілін таңдаған, олардың ішінде 2,4 млн. адам Қордың корпоративтік сайты немесе әртүрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы өз зейнетақы шотын бақылай алады. Мысалы, 2016 жылы ұялы қосымшаны жүктеу саны 78%-ға артқан, ал 2017 жылғы 1 қаңтарда жүктеу саны 509,7 мыңға жетті.
2017 жылғы 1 қаңтарда «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы жүйесі салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» қызметі 2015 жылғы ақпанда қолданысқа енгізілген сәттен бастап электрондық үкімет порталы арқылы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан 352 мың үзінді көшірме берілген.
10.02.2017
«ЕҢБЕКПЕН МАЛ ТАБУҒА» ЖАСТАР НЕГЕ ЕНЖАР?

Өткен жұма аудандағы жұмыссыз жүрген жандар үшін өте тиімді болды. Өйткені, бұл күні аудандық мәдениет үйінде бос жұмыс орындарына арналған «жұмыссыздар» жәрмеңкесі өткізілді. Одан кейін аталған шара «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының» іске асырылуы жөніндегі жиналыспен жалғасты.
10.02.2017
Зейнет ақы туралы ақпарат

Зейнет жасына таяп қалған адамдарды, сондай-ақ, зейнетке шыққан зейнеткерлерді зейнетақы есебіндегі жыл сайынғы өзгерістер толғандыратыны сөзсіз.. Сіз үшін бұл қиын ба? Біз сізге осы мәселенің шешімін табуға көмектесеміз. Сол үшін БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін ресімдеу мен алу тәртібіне қатысты ең өзекті сауалдарға берілетін жауаптарды Сіздің назарыңызға ұсынамыз.
09.02.2017
Аудан әкімінің жылдық қорытынды есебі.

Ауданға арнайы іссапармен келген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аудандық мәдениет үйінде аудан әкімінің жылдық есебіне қатысты. Алдымен залдағы ауданның даму көрсеткіштерінен мәлімет беретін, жетістіктері мен жоспарлары шоғырланған көрмені аралады.
06.02.2017
Азаматтарға арналған үкімет көрсететін қызметтер саны тағы 53 қызметке артты

Бүгінде Азаматтарға арналған үкімет арқылы 546 мемлекеттік қызмет қолжетімді. Жаңа қызметтердің басым бөлігін Ауыл шаруашылығы, ұлттық экономика министрліктерінің және ҚР инвестициялар және даму министрлігінің қызметтері құрады.
25.01.2017
2017 жылғы 1 қаңтардағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабарлау

«БЖЗҚ» АҚ 2016 жыл үшін салымшыларға (алушыларға) жыл сайынғы міндетті хабарлау науқанына дайындықты бастады. Жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) жай-күйі туралы ақпарат ақысыз негізде берілетінін, ал ақпарат алу тәсілін салымшының (алушының) өзі белгілейтінін естеріңізге сала кетейік.
24.01.2017
Аудан әкімінің Қараой және Сарбие ауылдық округ тұрғындарының алдындағы есебі

Мемлекет басшысының «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, ауданда ауылдық округ әкімдерінің өткен аптада басталған округке қарасты ауылдарда есеп беру кездесулері осы аптада округ орталықтарында жалғасты.
23.01.2017
АУДАН ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

Апта басында аудан әкімі Бұлбұл Күзембаева аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері алдында есеп берді. Ауданның өткен жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері сараланған жиында келешекке жоспар да түзілді.
23.01.2017
Тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркелу енді eGov.kz арқылы онлайн түрде қолжетімді

Бүгінгі күні Қазақстанның электрондық үкіметі порталында eGov.kz азаматтардың тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркелу қызметі қолжетімді болды.
19.01.2017
Астана мен Алматы қалалары ХҚКО-ларының жүктемелерін енді Азаматтарға арналған үкімет сайтынан көруге болады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Астана мен Алматы қалалары ХҚКО-ларының жүктемелерін бақылау мүмкіндігін жүзеге асырды. Реттеу залы, құжаттандыру және банк кассалары қызметтерінің жүктеме деңгейін көрсететін динамикаға сілтеме мемлекеттік корпорацияның goscorp.kz ресми сайтының басты парағында орналастырылған.
18.01.2017
Енді бала тууына байланысты жәрдемақыны тұрғылықты жеріне байланыстырмай-ақ рәсімдеуге болады

Азаматтарға арналған үкімет қазақстандықтардың уақытын үнемдейтін кезекті пилоттық жобаны іске қосты. Бүгіннен бастап, жас аналар бала тууына байланысты және оның бір жасқа дейінгі күтіміне жәрдемақыны бір облыс ішінде тіркеуіне қарамастан ресімдеуіне болады.
18.01.2017
Субсидиялау басталды

«Ойыл аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі» ММ -і. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес мал шаруашылығын қолдауға берілетін субсидияларды төлеу үшін Ойыл ауданына қатысты ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен өтінімдер қабылдайтынын хабарлайды.
12.01.2017
Ұлан тағы топ жарды

Жуырда интернет желісіндегі «Қазақпарат» сайтында Тәуелсіздік құрдасы, жерлесіміз Ұлан Мұқашевтың Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Астанада өткен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас Қолбасшының жүлдесі үшін өткен турнирдің чемпионы атанғанын естіп, ел болып бір марқайып қалдық.
12.01.2017
ОЙЫЛДАҒЫ ОРАЙЛЫ ШАРУАЛАРДЫҢ ҚОЛДАУШЫСЫ

Кеше Ойыл ауданына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Елеусін Сағындықов келді. Өңірдің бүгінгі тынысымен танысқан сенатор аудан әкімдігінде жұртшылықпен жүздесті.

Беттер