Жаңалықтар

10.04.2014

08.04.2014
САЛАУАТТЫ ӨМІРДІ НАСИХАТТАДЫ

7 сәуір - Ұлттық денсаулық күніне орай Ойыл аудандық ауруханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің бастамасымен «Жас Отан» жастар қанатының және аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудан жастарының шеруі өткізілді.

29.03.2014
Мүмкіндігі шектеулі адам шет қалмайды !

Сәрсенбі күні Ойыл патриоттық тәрбие беру орталығында аудан әкімі Мавр Абдуллин мен аудан прокуроры Нұрдаулет Сұлтановтың қатысуымен аудандағы мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесу өтті. Оған бірқатар мекеме басшылары, қоғамдық бірлестік өкілдері және мүгедек жандар мен олардың қамқоршысы, ата-аналары шақырылды.

26.03.2014
Ойылдағы Наурыз мерекесі


Ағымдағы жылғы 22 наурызда аудан орталығындағы «Қазақстанның Тәуелсіздігіне 20 жыл» саябағы алаңында Наурыз мерекесі тойланды.

14.03.2014
Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына - 25 жыл

Ойыл патриоттық тәрбие беру орталығында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 25 жыл толуына арналған «Мен Отаныма қызмет етемін!» атты әскери-патриоттық кеш болып өтті.

11.03.2014
МЕРЕКЕЛІК СЫЙ ӘН-ЖЫРМЕН ӨРІЛДІ

Халықаралық әйелдер күніне арналған мереке аудандық мәдениет үйінде аталып өтті. Сол күні селодағы әйел аналар әр мекеме ұжымы дайындаған сыйлықтарға ие болды.

28.02.2014
«Мәңгілік Ел» идеясын қолдауға арналған аудандық Форум өткізілді.

2014 жылғы 27 ақпанда «Шұғыла» патриоттық тәрбие беру орталығы ғимаратында облысымыздың басқа барлық аудандарымен бірге бір мезгілге белгіленген Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан х

31.12.2013
Облыс әкімінің ауданға сапары

Жаңа жыл қарсаңында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов ауданымызға арнайы сапармен келді.

30.12.2013
2013 жыл қорытындысы

2013 жылғы 30 желтоқсанда аудандық мәдениет үйінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын 2013 жылғы қорытындылау жөнінде мерекелік жиын өткізілді.

25.11.2013
Қысқы кезеңге дайындық барысы

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын- алудың және оларды жоюдың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру, алдағы қысқы кезеңде басқару органдарын, күштер мен құралдарды дайындау мақсатында 2013 жылы 21 қ

18.11.2013
Ауданға жұмыс сапармен облыс әкімдігінің басшылары келді

2013 жылғы 15 қарашада жұмыс сапармен келген Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысы К.В.Петров, оның орынбасары Ғ. Кенжебаев, облыс әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар жөніндегі бөлімінің меңгерушісі С.Г.Беккер, облыс әкімі аппаратының бас инспекторы, Ойыл ауданының жетекшісі Р.М.Омарова және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының басшысы Н.Б.Сүйінбаев ауданның Саралжын, Ойыл, Ш.Берсиев атындағы және Көптоғай ауылдық округі әкімі аппараттарында әкімшілік реформалардың жүзеге асырылу барысы мен мекемелердің материалдық-техникалық базасын жақсарту, кадрлармен қамтамасыз ету және тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарымен танысып, ауылдық округ әкімдерінің жұмысына оң баға берді.
11.11.2013
«Ақтөбеэнергоснаб» ЖШС-нің жаңа ғимараты

2013 жылғы 8 қарашада селомыздың орталық көшелерінің бірінде «Ақтөбеэнергоснаб» ЖШС-нің Ойыл ауданы бойынша бөлімшесіне жаңа ғимарат пайдалануға берілді. Жолмырзаев көшесіндегі жаңа ғимараттың ашылу салтанатына арнайы қатысқан аудан әкімінің орынбасары Асқар Қазыбаев пен «Ақтөбеэнергоснаб» ЖШС-нің директорының өнім өткізу бойынша орынбасары Саят Кенжебаев ұжым мүшелерін құттықтап, лентасын қиды.
08.11.2013
Ақын-журналистермен кездесу

Жақында есімдері облыстың қалың оқырмандарына жақсы таныс айтыскер ақын Нұрлыбек Қалауов, Алмат Пангереев және республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Сатыбалды Сәуірбаевтар биыл алпыс жастың асқарына шықты.
Бір жылда Ойыл топырағында дүниеге келген, өмірлік жолдары да бір салаға тоғысып, алпыстың асқарына бірге жеткен олардың мерейтойлары өткен аптада аудандық мәдениет үйінде аталып өтті.
05.11.2013
Ауданға «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының өкілдері келді

2013 жылғы 4 қарашада ауданға жұмыссапармен «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХҮ съезінің шешімдерін түсіндіру және насихаттау жөніндегі облыстық жұмысшы тобы топ жетекшісі «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының төрағасының орынбасары Н.С.Ағниязов, облыстық филиалының бөлім меңгерушілері К.Еспағамбетов, Д.Т.Байжанов, А.М.Сахиев, Д.Ә.Лаукенов және аудан өңірінен сайланған облыстық мәслихат депутаты Т.М.Салфиков келді.
28.10.2013
Айтыс

2013 жылғы 1 қарашада аудандық Мәдениет үйінде ХIХ ғасырдың соңғы ширегінде Батыс Қазақстандағы ірі орталыққа айналған және халықтық мәдениетті дамытуда зор бетбұрыс туғызған Көкжар жәрмеңкесін насихаттауға арналған «Ұлы Жібек жолымен жаңғырған-Көкжар жәрмеңкесі» атты облыстық ақындар айтысы өтті. Қара қылды қақ жарып, турашылдықты алға тартып, бәйгенің әділ қазылар алқасының төрағасы жергілікті айтыскер ақын Нұрлыбек Қалауов, мүшелері ақын сазгер Жолдыбай Айтқұлов, Ақтөбе облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының бөлім басшысы Ләйлә Омарова, ұзақ жылдар мәдениет саласында «Ойыл халық театрының» режиссер қызметін атқарған, мәдениет қайраткері Амангелді Жұманов пен аудан әкімі аппаратының қызметкері Болат Бақтыгереевтер төрелік етті.

Беттер