Жаңалықтар

19.11.2015
Арзан өнім ұсынғанЖәрмеңкесі Ойылдың...

Ауыл шаруашылығы экономикамыздың еңселі саласы. Өйткені ата-кәсібіміз арғымақты жаратып, жал-құйрығын таратудан бастау алады. Жазы жайлауда, қысы қыстақта мал бағудың қыр-сырын қанымызға сіңіріп, қазақ даласын қора-қора малға толтырып ғана қоймай, мәңгілік елге бастау алып келеміз. Қазіргі таңда еліміз мал тұқымын асылдандыру ісіне де ерекше назар аударуда.
17.11.2015
«Мұрағаттық анықтаманы беру»

Сіздің үйіңізде құжаттар салынған қаңылтыр қорабы бар ма? Тозған және сарғайған, жаңалау және ең қажетті құжаттар –олар сақталулары қажет. Олардың ішінде біреуінің қажет болып қалуын,ешкім білмейді. Егер Сіз кенеттен құжаттарыңызды жоғалтып алсаңыз, құжаттың бар болуын тек қана, ХҚКО-нан мұрағаттық анықтаманы алу арқылы дәлелдей аласыз.
16.11.2015
Дербес кредиттік есепті ХҚКО-дағы бөлімшелерден алуға болады

Біраз уақыттан бері қазақстандықтардың өмірін несиелік тарих сүйемелдеп келеді. Өзіңіздің несиелік тарихыңызды білгіңіз келе ме?! Ол үшін Сіз кредит алған банкке барудың қажеті жоқ. Өткен жылдың аяғынан бастап ХҚКО-да «Дербес несиелік есеп» қызметі жүргізіле бастады.
12.11.2015
БАЙҚАУ ТӘЖІРИБЕНІ ҰШТАЙДЫ

Алдыңғы күні аудандық білім бөлімінің ұйытқы болуымен Көптоғай ауылдық округіндегі «Айгөлек» балабақшасында «Жыл тәрбиешісі - 2015» атты аудандық байқауы болып өтті.
12.11.2015
ҮШ ЖАҚТЫҢ ҮЛЕСІЕҢБЕК РЫНОГЫНДАҒЫ ЕРТЕҢНІҢ ЕНШІСІ

Өткен сейсенбі күні «2013-2015 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу бойынша аудандық үш жақты комиссияның» кезекті отырысы өтті.
06.11.2015
ОЙЫЛДАҒЫ ОҢДЫ ІСТЕР

Ағымдағы жылғы 31 қазанда облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапармен ауданда болды.Сапар барысында ауданның алты елді-мекенінде болған аймақ басшысы мектептерді аралады, асыл тұқымды мал өсіретін шаруа қожалықтары басшыларымен кездесті. «Тамдыкөл» суландыру жүйесінің жайымен танысып, аудан орталығындағы әлеуметтік нысандарда және шағын кәсіпкерлік субъектісінде болды.
26.10.2015
20 ЖЫЛДЫҢ ЖЕМІСІ

Адам өмірінің қай кезеңін алып қарасақ та, өрт сөндіру қызметі оңай шаруа емес. Себебі бұл сала белсенділік пен жауапкершілікті, ерлікті талап етеді. Адам өміріне қауіп төнген қиын сәттерде оның өмірін аман алып қалу батылдық пен шапшаңдыққа байланысты. Сондықтан, олар бейбіт күннің батырлары деген атқа толықтай лайық десек артық айтқан болмас.
26.10.2015
ҮЛКЕН ДОДАНЫҢ БАСПАЛДАҒЫ

Қазақ күресі сонау ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан ұлттық спорттың бір саласы. Той-думан, мереке кездерінде білекті де, белді палуандар қазақ күресінің бар кереметтерін көрсетіп, бүгінгі күнге дейін бәз қалпында сақтап келеді.
22.10.2015
«БӘРІМІЗ БІРДЕЙМІЗ, КЕМСІТУДІ БІЛМЕЙМІЗ!»

Осындай атпен өткен сенбіде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мәдени шара өтті. Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап, арнайы концерттік бағдарламасын ұсынды. Алғаш болып сөз алған аудан әкімінің орынбасары Асқар Қазыбаев мүмкіндігі шектеулі жандарды мерекелерімен құттықтап, оларға көрсетілген жұмыстарға тоқталып өтті.
16.10.2015
БАР ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ҚАЖЕТІБІР ОРЫННАН ТАБЫЛАДЫ

Жуырда аудан орталығында жеке кәсіпкер Берік Берекеновтің жаңа құрылыс дүкенінің ашылу салтанаты өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Шоқан Тлеумағанбетов пен аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ақмарал Есбатырова және бірқатар мекеме басшылары, аудан тұрғындары қатынасып ізгі тілектерін білдірді
13.10.2015
Call-орталық

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанында сот органдарының бірыңғай байланыс орталығы (Call-орталық) бар, ол арқылы халыққа қала телефондарынан 1401 қысқа нөміріне тегін, мобильді нөмірлерден 8-7172-71-00-00 нөмері арқылы түрде хабарласып, республика бойынша сот органдары қызметінің барлық мәселері бойынша жүгіну және кеңес алу мүмкіндігі берілген.
12.10.2015
Ұстаздар қандай құрметке де лайық

Ұстаздық өте жауапты мамандық екені баршамызға мәлім. Ол, мектептің де, қоғамның да, ғылымның да, білімнің де, ұлттың да, адамгершілік пен ерліктің де, тіпті жақсы мінезбен ақындықтың да нағыз жанды өкілі. Сондықтан әрбір адам үшін ұстаз ұғымы аса қадірлі болмақ.
12.10.2015
ҚАРТЫ БАР ЕЛДІҢ – ҚАЗЫНАСЫ БАР

Үлкенге құрмет, кішіге ізет қылу қанымызға сіңген қазақы қасиет іспетті. Қариясын қазына санайтын халық шежіресінің тарихы тереңде. Қазақ атамыз «Төріңнен қарт кетпесін» деп бекер айтпаса керек. Жасы үлкенге құрмет көрсету біздің ата-дәстүріміз. Осындай тамаша дәстүр сан ғасырдан жойылмай, бабалар салтымен бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып келеді.
30.09.2015
БАЙҚАУДЫҢ МӘРЕСІ МЕРЕКЕГЕ ҰЛАСТЫ

Елімізде алғашқы «Тіл туралы Заң» 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданды. Кейін уақыт талабымен 1997 жылы 11 шілде де толықтырылды. Бірақ, еліміздің барлық өңірінде «Тіл күні» мерекесі жыл сайын қыркүйекте тойланып келеді.
29.09.2015
ЖӘРМЕҢКЕГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

Әр демалыс сайын Астанада әр облыстың күндері өтіп, ауылшарушылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып келеді. Алдағы демалыс - Ақтөбе облысының күндері. Облыстың кәсіпкерлері қатарында ойылдықтар да бар. Олар негізінен Астана тұрғындарына «жесең тісіңе кіретін, жемесең түсіңе кіретін» Ойылдың етін ұсынбақ. Тарқатып айтсақ, 1,500 кг сиыр еті, 600 кг жылқы еті, 300 кг қой еті және 250 кг тары-талқан, 40 кг құрт өнімдері Астананың сөрелерінде сатылмақ. Яғни, Ойылдың жеті кәсіпкері Астанаға жол тартты.

Беттер