Жаңалықтар

10.09.2014
Денсаулық фестивалі

Өткен сенбі күні аудан орталығының тұрғындары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығы атындағы саябақ алдына жиналып, жаттығулар жасап, шынықты.
Ойылда «Денсаулық фестивалі-2014» акциясын ұйымдастыру жыл сайын дәстүрге айналып келеді
02.09.2014
АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ

Ауданымыз бойынша жаңа 2014-2015 оқу жылын 3 мыңнан астам оқушымен 24 жалпы білім беретін, 2 мектептен тыс білім беру қосынымен басталады.
Бүгінгі таңда ауданда 13 орта, 8 негізгі және 3 бастауыш мектебі қызмет жасауда. Барлық білім беру ұжымдары дайындықтарын пысықтап жаңа оқу жылына есіктерін айқара ашқалы отыр.
01.09.2014
30-тамыз Конституция күніне арналған мерекелік

30-тамыз Конституция күні аудан орталығында салтанатты түрде аталып өтті.
Мәдениет үйінде өткен шара аудандық мәслихат хатшысы Берік Бисекеновтің құттықтау сөзімен ашылды.
01.09.2014
Мерекелік жәрмеңке

Жылдағы дәстүрмен күзгі жәрмеңке биылда 30 тамыз күні басталды. Яғни, Конституция күні Ойылдың Шернияз және Б.Жолмырзаев көшелерінің қиылысы қайнаған базарға айналды. Халықтың сұранысына орай жәрмеңкеге негізінен мал азығы ұсынылды. Көптоғай ауылдық округінен келген «Жұмырбай» шаруа қожалығының арзан көкөністері мен бақша өнімдері , Қайыңдыдан келген «Тұрар» шаруа қожалығының қымызы, Қараталдан келген балық тұрғындар сұранысына ие болды.
27.08.2014
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ

Жыл сайынғы ұстаздардың бас қосатын тамыз мәслихаты биыл аптаның алғашқы күнінде мәдениет үйінде өтті. Ұстаздар кеңесіне аудан әкімі мен орынбасары, ауыл әкімдері және мекеме басшылары қатысты. Сонымен қатар ардагер ұстаздарда кеңестің құрметті мейманы ретінде шақырылды.
25.08.2014
2014 жылдың 12-23 тамыз аралығында ауданның ауылдық округтерінде «Ауыл күні» ұйымдастырылып өткізілді.

Сарбие ауылдық округінде ұйымдастырылған «Ауыл күніне» аудан әкімінің орынбасары Ш.Тлеумағамбетов бастаған барлық бөлім басшылары барып, қабылдау жүргізді. Сонымен қатар, Ойылдан барған педиатр және психолог мамандар басы ауырып, балтыры сыздап жүрген сарбиеліктерді қабылдап, кешке дейін қызмет етті.
Көптогай ауылдық клубында «Ауыл күнінің» ашылуы болды. Аудан әкімінің орынбасары Шоқан Тлеумағамбетов тұрғындармен кездесуде атаулы күннің мақсатымен, және осыған орай өтетін негізгі іс-шаралармен таныстырып өтті. Одан кейін әр мекеме басшылары мен мамандары қоғамдық қабылдау өткізді. Түске дейін ауыл ортасындағы саябақта мерекелік концерт болып, бағдарламаға сай іс шаралар өтті.
Саралжында өткен «Ауыл күнінде» көптің көңіліне ой салса, Қайыңды селолық округінде жалғасқан «Ауыл күніне» жиналған халық аз болмады. Бірін ауыз су мәселесі толғандырса, бірін жол мәселесі толғандырды. "Ауыл күні" білім бөлімінің басшысы Саян Сүлейменов «Балдәурен» балабақшасының жаңа басшысын таныстырды. Ауыл күні Қараой селолық округінде де жалғасын тапты. Ауылдық клубта өткен жиында әр мекеме басшылары қоғамдық қабылдау өткізді. Ауылдың әлеуметтік мәселелерін шешуге, өтініш-тілектерін тыңдауға барған сала басшылары мен мамандары бір күндерін жетікөлдіктерге арнады. Ауыл күні аясында «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып, Қараой мектеп-балабақшасында аз қамтылған отбасылардың оқушыларына киім-кешек, оқуға қажетті құралдар таратылды.
Берсиев атындағы ауылдық округінде өткен ауыл күні жақсы ұйымдастырылған. Аудан әкімінің орынбасары Ш.Тлеумағанбетов Ойы-Қаратал автокөлік жол мәселесінің шешілуі жөнінде айтты. Жергілікті азамат Болат Сағатовтың сапаржайы салтанатты түрде ашылып, аудан әкімінің орынбасары лентасын қиды. Содан кейін ауылдық клубта «Туған жерге - туың тік!» атты кәсіпкерлермен кездесу барысында жергілікті ақын, сазгер Жолдыбай Айтқұловтың 65 жылдығына арналған әдеби танымдық кеш өтті.
13.08.2014
ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН ОЙЫНШЫҚТАР

Тәуелсіздіктің 20 жылдығы атындағы саябақтан орын тепкен атракционның ашылу салтанаты өткізілді. Жаңадан алынған карусель, батут, мотоцикл, ролик, машиналар бүлдіршіндерге ақылы қызмет ететін болады.
08.08.2014
Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі тыңдалды.

Өткен аптада аудандық мәслихаттың кезекті жиырма төртінші сессиясы өтті. Сесияның жалпы отырысында аудан әкімінің осы жылдың 1-ші жартыжылдығында өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы аудандық мәслихат депутаттары алдында есебі тыңдалды. Бұл туралы аудан әкімі Мавр Абдуллин баяндама жасады.
07.08.2014
АУДАННЫҢ АРНАУЛЫ САЛАЛАРЫН ЖҰМЫЛДЫРДЫ

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жұмыс жоспарына сәйкес кешенді оқу-жаттығу өткізілді. Жаттығу барысында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қаупі төнгенде оның салдарын жоюға азаматтық қорғаныс мемлекеттік жүйесінің аудандық кіші жүйесінің басқару органдарының дайындық дәрежесі, қызметтерінің дайындығы пысықталды.
03.07.2014
КУБОК ТАҒЫ ДА ҚАЙЫҢДЫДА

Биыл аудандық спартакиада Қараой ауылдық округінде өтті. Спартакиаданың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Асқар Қазыбаев пен аудандық мәслихат хатшысы Берік Бисекенов сөз сөйлеп спортшыларға сәттілік тіледі. 7 спорт түрі бойынша өткен жарысқа 7 команда, 291 спортшы қатынасты.

23.06.2014
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІ

23 маусымда аудан орталығында «Патриоттық тәрбие беру орталығы» ғимаратында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күніне салтанатты жиналыс ұйымдастырылып өткізілді. Салтанатты жиын Мемлекеттік әнұран орындалып ашылды. Салтанатты жиында аудан әкімінің іссапарда болуына байланысты аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Тұрғамбековтың «Елбасымен бекітілген мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің тұжырымдамасы негізінде мемлекеттік қызметті реформалаудың және жаңғырту, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруды одан әрі жетілдіру мәселелері туралы» баяндамасы тыңдалды.

19.06.2014
Қанат облыстың үздік механизаторы

Өткен аптада ауданымызда «Ойыл аграрлық колледжінде «Механизатор кәсібінің үздігі» облыстық байқауы өтті.Байқаудың ашылу салтанатында облыстық білім басқармасының басшысының орынбасары Р.Бегімбетов , аудан әкімі М.Абдуллин сайыскерлерге сәттілік тілеп сөз сөйледі.

18.06.2014
Жастар марапатталды

Кеше «Ойыл патриоттық тәрбие беру орталығында» өткен оқу жылы ішінде әртүрлі деңгейдегі білім, өнер байқауларында жетістіктерге қол жеткізіп, ауданның ғана емес, облыстың, қала берді еліміздің абыройын асқақтатқан жастарды марапаттады. Биылдан бастап қолға алынған шараны аудан әкімі Мавр Абдуллин құттықтау лебізімен ашты.

12.06.2014
Денсаулық акциясы

Аптаның өткен бейсенбісінде бүкілдүниежүзілік медицина қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында "Тәуелсіздіктің 20 жылдығы" атындағы саябақта "Рахмет, саған дәрігер" атты денсаулық акциясы өтті. Акцияның ашылу салтанатында Ойыл аудандық аурухананың бас дәрігері Рүстем Исаев пен бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Сәндібек Нұрбаев сөз сөйледі.

29.05.2014
Соңғы қоңырау

2013-2014 оқу жылын аудан бойынша 24 мектепті (13 орта мектеп, 8 негізгі мектеп, 3 бастауыш мектеп) -3233 оқушы аяқтап отыр. Оқу жылын -724 оқушы үздік аяқтап отыр. Бұл барлық оқушылардың -22,4 %. 879 оқушы екпінділер қатарында. Яғни, барлық оқушылардың -27,2 %.

Беттер