Жаңалықтар

13.02.2013
Аудан әкімінің есептік кездесулері

2013 жылғы 5-8 ақпан аралығында ауылдық округ орталықтарында, 12 ақпанда аудан орталығында аудан әкімі М.Е.Абдуллин тұрғындармен есептік кездесулерін өткізді.
Ауылдық округ орталығындағы аудан әкімінің есептік кездесулеріне облыс әкімінің өкілдері облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшылары А.Елбосынов, А.Купенов қатынасты.
09.02.2013
Қар үстіндегі футбол

«Нұр Отан» ХДП-сы Ойыл аудандық филиалының ұйымдастыруымен аудан мекемелері арасында қар үстіндегі футболдан жарыс өткізілді. Жарысқа аудандағы мекемелерден 17 команда қатынасты. Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімі М.Абдуллин құттықтау сөз сөйледі.
24.01.2013
Облыстық ақпараттық насихаттау тобының сапары

Ауданда Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын насихаттау мақсатында ақпараттық насихаттау тобы келді.
18.01.2013
Ауылдық округ әкімдерінің есебі

2013 жылғы 14-17 қаңтар аралығында ауылдық округ әкімдері тұрғындармен есептік кездесулерін өтткізді. Есептік кездесулерге аудан әкімінің өкілдері қатынасты. Есептік кездесуде ауыл тұрғындарынан қабылданған 24 мәселе бойынша іс шаралар жоспары жасақталды.
04.01.2013
2012 жыл қорытындысы бойынша марапатталды

2012 жылғы 29 желтоқсанда аудандық мәдениет үйінде өткізілген мерекекелік шарада аудан әкімі М.Абдуллин тұрғындарын келе жатқан 2013 Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ауданның әлеуметтік–экономикалық,мәдени дамуына үлес қосқан белсенділерді марапаттады
31.12.2012
Аудан әкімінің балаларға арналған жаңа жылдық шыршасы

2013 жаңа жыл қарсаңында аудандық мәдениет үйінде аудан әкімінің балаларға арналған дәстүрлі жаңа жылдық шыршасы ұйымдастырылды.
31.12.2012
Қаракемер елді мекенінде жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді

2013 жаңа жыл қарсаңында жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді.
26.12.2012
Аудан активі өткізілді

2012 жылғы 25 желтоқсанда аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы ««Қазақстан-2050» стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» аты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылау жөнінде аудан активі өткізілді.
24.12.2012
35 жастан асқан спортшылар арасындағы жарыс

2012 жылғы 22 желтоқсанда аудан орталығындағы спорттық кешенде мекемелер арасында 35 жастан асқан жұмысшы-қызметшілер арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды.
Жарысты аудан әкімінің орынбасары А.Қазыбаев ашты.
17.12.2012
Жаңа медициналық пункт ғимараты пайдалануға берілді.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында жалпы сметалық құны 14,3 млн. теңгені құрайтын Көптоғай ауылдық округінің Амангелді елді мекенінде жаңа медициналық пункт ғимараты пайдалануға берілді.
17.12.2012
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 21 жылдығы

2012 жылғы 14 желтоқсанда аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған салтанатты мерекелік жиын болды.
10.12.2012
Ұстазға тағзым мен құрмет

Ойыл орыс орта мектебіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйекте №1205 қаулысымен 1980-1985 жылдары Ойыл орыс орта мектебінің директорлық қызметін абыройлы атқарған, Қазақстан Республикасының халықтық білім берудің үздігі Шәрбану Бекмухамбетованың есімі берілген болатын
04.12.2012
Ойылға жұмыс сапармен Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты Елеусін Сағындықов келді

2012 жылғы 22 қарашада Ойылға жұмыс сапармен Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты Елеусін Сағындықов келді. Ойыл үшін орны бөлек ағаны ойылдықтар қашанда ыстық ықыласпен қарсы алады. Кездесуде сенатор Ойылға деген сағынышын аудан үшін бірнеше жағымды жаңалықтармен таныстырды .
03.12.2012
СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

2012 жылғы 1 желтоқсанда аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорттық кешенінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне арналған мемлекеттік қызметшілер арасындағы аудандық спартакиада болып өтті.
30.11.2012
Жастар форумы

1 желтоқсан - Президент күніне орай ауданда «Біз Елбасымен біргеміз!» атты аудан жастарының форумы өтті. Ауданның барлық селолық округтерінен жиналған жастардың форумына аудан әкімі М.Абдуллин қатысты.

Беттер