Жаңалықтар

04.08.2017
ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ...

3 тамыз күні аудан әкімі Б.Күзембаева Саралжын ауылдық округіне қарасты Ақкемер елді мекенінде салынып жатқан мектеп құрылысының барысын қарады.
03.08.2017
Қазақстандықтарда дербес менеджер өрсететін қызметтерді пайдалану мүмкіндігітуды

Азаматтарға арналған үкіметтетағы да кезекті пилоттық жоба – Сіздің дербес менеджеріңіз» іскеқосылды. Дербес менеджер қызметін пайдаланған адам түрлі анықтамаларды жинап әуре болмайды, ол жұмысты мемлекеттік корпорацияның қызметкері атқарады. Дербес менеджер мемлекеттік қызметті жеке көрсетеді, қажетті анықтамаларды жинайды, қажет болған жағдайда, банкке де барады, құжаттың телнұсқасын жарамсыз деп тану туралы газетке хабарландыру береді және т.б. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, қазіргі уақытта көптеген қызметтерді алу үшін қажетті құжаттар тізбесі барынша азайтылған. «Алайда, ХҚКО-дан басқа да мекемелерге баруға тура келетін «күрделі» қызметтер бар. Мысалы, автосалоннан несиеге немесе бөліп төлеуге көлік сатыпалған кезде, біздің дербес менеджеріміз өздігінен жылжымалы мүлікке пілін тіркейді, көлікті есепке қояды және қажет болса, барлық дайын құжаттарды үйге жеткізіп береді», - деп түсіндірд іОспанов.
28.07.2017
"КӨКЖАР ҚЫРАНДАРЫ" ЖҮЛДЕЛІ ІІІ ОРЫН ИЕГЕРЛЕРІ...

Акын, сазгер Шыңберген Сүлейменовтың туылған күніне орай ұйымдастырылған Ақтөбе облысы өнерпаздары арасында өткен мини футболдан Ойыл ауданы өнепаздарынан құралған "КӨКЖАР" командасы жүлделі III-ші орынды иеленді.
25.07.2017
АУЫЛ СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ ЖАЗҒЫ АУДАНДЫҚ СПАРТАКИАДАСЫ...

20 шілде күні Саралжын ауылында өткен ауыл спортшыларының жазғы аудандық спартакиадасының қорытындысы бойынша 9 спорт түрінен 133 ұпаймен І орынды Қайыңды ауылдық округі командасы иеленді.
22.07.2017
ФУТБОЛ АЛАҢЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ...

20 шілде күні Саралжын ауылында аудан әкімі Б.Күзембаеваның қатысуымен облыс басшысының "Туған жерге тағзым" акциясы аясында белгілі кәсіпкер, жерлесіміз, "Дина" сауда үйінің директоры Асxат Нұрсұлтанұлы Қабиевтің қолдауымен қазіргі заман талабына сай жасақталған футбол алаңы салтанатты түрде ашылып, пайдалануға берілді. Аталмыш шараға "Ақтөбе-Қазақстан" телеарнасының директоры Ернұр Көшерxанұлы Бураxан қатынасты. Шара ауыл спортшыларының жазғы аудандық спартакиадасымен жалғасын тапты.
21.07.2017
БЖЗҚ туралы 5 сұрақ

Біз дәстүрлі «БЖЗҚ туралы 5 сұрақ» айдарын одан әрі жалғастырамыз. Онда осы айда БЖЗҚ қызметі, зейнетақы жинақтары және жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілдері жайында жиі қойылатын сұрақтар қамтылған.
20.07.2017
АУДАН БАСШЫЛЫҒЫ ЕГІСТІК АЛҚАПТАРЫНДА БОЛДЫ

19 шілде күні аудан басшылығы аудан аумағындағы бірқатар ауылшаруашылығы мақсатындағы егістік алқаптарын аралады. Айта кетсек: Сарбие ауылдық округіне қарасты "Рақым" ШҚ, Қараой ауылдық округіне қарасты "Әділет" ШҚ, "Сатым" өндірістік кооперативінде болып, шаруаның жәй-күйін қарады.
20.07.2017
Қазақстан бойынша 46 ХҚКО-да туу туралы куәлікті 3 сағат ішінде алуға болады

Азаматтық хал актілерін тіркеу, баланың туылуын тіркеу, қайтыс болуды тіркеу, неке бұзуды тіркеу (ерлі-зайыптылықты) секілді қызметтерді енді 3 сағат ішінде алуға болады.
Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен бірлескен пилоттық жобасы айдың басынан басталғанын естеріңізге саламыз. Бұл ретте, азаматтық хал актілерін тіркеуді тек Астананың тұрғындары ғана № 1 Есіл аудандық бөлімнен ала алатын. Енді пилоттық жобаны Е-ХҚКО қағидаты бойынша 10 облыс және Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары пайдалана алады.Жеделдетілген режимде АХАТ бағыты бойынша қызметтерді ресімдеуге болатын ХҚКО-ның толық тізімін https://gov4c.kz/kk/2017/07/20/aza-stan-bojynsha-46-h-ko-da-tuu-turaly-k... алуға болады.
20.07.2017
1 шілдеден бастап қазақстандықтардың зейнетақысы өседі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы зейнетақыны қайта есептеді. 1 шілдеден бастап 2,1 миллионнан астам зейнеткер ұлғайтылған зейнетақы алады. Қазақстандықтардың ынтымақты зейнетақы төлемдері жыл басында 9%-ға арттырылғанын ескере отырып, 11%-ға көбейетін болады. Базалық зейнетақы жыл басында 7%- ға арттырылғанын ескере отырып, 13%- ға өседі. Бұл тапсырысты Мемлекет басшысы 2017 жылғы қаңтар айында Қазақстан халқына Жолдауында берді.
19.07.2017
ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ АУДАНДА...

18 шілде күні Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері А.А.Смағұлов пен Қ.Ə.Қаракен Ойыл ауданына іс-сапармен келді. Іс-сапар барысында депутаттар аудан, ауыл халқының ақсақалдарымен кездесіп, «Қоғамдық қабылдау» өткізді. Одан кейін әлеуметтік нысандарды аралап, аудандық орталық аурухана ұжымымен кездесті.
17.07.2017
БЖЗҚ: қосарлы шоттар қысқартылып жатыр

Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы жүйесі тұңғыш рет 1998 жылы 1 қаңтарда енгізілгені белгілі. Жұмыс істейтін барша қазақстандықтар осы айдан бастап жинақтаушы зейнетақы қорларындағы өздерінің жеке зейнетақы шоттарына айлық жалақыларының 10 пайызын міндетті түрде аудара бастады.
Сонымен қатар, олар ерікті зейнетақы жарналарын да аудару құқығына ие болды.
Ал техникалық шоттар, яғни сұраусыз қалған шоттар осы алғашқы жылдары-ақ пайда бола бастады. Неге? Әңгімені әріден бастайық.
1998 жылдан бастап Қазақстанда «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы мен бірқатар мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары құрылды. Бұл жерде егер жұмыскер қандай да бір жеке зейнетақы қорымен шарт жасаспаған болса, жұмыс беруші оның міндетті зейнетақы жарналарын автоматты түрде Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға тиісті болды. Яғни, аталмыш Қор 1997 жылғы 20 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР заңының талаптарына сәйкес салымшымен қағаз жүзінде шарт жасаспай-ақ, яғни «үнсіз келісім бойынша» оның міндетті зейнетақы жарналарын қабылдауға міндеттенді. Басқа мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларына мұндай міндеттеме жүктелген жоқ.
17.07.2017
Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекет тарапынан кепілдік берілген

Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша бірегей мемлекеттік кепілдік моделі жұмыс істейді. Осы моделге сәйкес «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 5-бабы негізінде зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған шақта инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (МКЗЖ) жеке зейнетақы шотында жатқан зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі есептеледі.
17.07.2017
Ерікті зейнетақы жарналары

Бүгінде Қазақстанның зейнетақы жүйесі үш деңгейден тұратыны белгілі. Оның құрамындағы ортақ және жинақтаушы зейнетақы құрамдауыштары өзара оңтайлы үйлестірілген.
Бірінші деңгей – бұл ортақ зейнетақы жүйесі. Онда зейнетақы төлемдері мемлекеттік бюджеттен жұмыс істеуші азаматтардың салық аударымдары және басқа да түсімдер есебінен жүзеге асырылады. Бұл зейнетақы екі құрамдауыштан тұрады. Бірі – мемлекеттік базалық зейнетақы. Ол барлық зейнеткерге еңбек өтіліне немесе айлық табысына қарамастан өмір бойына тағайындалады. Екіншісі – еңбек өтіліне қарай төленетін жасына байланысты зейнетақы. Мұнда 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі ескеріледі. Бұл ретте еңбек өтілі алты айдан кем болмауы тиіс.
15.07.2017
ТҮЛЕКТЕР ТАРТУ ЕТКЕН ИГІ ІС

Облыс басшысы Б.Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған "Туған жерге тағзым" акциясы аясында биыл мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған Сарбие ауылдық округінің мектеп түлектері ауылдың көркейіп, өркендеуіне өз үлестерін қосу мақсатында ауыл тұрғындарына арнап шағын футбол алаңын салып берді.
14.07.2017
Көшпелі отырыс

14 шілде күні Сарбие ауылында аудан әкімі Б.Күзембаеваның төрағалығымен жастар саясаты мен патриоттық тәрбие беру жөніндегі Кеңестің кезекті көшпелі отырысы өтті.

Беттер