Жаңалықтар

23.10.2014
ОЙЫЛҒА ГАЗ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Ойылға газ құбырын тарту бойынша тендерге тігілген қаржыны жеңіп алған «Оксибилд» ЖШС-і жуырда жұмысты бастап кетті.
Өткен сенбіде аудан әкімі Мавр Абдуллин бастаған топ жалпы жобалық құны 3 336 842 мың теңге тұратын Ойыл селосына жеткізілетін газ құбырының құрылысы барысымен танысты.
15.10.2014
ҚҰРБАН АЙТ – ШАПАҒАТТЫ КҮН

Құрбан айт күні Ойыл орталық мешітіне жиналғандарды аудан әкімі Мавр Абдуллин құттықтады.
Одан кейін айт намазы мен құрбандық шалудың мән-мағынасын аудан имамы Ескендір Датқабаев түсіндіріп барып Айт намазын оқыды.
13.10.2014
Аудан әкімдігінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді.

Ойыл аудандық әкімдігінің жаңа ғимаратының есігі өткен дүйсенбі күні ашылып, өз жұмысын бастап кетті. Құрылысы 250 млн. теңгені құраған жаңа ғимараттың іші мен сырты қазіргі заман талабына сай жасақталған. Төменгі қабатта әртүрлі бөлімдер, екінші қабатта аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат мамандары орналасса, аудан басшысының қабылдау бөлмесі 3-ші қабатта. Сондай-ақ, 3-ші қабатта кіші және үлкен мәжіліс залдары бар.
08.10.2014
Еркін сұхбат алаңы

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ұйытқы болуымен қыркүйек айының орта шенінде «Мәңгілік ел – кемел келешек!» велошеруі - жастардың саяси қатысқан жастар «Нұр Отан» партиясы Ойыл аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Мавр Абдуллинмен еркін сұхбат алаңында кездесті.
06.10.2014
МҰҒАЛІМДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК САЛТАНАТ

Аудандық мәдениет үйінде өткен салтанатты шараны аудан әкімі Мавр Абдуллин құттықтау лебізімен ашып, 12 мұғалімге өз атынан алғыс хат табыстады.
02.10.2014
ҚАРТТАР МЕРЕКЕСІ

1 қазанда жыл сайынғы қалыптасқан дәстүрге сәйкес аудандағы барлық мекеме-кәсіпорындарда қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың үйлеріне арнайы сыйлықтары апарып берілді.
29.09.2014
«ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНДА ЖАҢҒЫРҒАН КӨКЖАР ЖӘРМЕҢКЕСІ»

Осындай атпен ұйымдастырылған республикалық деңгейдегі этнофестиваль өткен сәрсенбі күні түстен кейін басталды. Көкжар жеріне сонау Алматыдан атақты «Құрманғазы» оркестрі келіп, тойдың тұсауын кесті. Құрамында 58 адамы бар оркестр Ойылдың аспанын күймен кернеп, әнге бөледі.
23.09.2014
ҚАРАОЙДА ЖАҢА АМБУЛАТОРИЯ ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ойыл ауданы - Елбасының «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасының игілігін көрген алғашқылардың бірі.
Алдымен аудан орталығында жаңа үлгідегі аурухана бой көтерсе, кейіннен бірнеше ауылда амбулаториялардың құрылысы қарқынды жүрді. Биыл да жалғасын тапқан бағдарламаның шапағаты ауданның ең шалғайелді мекені – Қараой ауылына тиді.
22.09.2014
ЕСТЕРТКІШ-ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ

Ауданды басқарып соғыстан кейінгі жылдары халықтың дәулетін арттырып, ауылдың сәулетін қалыптастырған Серікбай Төлеубаевтың ұйымдастырушылық шеберлігі аудан халқының есінен кеткен емес.
Серікбай ақсақалдың ауданды басқарған уақытта қызмет еткен ғимараты – Ойыл селосындағы қазіргі, жуырда ғана күрделі жөндеуден өткен интернат үйінің қабырғасына ескерткіш-тақта орнатылды.
17.09.2014
ВЕЛОМАРАФОН - САЛАУАТТЫ ӨМІР МЕН ДОСТЫҚТЫҢ ҮЛГІСІ

Жуырда «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы , Қобда аудандық филиалымен бірлесіп «Жастар – Отанға» партиялық жобасы аясында «Мәңгілік Ел – кемел келешек» атты жастардың велошеруі – саяси акциясын ұйымдастырды. Ойылдан басталған екі күндік велошеру 145 шақырымға созылды. Ойыл – Қобда тас жолын бетке алған жастарға Ойылдағы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы атындағы саябақта» аудан әкімі Мавр Абдуллин сәт-сапар тілесе, ауданның белсенді жастары замандастарына қолдау көрсетіп, ауылдың сыртына шығарып салды.
10.09.2014
Денсаулық фестивалі

Өткен сенбі күні аудан орталығының тұрғындары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығы атындағы саябақ алдына жиналып, жаттығулар жасап, шынықты.
Ойылда «Денсаулық фестивалі-2014» акциясын ұйымдастыру жыл сайын дәстүрге айналып келеді
02.09.2014
АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ

Ауданымыз бойынша жаңа 2014-2015 оқу жылын 3 мыңнан астам оқушымен 24 жалпы білім беретін, 2 мектептен тыс білім беру қосынымен басталады.
Бүгінгі таңда ауданда 13 орта, 8 негізгі және 3 бастауыш мектебі қызмет жасауда. Барлық білім беру ұжымдары дайындықтарын пысықтап жаңа оқу жылына есіктерін айқара ашқалы отыр.
01.09.2014
30-тамыз Конституция күніне арналған мерекелік

30-тамыз Конституция күні аудан орталығында салтанатты түрде аталып өтті.
Мәдениет үйінде өткен шара аудандық мәслихат хатшысы Берік Бисекеновтің құттықтау сөзімен ашылды.
01.09.2014
Мерекелік жәрмеңке

Жылдағы дәстүрмен күзгі жәрмеңке биылда 30 тамыз күні басталды. Яғни, Конституция күні Ойылдың Шернияз және Б.Жолмырзаев көшелерінің қиылысы қайнаған базарға айналды. Халықтың сұранысына орай жәрмеңкеге негізінен мал азығы ұсынылды. Көптоғай ауылдық округінен келген «Жұмырбай» шаруа қожалығының арзан көкөністері мен бақша өнімдері , Қайыңдыдан келген «Тұрар» шаруа қожалығының қымызы, Қараталдан келген балық тұрғындар сұранысына ие болды.
27.08.2014
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ

Жыл сайынғы ұстаздардың бас қосатын тамыз мәслихаты биыл аптаның алғашқы күнінде мәдениет үйінде өтті. Ұстаздар кеңесіне аудан әкімі мен орынбасары, ауыл әкімдері және мекеме басшылары қатысты. Сонымен қатар ардагер ұстаздарда кеңестің құрметті мейманы ретінде шақырылды.

Беттер