Жаңалықтар

15.06.2017
Медицина қызметкерлері күні

Кеше аудандық мәдениет үйінде медицина саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай адам денсаулығына араша түсетін ақ халаттыларға арналған «Құтты болсын мейрамың,асыл жандар!» атты мерекелік шара өтті.
08.06.2017
МӘМС шеңберінде аударымдар мен жарналарды қабылдау үшін ағымдағы шот ашылды

Осы жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Барлық жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер, адвокаттар мен жеке нотариустер өздері үшін және өз қызметкерлері үшін аударымдар мен жарналарды Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударатын болады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жеке сәйкестендіру нөмірлері базасында аударымдар мен жарналарды есептеу және оларды Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударатын операторы болып белгіленді.
06.06.2017
Шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу

Алматы, Қазақстан.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ/Қор) ақпараттық арналарына жиі келіп түсетін сұрақтардың бірі – шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу (ТТК).
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес
Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, кету фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.
05.06.2017
2017 жылғы 1 мамырдағы БЖЗҚ негізгі көрсеткіштеріне қысқаша шолу

Алматы, Қазақстан. 2017 жылдың 4 айы ішінде зейнетақы жинақтарының таза инвестициялық табысы 92,2 млрд теңгені құрады.
2017 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,93 трлн. теңге болды және өткен жылмен салыстырғанда (2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 6,69 трлн теңге болған) 240 млрд теңгеге өсті.
01.06.2017
БАЛАЛАРДЫҢ БАЗАРЛЫҒЫ МОЛ БОЛДЫ

Маусымның алғашқы күні балаларды қорғау күні. Бұл мерекені ауданымызда жыл сайын кең көлемде атап келеді. Сол күні аяғы шыққан балаларын жетектеп село тұрғындары орталық саябаққа қарай ағылды. Себебі онда бүлдіршіндерге арналған қызықты концерт, жаздық ойынға арналған ертегі әлеміндегі үйшіктер мен әткеншектер, ән-билер дайындалды.
30.05.2017
Қазақстанның перзентханаларында баланың туылуы бойыншамиллион композиттік қызметтердің төрттен бір бөлігінен астамы көрсетілді

Пилоттық жоба іске қосылған сәттен бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қазақстанның перзентханалары мен перинаталдық орталықтарында баланың туылуы бойынша 260 мынан аса мемлекеттік қызметтерді көрсеткен. Олардың ішінде шамамен 122 мың қызмет - бала тууды тіркеу бойынша, шамамен 50 мыңы - бала туу және оның күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау, 21 мыңнан астамы - әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына, атап айтқанда баланың бір жасқа дейінгі күтімі бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау, сондай-ақ 67 мыңнан астам жаңа туылған нәрестелер балабақшаға кезекке қойылды.
26.05.2017
«БЖЗҚ» АҚ басшылығы жауап береді...

Таяуда, ағымдағы жылдың сәуір айында «БЖЗҚ» АҚ ресми сайтында «Басқарма төрайымының блогы» жаңа сервисі іске қосылды. Енді сол арқылы кез келген ниет білдіруші азамат Қордың бірінші басшысына Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен БЖЗҚ қызметі жайында тікелей сұрақ қоя алады. Сонымен қатар сайт пайдаланушыларына Блог парақшасында ресми жауап қайтарылған сұрақтар мұрағатымен танысуға мүмкіндік берілген. Біздің редакция осы Блогта жарияланған, ең жиі қойылатын 5 сұрақты оқырмандар назарына ұсынуды ұйғарды.
БЖЗҚ-ның зейнетақы жинақтарын инвестицияламайтынын оқыдым, сонда зейнетақы активтерін кім басқарады?
25.05.2017
СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ ҮНІ САРАЛЖЫН МЕКТЕБІНІҢ 33 ТҮЛЕГІН ҰШЫРДЫ

25 мамыр күні Ә.Дербісәлин атындағы Саралжын орта мектебінде соңғы қоңырау үні 152 оқушыны жазғы каникулға жіберсе, 33 түлек үшін соңғы рет соғылды. Салтанатты жиынға қатысқан аудан әкімі Бұлбұл Күзембаева саралжындық түлектерге жаңа өмірге сәт-сапар тілеп, ізгі лебіздерін жолдады.
23.05.2017
САРЫП - ЖОЙЫЛМАСА ҚАУІП!

Алдыңғы күні аудан әкімі Бұлбұл Күзембаеваның елді-мекендерді аралау сапары елуге жуық түтіні бар Екпеталда жалғасты.
376 тұрғыны бар шағын ауылда шаруа қожалығын ашып, кәсіппен айналысам деушілер биылғы жылдың еншісінде еш тіркелмеген. Мемлекеттік бағдарламаларға қатысу нәтижесі бойынша да серпіліс байқалмайды. Әр шаңырақтағы бір-бір адамның үкіметтің жұмысынан үлесі бар. Олай дейтініміз, іргедегі ауылдың тұрғындары мектеп, балабақша ұйымдарын айтпағанның өзінде көптеген азамат «Ойыл орман шаруашылығында» ойып тұрып орын алған. Осында тынымсыз тер төгіп, өлшеусіз еңбек етіп келеді.
22.05.2017
Мәдениеттің марапаты мол

Аптаның алғашқы күні еліміздің мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Ұлт мәдениетімен мәңгілік» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Ауданымыздың өнер және мәдениет саласында қызмет етіп жүрген ұзым қызметкерлері сап құрып орталық саябаққа дейін шеру жасады. Салтанатты шеруде мәдениет туралы мәйекті сөздер жазылған плакаттар ұстап, қазақтың барлық саз аспаптарын іске қосып өлеңдер айтылды.
18.05.2017
«БЖЗҚ» АҚ-ның 2016 жылғы және 2017 жылдың 1 ширегіндегі қызметінің қорытындылары

Алматы, Қазақстан – БЖЗҚ-нда 2016 жылғы зейнетақы және өзіндік активтері бойынша қаржылық есептілігіне сыртқы аудит жүргізілді. Тәуелсіз аудиторлық компанияның қорытындысына сәйкес, зейнетақы активтері бойынша қаржылық есептілік қолданыстағы барлық аспекттерде «Зейнетақы активтері бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу мен ашып көрсету» қаржылық есептілік стандартына сәйкестікті расталған. Бұл зейнетақы актвитерінің сақталуын, олардың есебінің дұрыстығын, зейнетақы активтері инвестицияланған қаржылық құралдардың әділ құнын бағалау дұрыстығын дәлелдейді.
15.05.2017
Жұмыспен қамту орталығының жұмыскерлері ХҚКО кеңес береді

Ағымдағы жылдың наурызынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің 17 бөлімінде, әлеуметтік бағыттағы мемлекеттік қызметті көрсететін аумақтық жұмыспен қамту орталығының жұмыскерлері қызмет жасайды.
12.05.2017
Жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау

Оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) білім беру ұйымына тәуелсіз, оқыту сапасына мониторинг түрлерінің бірі болып табылады.
ОЖСБ жүргізудің мақсаты:
- білім беру қызметтерінің сапасын бағалау;
- білім алушылардың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін айқындау.
ОЖСБ:
- бастауыш мектепте – оқу жетістіктерін мониторингтеу мақсатында іріктеліп;
- негізгі мектепте – оқу жетістіктерін мониторингтеу және оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау мақсатында іріктеліп;
- жалпы орта мектепте – оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау мақсатында мақсатында іріктеліп жүргізіледі.
09.05.2017
АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Бүгін 9 мамыр Ұлы Отан соғысына 72 жыл толды. Жеңіс күніне арналған мерекелік шара салтанатты шерумен басталды. Оған тыл, еңбек ардагерлері, мекеме басшылары, мектеп оқушылары және село тұрғындары қатынасты. Аудандық мәдениет үйінен басталған шеру орталық саябаққа дейін жалғасты. Сол жерде аудандық қорғаныс істері бөлімінің ұжымы далалық әскери асханасын ұйымдастырып, ас мәзірін көпшілікке ұсынды.
08.05.2017
МАҢЫЗДЫ МЕРЕКЕНІҢ МЕРЕЙІ

7 мамыр – Тәуелсіз Қазақстанның ең маңызды мерекелерінің бірі. Яғни, осыдан тура 25 жыл бұрын Қазақстан Республикасның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық Қарулы Күштерін құру туралы өкімге қол қойды. Демек, бұл күн еліміздің айбыны асқақ әскерінің құрылған күні. 2012 жылдың 19 қазанында мемлекеттік мерекелер тізбесіне енгізілген өзгерістер негізінде бұл күн төрт жыл бұрын шынайы мерекелік сипатқа ие болды.

Беттер