Жаңалықтар

21.01.2016
Ақтөбе қаласының ХҚКО-да инвесторларға қызмет көрсету секторы жұмыс жасай бастады.

Қазіргі таңда «ХҚКО» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының № 1 қалалық бөлімі ғимаратында инвесторларға қызмет көрсету секторы жұмыс жасай бастады. 2016 жылдың қаңтар айынан бастап аталған жоба еліміздің 19 ХҚКО-да жүргізіліп келеді, атап айтатын болсақ, Астана, Алматы және облыс орталықтарында.
18.01.2016
ХАБАРЛАНДЫРУ

«Ойыл аудандық ауыл шаруашылығы және ветеренария бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министирлігінің 2014 жылғы 19 қарашадағы №3-1/600 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашалағының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес мал шаруашылығын қолдауға берілетін субсидияларды төлеу үшін Ойыл ауданына қатысты ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен өтінімдер қабылданатынын хабарлайды.
14.01.2016
КӨШЕДЕГІ ЖОЛ БЕЛГІСІ КІМ ҮШІН ҚОЙЫЛҒАН?

«Өзбек байыса там салады, қазақ байыса қатын алады» деген мақал ертеректе айтылса керек. Одан бері ғасыр алмасып, заман өзгерді ғой. Бүгінгі қазақ байыса көлік ауыстырады. Ал бай болмаса да, бір-бір мәшине мінуге «әркімнің-ақ бар ынтасы». Қазіргі күні темір тұлпарды тақымға қысу таңсық емес.
14.01.2016
ҚАРТТАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСТАРДЫҢ ҮЛГІСІ

Биылғы қыстың алғашқы айы желтоқсанның ызғырығы көп соқпаса да, жайлы деуге болмасы анық. Өйткені, соңғы күндергі соққан алайда-дүлей ақ боран ұлпа қарды ысырып соққан бұрқасын ауламызды ақ күміске толтырды. Соның салдарынан аудандағы бірқатар қарияларымыз қамқорлық көмекке қол созды.
14.01.2016
АЛҒАШҚЫ КӨМЕК АРДАГЕР ҰСТАЗҒА АРНАЛДЫ

Жуырда Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясы «25 қайырымдылық шара» аясында орыс мектебінде 30 жылдай ұстаздық еткен Рязанцева Вера Николаевнаның үйінде «Қамқорлық» акциясын ұйымдастырған болатын.
05.01.2016
Тілекпен өрілген мереке

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Тәуелсіздіктің 20 жылдығы атындағы мәдениет және демалыс орталығында аудандағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мерекелік думанды кеш болып өтті.
28.12.2015
ЖАҢА ҚЫЗМЕТТІҢ ЖҮГІ Жан-жақты түсіндірілді

Қазақстан Президенті 12 қараша күні қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті полиция қызметінің жұмысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына сәйкес 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап еліміздің барлық өңірлерінде жергілікті полиция қызметі өз жұмысына кірісетін болады.
28.12.2015
Балалар күткен мереке

Жұма күні аудан мектептеріндегі оқу озаттары мен аз қамтылған отбасы және қамқоршы-қорғаншылықтағы балаларға арналған аудан әкімінің шыршасы өткізілді.
21.12.2015
ТӘУЕЛСІЗДІК-ҰЛТТЫҚ ӨРЛЕУДІҢ ҰЛЫ КӨШІ

Тәуелсіздік күні қарсаңында аудандық мәдениет үйінде осындай мерекелік кеш өтті. Алдымен аудан әкімінің орынбасары Асқар Қазыбаев ұлық мерекеміздің сан ғасырлық тарихынан сыр шертіп, баяндама жасады.
21.12.2015
Бірлігі мықты ел бәрін жеңеді

«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылау мен түсіндіру мақсатында өткен аптада ауданға келген облыстық ақпараттық-насихаттық топтың мүшелері облыстық дін істер басқармасының басшысы Бауыржан Есмахан мен Қазақстан Республикасы Бейбітшілік және келісім кеңесі қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе филиалының төрағасы Келдібай Еспағамбетов Ш.Берсиев атындағы ауылдық округ тұрғындарымен кездесті.
21.12.2015
БЕЛСЕНДІ БУЫННЫҢ БЕЛЕСІ

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Мемлекеттік жастар саясаты» қазақ жастарына еліміздің толыққанды азамат болуына барынша жағдай жасауы тиіс; тәуелсіз қазақ елінің жастары жеке басының, жақындарының және өз Отанының барлық белестерді бағындыра алатындай белсенді болуы қажет, - деп атап көрсеткен болатын.
10.12.2015
Төрт мерекенің тоғысы

Өткен жексенбіде аудандық мәдениет үйінде келер жылғы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік!» атты облыстық эстафетасы болып өтті.
10.12.2015
ХҚКО-ларда салық органдары қызметтерінің тізбесі артты

ХҚКО-лар салық органдарының бағыты бойынша пилоттық режимде тағы да 8 қызметті көрсетуді бастады. Бұған дейін ХҚКО-лар аталған ведомствоның 17 қызметін ұсынған болатын. Енді қызметтер тізбесі кеңейтілді және Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ХҚКО-ға берген қызметтер саны 25-ке келіп жетті. Атап айтсақ, енді ХҚКО-ларға салық төлеушілерді тіркеу, салық төлеушіні тіркеу есебіне алу, ҚР-дағы көздерден алынған кірістер сомасы және ұсталынған (төленген) салықтар туралы анықтама, сондай-ақ ҚР резиденттігін растау және т.б. үшін жүгінуге болады.
03.12.2015
ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ52 АДАМНЫҢ КӨРГЕН ІЗГІЛІГІ

Жуырда Ойыл аудандық мүгедектер қоғамы Тұңғыш Президент күніне орай аудандағы мүмкіндігі шектеулі ер азаматтардың шашын тегін қиып беру қайырымдылық акциясын өткізді.
19.11.2015
Қарыштай бер, алтын теңге!

Жуырда 15 қараша Ұлттық теңге күніне орай Тәуелсіздіктің 20 жылдығы атындағы мәдениет және демалыс орталығында «Қарыштай бер, алтын теңге!» атты қаржыгерлер мен есепшілер фестивалі өтті.

Беттер