Жаңалықтар

17.01.2018
Хабарландыру

«Ойыл аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ -і. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 14 шілдедегі № 295 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес мал шаруашылығын қолдауға берілетін субсидияларды төлеу үшін Ойыл ауданына қатысты ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен өтінімдер қабылдайтынын хабарлайды.
Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады. 8(71332)2-15-51, Ойыл селосы, Көкжар көшесі №69, 2 қабат 218 кабинет.
16.01.2018
Қарттық шақ қазыналы болсын десеңіз...

Адам баласы негізі мектеп жасына дейін және зейнеткерлікке шыққаннан кейін еркіндеу өмір сүреді екен. Одан басқа кезең әрине қарбалас тірлікке толы: мектепке барады, университетте оқиды, жұмыс істейді. Енді мектеп қабырғасында көңіл сүйген өнермен айналысуға мүмкіндік бар (спорт, музыка, би, сурет салу) деп айтуға болады. Студенттік жылдары да сүйікті ісіңмен айналысуға уақыт табылады. Бірақ, жұмыста басқа тірлікке мойын бұруға уақыт табу қиын. Адам бұл кезеңде өзі үшін емес, әйелі, бала-шағасы үшін өмір сүреді. Сананы тұрмыс билейді: «Үй салсам екен, сол үйде бала-шағам аман болып, қарындары тоқ, уайымдары жоқ болып, қатарынан қалмай өмір сүрсе екен», - деп тілейсің. Оның үстіне ата-анаңды, туған-туыстарыңды, дос-жарандарыңды, әріптестеріңді ұмытуға болмайды. Абыройыңды сақтай отырып, барлығымен лайықты қарым-қатынас жасағың келеді. Қолыңнан келсе, қамқор болуға, қолдау көрсетуге дайынсың. Ал өзіңе қарауға, тіпті уақтысында лайықты емделіп алуға да уақыт табылмай жатады. Бітпейтін күнделікті қу тіршілік өзіңді ұмыттырып жібереді... Ал демалыс күндері жаның қалайтын іспен айналысуға уақыт анда-санда табылса табылар, табылмаса ол да жоқ. Осылай өмір шіркін «Сіз бен бізге білінбей» өте береді, өте береді. Сөйтіп жүргенде шашқа ақ кіреді, бел ауырып, балтыр сыздай бастайды... Ал көңілдегі армандар қол жетпес сағымдай болып қала береді.
15.01.2018
ХАБАРЛАНДЫРУ

Ойыл ауданы тұрғындарына діни қатынастар саласында консультациялық және тәжірибелік көмек көрсету жөнінде «Ойыл аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ-де «Қауырт желі» қызмет етеді. Осыған байланысты туындаған сұрақтар бойынша Ойыл аудандық ішкі саясат бөлімінің 2- 11-53 телефонына хабарласуға болады. «Ойыл аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ
15.01.2018
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Астанада цифрлық және миграциялық ХҚКО ресми түрде ашылды
Бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев, ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев және миграциялық қызмет комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов, Астана қаласы ІІД басшысы Марат Қожаевтың қатысуымен миграциялық және цифрлық халыққа қызмет көрсету орталықтарының ресми ашылу салтанаты өтті.
12.01.2018
ХАБАРЛАНДЫРУ

2018 жылға бекітілген Ойыл ауданының ауылдық округтерінде өтетін халыққа есеп беру кездесуінің Ойыл ауылында өтетін есептік кездесу күні төмендегідей болып өзгерді.
Аудан
қантар
25
бейсенбі
29
дүйсенбі
Ойыл ауданы
Ойыл ауылы, аудандық Мәдениет үйі, сағ.15-00
Ойыл ауданы әкімінің аппараты
11.01.2018
«5 сауал» атты дәстүрлі айдарымызды жалғастыра отырып, сіздердің назарларыңызға келесі ақпаратты ұсынамыз

1.Салымшы (алушы) ЖЗШ-ның жай-күйі туралы ақпаратты қандай жиілікпен ала алады?
БЖЗҚ салымшыға (алушыға) оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты кем дегенде жылына бір рет, сондай-ақ оның сұрауы бойынша кез-келген күні, төлемақы ұстамай, яғни тегін беруі тиіс. Сонымен қатар, оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа электрондық және басқа да хабарландыру әдістеріне қолжетімділігін қамтамасыз етуге міндетті.
05.01.2018
«Азаматтарға арналған үкіметтің» төрағасы бірінші «проактивті» балаға туу туралы куәлік табыс етті

Мемлекеттік қызметтерді проактивті принцип бойынша алған алғашқы қазақстандық Астана қаласының тұрғыны Роза Айнабекова болды. Оның нәрестесі Айымға туу туралы куәлігін мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов табыс етті.
04.01.2018
Бүгін қазақстандықтар алғашқы рет мемлекеттік қызметке проактивті тәсілмен қол жеткізді

Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірге бала туған ата-аналарға көрсетілетін қызметтердің проактивті әдісі бойынша пилоттық жобаны іске қосты.
Енді ақпараттық жүйелердің бірігуінің арқасында жаңа туған азаматты тіркеу бойынша өтініш автоматты түрде келетін болады. Бала өмірге келісімен оның ата-анасына SMS-хабарлама арқылы құттықтау келіп, сәбиді тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті алу ұсынысы жасалады.
Электрондық үкімет порталы барлық мәліметтерді түрлі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен жинап, ал өзге деректерді SMS хабарлама арқылы ата-анадан сұрайды.
04.01.2018
Салық төлеушілер назарына!!!

Барлығыңызды семинарға қатысуға шақырамыз
Ойыл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы келесі ақпаратты жеткізеді, 2018 жылғы 18 қаңтарда сағат 09.00 де (тіркелу уақыты 08.30-09.00) ҚР Қаржы министрілігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру жөнінде келесі бағдарлама бойынша семинар өткізеді:
1. Жаңа Салық кодексінде салық саясаты;
2. Жаңа Салық кодексіндегі салықтық әкімшілендіру;
3. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу. Денгейлес мониторинг;
4. Арнайы салық режімдерін жетілдіру;
5. ҚҚС қайтаруды әкімшілендіруді жетілдіру. ҚҚС бойынша бақылау шоты;
6. Үзіліс, кофе-брейк;
7. Сұрақ-жауаптарды талдау.
Семинардың өткізетін орны: Ақтөбе қаласы А.Молдағұлова пр. 34 үй, «Студенттер сарайы» Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті. Байланыс телефондары: 8(7132)21-34-59, 21-27-21. 87778007066.
28.12.2017
Мобильді ХҚКО-ның сапарға шығу кестесі

Мобильді ХҚКО-ның сапарға шығу кестесі
28.12.2017
Аудан тұрғындарының назарына

Құрметті аудан тұрғындары, 2018 жылдың бірінші қаңтарынан бастап жаңа форматтағы Атаулы әлеуметтік көмек енгізілуіне байланысты тұрғындардан құжаттар қабылдау басталады.
Қабылдау орындары: Ойыл селолық округі әкімдігінің №301 кабинетінде (мәжіліс залы) және ауылдық оруг әкімдіктерінің ғимараттарында.
Құжат қабылдау 3 қаңтардан басталады.
21.12.2017
Аудан тұрғындарының назарына

22 желтоқсан күні сағат 9:00-12:00 аралығында "Нұр Отан" партиясы Ойыл аудандық филиалының ғимаратында облыс әкімінің орынбасары Биахметов Асқар Сақтағанұлы жеке және заңды тұлғаларға қабылдау өткізеді.
15.12.2017
Жеке куәлікті және шетелге шығу төлқұжатын қалай алуға болады?

Жеке куәлікті және шетелге шығу төлқұжатын беру бойынша мемлекеттік қызмет ең көп талап етілетін қызметтердің бірі. Ағымдағы жылдың 11 ай ішінде 1418050 жеке куәлік және шетелге шығу төлқұжаты берілді.
Көрсетілген құжаттарды алу үшін азамат міндетті түрде келесідей қадамдарды атқару қажет:
12.12.2017
Жемқорлыққа қарсы күрескерлер «Азаматтарға арналған үкіметтің» басқарма төрағасын марапаттады

Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні «Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-форум» қоғамдық бірлестігі қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдар, сондай-ақ БАҚ өкілдерін «Қоғамдық құрмет-2017» ұлттық сыйлығымен марапаттаудыңVрәсімін өткізді.
07.12.2017
2018 жылы күшіне енетін зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер туралы

Зейнетақы жүйесі – әлеуметтік тақырып. Ол халықтың барлық әлеуметтік топтарын қамтиды. Сондықтан зейнетақы заңнамасындағы өзгерістердің мән-мағынасын Қазақстан Республикасының әрбір азаматына жеткізу өте маңызды.
2018 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасын ұлғайту және базалық зейнетақыны есептеуге қатысты өзгерістер күшіне енеді.

Беттер