Жаңалықтар

07.12.2017
2018 жылы күшіне енетін зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер туралы

Зейнетақы жүйесі – әлеуметтік тақырып. Ол халықтың барлық әлеуметтік топтарын қамтиды. Сондықтан зейнетақы заңнамасындағы өзгерістердің мән-мағынасын Қазақстан Республикасының әрбір азаматына жеткізу өте маңызды.
2018 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасын ұлғайту және базалық зейнетақыны есептеуге қатысты өзгерістер күшіне енеді.
06.12.2017
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдаламасын іске асыру

Ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында аудан әкімі аппаратының бастамасымен «Азаматтарға арнарған үкімет» мемлекеттік корпорация қызметкерлері және аудандық білім бөліміне қарасты мектептердің информатика пәні мұғалімдері арасында онлайн мемлекеттік қызметтерді көрсету мүмкіндіктерін кеңейту, оның ішінде «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу дағдыларын интерактивті үйрету бойынша кең ауқымды жұмыстар жүргізіліп, қызметтерді үйден шықпай – ақ алу мақсатында азаматтарға толық ақпарат берілді.
04.12.2017
ӨҢІР БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАСЫ БОЙЫНША...

Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев орынбасарларына аудандарда өздері жетекшілік ететін сұрақтар бойынша азаматтарға көшпелі қабылдау өткізуге тапсырма берген болатын. Осы орайда 2 желтоқсан күні облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллин «Нұр Отан» партиясы Ойыл аудандық филиалының ғимаратында жеке және заңды тұлғаларға жеке қабылдау өткізді.
01.12.2017
1 ЖЕЛТОҚСАН -ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ ДЗЮДОДАН ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ ТУРНИР ӨТТІ...

1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде дзюдодан "Ойыл кубогы" Облыстық ашық турнирі өтті.
01.12.2017
"ЕЛІН СҮЙГЕН, ЕЛІ СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ"...

1 желтоқсан күні Тұңғыш Президент күніне орай аудандық мәдениет үйінде "Елін сүйген, елі сүйген Елбасы" атты мәдени шара өтті. Шара барысында сөз алған аудан әкімі Бұлбұл Күзембаева барша аудан тұрғындарын атаулы мерекемен құттықтап, өз саласында жетістіктерге жетіп жүрген қызметкерлерге мерекелік марапаттарын табыстады.
01.12.2017
1 ЖЕЛТОҚСАН - ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ 15 ҮЙДІҢ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ...

Мереке күні аудандық мәдениет үйінде аудан басшысының қатынасуымен "Елін сүйген, елі сүйген Елбасы" атты мәдени шара өтті.
30.11.2017
Кең таралған 10 мемлекеттік қызмет

Қазіргі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офистері мен бэк-офистері арқылы барлық мемлекеттік қызметтердің 83% көрсетіледі. Олардың қайсысы жоғары сұранысқа ие?
30.11.2017
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ЖӨНІНДЕГІ АУДАНДЫҚ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ...

Аудан басшысы Бұлбұл Күзембаеваның төрағалығымен мемлекеттік рәміздер жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы өтіп, КҮН ТӘРТІБІНДЕ төмендегідей мәселелер қаралып, талқыланды:
30.11.2017
АУДАН ӘКІМДІГІ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ...

30 қараша күні аудан әкімі Б.Күзембаеваның төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өтті.
28.11.2017
АУДАН КҮНДЕРІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ӨТТІ...

27.11.2017
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА АУДАНДЫҚ СПАРТАКИАДА ӨТТІ...

Аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған мемлекеттік қызметшілер арасында аудандық спартакиада өтіп, спартакиада бағдарламасы бойынша аудандық әкімшілік командасы І орынға ие болды . Аталмыш шараға аудан бойынша 4 команда қатынасқан болатын.
27.11.2017
Аудан әкімі аппаратының бастамасымен жүргізілген жұмыстар

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы – «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» Департаментінің Ойыл аудандық бөлімшесі Қазақстан Республикасында Заңнамалық және құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
24.11.2017
"ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚҰҚЫЛЫ"....

24 қараша күні аудандық орталық ауруxа ұжымымен Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінің жоғары сынып оқушылары арасында ЖИТС-тің алдын алу мақсатында "Денсаулыққа құқылы" тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды. Оқушыларға ақпараттық оқу материалдары таратылып, видеороликтер көрсетілді.
22.11.2017
Аудан әкімі аппаратының бастамасымен жүргізілген жұмыстар

Ағымдағы жылдың 21 қарашасында Саралжын селолық округінде Аудан әкімі аппараты және ХҚКО бірлесе отырып Егов-порталына кіру мемлекеттік қызметтерді алу жолдарын үйрету, ЭЦҚ алу, түрлі анықтамалар алу жолдары түсіндірілді.
22.11.2017
ЖАНЫ САУДЫҢ-ТӘНІ САУ!!!

21 қараша күні мейірбикелер арасында "Коммуникативті дағдыларды қалыптастыру", "Стрессті жеңу" жолдарын көрсету мақсатында аудандық орталық аурухана психологтары психологиялық тренинг ұйымдастырды.

Беттер